СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Спорт және денсаулық күтімі
НазадСпорт және денсаулық күтімі
Задание:
Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіннен топтау сан есімдерін табыңыз.
1.Топтау сан есімі дегеніміз не? 2.Топтау сан есімнің сұрақтарын атаңыз? 3.Топтау сан есімдері қалай жасалады? 4.Топтау сан есімдеріне мысалдар келтіріңіз.
«Теңге ілу» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі-екіден топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарымен шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.
Решение:
- Топтау сан есім заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан т. б.), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден т. б.), косарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) т. б. қолданылады - Нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді
- Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады
- Жиырма бестен, жүз елуден, екі-екіден
Топтау сан есімдер: екі-екіден, жеке-жеке, он-оннан