СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Спорт және денсаулық күтімі
НазадСпорт және денсаулық күтімі
Задание:
Топтау сан есімдерін қатыстырып, «Мен сүйетін спорт түрі» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. Үлгі: Күнделікті өмірде спортты сүйетін жан өте көп. Сонда спорт дегеніміз не өзі? Ол — адам денсаулығының кепілі екенін бәрі біледі. «Тәні саудың, жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер спорттың қадірін біледі. Ол — ең алдымен бәсеке. Үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге баулиды. Тоқтап қалмауға, ізденуге үйретеді. Ең бастысы спорт — бейбіт бәсеке. Ол — саясат. Ол —бейбітшілік елшісі. Елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын да анық байқататын спорт. Ол — ғылым. Топ алдында сайысқа түсуге бел байласаң жемісті жүлдеден үміт күтесің. Ол — әрине өнер. Дене еңбегі мен ой кеңістігін қатар кажет ететін спорт биік өнердің бір түрі. Ол — тәрбие құралы. Жас ұрпақ жүрегіне отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші.
Решение:
Әр адамның сүйікті дене шынықтыру жаттығулары мен жақсы көретін спорт түрі болады. Физикалық шектеулердің болуына байланысты сол сүйікті ісімен айналыса алмайтындар көп. Дегенмен, өте жақсы жанкүйер бола алады. Бұның өзі профессионалды спортшыларға үлкен көмек. Спорт адамның денсаулығын жақсартады. Менің сүйікті спорт түрім ол волейбол және баскетбол ойындары. Кейде футболмен де қызығып ойнап кетемін. Осы спорт түрлері маған өте қызықты көрінеді. Достарыммен бос уақытта баскетбол волейбол және футбол ойындарын ойнаймыз. Осы спорт түрлері менің сүйікті спорт түрлеріме жатады.