СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Ұқсатым. Сән. Талғам
НазадҰқсатым. Сән. Талғам
Задание:
Мәтінді оқып, етістіктерді теріп, берілген кестені толтырыңыз. Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындаңыз.
Кез келген адамның сыртқы келбеті — рухани жан дүниесінің айнасы. Сол себептен киімді аса ұқыптылықпен, талғаммен кие білген жөн. «Адам көркі – шүберек» дейміз. Бірақ киімнің түсіне қарап та адам мінезін тануға болды екен. Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттық мінезін танытады. Көбінесе ақты жастар жақсы көреді. Олар өзгеге көмектесуге асығып тұратынын аңғартады. Қызыл түс тасыған күшті білдіреді екен. Қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Олар — тез шешім шығаратындар, бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Алқызыл түс — нәзіктіктің белгісі. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді. Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Көк түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзін ғана ойлайды.

Решение:
