СОР № 1 Казахский язык 5 класс Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, жұпта мәтіннің мазмұнын талдай отырып, балық қаңқасын  толтырыңыз.

Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін, басына – мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жазыңыз.

Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан  1,3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемінің шағын ғана бөлігі — Галактиканың бір шетіндегі екінші шетіне жарық жұлдыз мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы Галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.

Адам ерте кезден-ақ ғарыш денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.

Решение: