СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Спорт және денсаулық күтімі
НазадСпорт және денсаулық күтімі
Задание:
Өлеңді түсініп оқыңыз. Денсаулық, спорт туралы мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол — тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол — күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Қара айнаға, көресің Өзіңді – адам денесін. Қол — аяғың, басың бар, Бұған кеуде қосылар — Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің — Құрылысың бұл ішкі.
Сымбат — мүсін дегенің Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.
Решение:
Спорт — денсаулық пен таза тәннің кепілі. Біздің елде спорт пен денешынықтыру мәдениетінің берік және ертедегі дәстүрлері кеңінен қамтылған. Денешынықтыру мәдениеті өзіндік ұлттық тарихи дамудағы барлық жолдарын жоғалтпады. Жарыстар мен әртүрлі ойындар, денешынықтыру жаттығуларының ұлттық түрлерінің өсуі мен сақталуын және олардың жаңаша туылуына, ұлттық жаңа түрдегі мәдениетінің сақтаушысы халық болды. Мерекелерде дене шынықтыру мәдениетінің ұлттық түрі айқын көрініп отырды. Біздің отанымыздың түкпір-түкпіріндегі ұлттық мерекелер бұл тек ойын-сауық ретінде емес ол әрине спорт жарыстары ретінде мерекеленеді. Әрбір халық өздерінің ұлттық мәдениетіне спорт қазынасын ең жақын жағынан ендірді. Жарыстарды ойындарды және дәстүрлі спорт мерекелерін, жаңаша толтыру мен ұлттық спорттық ойын-сауықтардың түрлерін тапсырылуын советтік спорт мәдениеті жоғары көрсетті. Мысалы, аса айшықталған якуттардың «испах» деп аталатын көктемгі мерекесінде ұлттық дәстүр колоритін сақтай отырып спортты ұлттық мерекеге айналыдып, музыка мен поэзияларын ұштастыра отырып өзіндік сәнді киімдермен біріктірілген спорт ұлттық түрлерін жастар- өздерінің ойнау шеберліктерінде демонстрациялап жеңіл атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен командалық ойындар жарыстары бойынша айшықтай көрсетеді. Осылай денешынықтыру мәдениеті сен спорттық жарқын көрінісі қазіргі кезге дейін мерекеленіп отыратын болды. Бүкілодақтың физкултурашыларға арнау және спартакияда мен физкултурашылар парадына айналып аталып келеді