СОР № 1 Казахская литература 5 класс Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
НазадБ.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
Задание:
«Қожа түбінде адам болатын бала» деген пікірмен келісесіз бе? Өз пікіріңізге шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің болу-болмауын талдап, эссе жұмысын жазыңыз (120-130 сөз).
Решение:
Бәрімізге әкесіз өскен бұзық Қожаның қылықтары мен ойластырғандары бізге ұнайды, солай емес пе? Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Дегенмен бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Осы махаббаты да оның тәртіпті де ақылды балаға айналуына себеп бола алады. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандаған. Ал арман жолында адам өзі түгіл қоршаған айналасын да өзгертуге дайын тұрады. Бір жағынан анасының жалғыз тал баласы болғандықтан анасының кәртейетінін біледі, оны асырау Қожаның мойынында екенін жақсы біледі. Бұны мен оның анасын қаншалықты жақсы көретіндігіне сүйеніп айтудамын. Қожа өзгереді — себебі бұл балалық шақтың өткінші желі оны шайқауда. Үлкен өмірге өткен соң сол желге төтеп беру жолдарын табады. Себебі, бір басқан ізін екінші рет басқысы келмейді