СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы
НазадҚазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы
Задание:
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
— Сын есімнің жай шырайы қалай жасалады? — Сын есімнің салыстырмалы шырайы қалай жасалады? — Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады? — Сын есімнің асырмалы шырайы қалай жасалады?
Решение:
Жай шырай: шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Салыстырмалы шырай: аналитикалық тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырай: Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.