СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы

Задание:

Шығармаларды түсініп оқыңыз. Екі мәтінді кесте бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін — Мен перінің қызымын. Сізге сырттай ғашық болып жүргеніме көп болды. Қасыңызға жолай алмадым. Жан дүниеңіз таза болғандықтан сізді үнемі періштелер қалқалап жүреді. Жолығудың амалын таппағасын аждаһа кейпіне еніп, ауылыңа шаптым. Ескі құдықты таңдағаным… Еліңізге жаныңыз ашып, жетіп келеріңізді сезгем. Қылышыңызды көтеріп шабуға ұмтылғаныңызда жанарыңыздан шашылған отқа шыдай алмай, көзімнен жас шығып кетті. Сіз аяғандықтан өлтірмей, басыма ақ құйып жібердіңіз. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз, — деп, мұңайған қыз сөйлеуден тоқтап, көз жасын сүртті. — Енді не болмақ? – деді Жанқожа қызықсынып. — Енді бүкіл өміріңіз қылыш ұстап еліңіздің жауларымен айқасумен өтеді. Адалдығыңыз басым. Жау өзі килікпесе, ешкімге ұрынбайсыз. Еліңізді арманыңыздағы іргелі елге айналдырасыз.
Жанқожа алдыңғы екі аяғын көкке көтере кісінеген атының тізгінін босатыңқырап, «шүу» деді. Торы ат күншығысты бетке алып, жүйтки жөнелді… http://adebiportal.kz 2-мәтін
2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған. Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдығында каланған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. https://szh.kz/10061/qazaqstannynh-enh-koene-qalalary/

Решение:

1-мәтін:

Мәтін түрі: лирикалық шығарма

Мәтін тақырыбы(не тұралы?): Пері қызы мен Жанқожа бала тұрады

Негізгі идеясы(не үшін жазылған?): Махаббаттың күші мен оған жетудегі батыл қадамдар

Мақсатты аудиториясы(кімге арналған?): әдебиеттік шығарма сүйер оқырмандар

Стилі: пуьлицистикалық

2-мәтін:

Мәтін түрі: Тараз қаласының тарихы жайлы мәлімет беретін

Мәтін тақырыбы(не тұралы?): Тараз тарихы

Негізгі идеясы(не үшін жазылған?): Тараз қаласының тарихы мен құрылу барысы

Мақсатты аудиториясы(кімге арналған?): Қала тұрғындары

Стилі: ресми-публицистикалық