СОР № 1 Казахский язык 5 класс Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
НазадТура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Задание:
Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру мақсатында жарнама жасаңыз (100-120 сөз).
Көлсай көлдері
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылы 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
Решение:
Егер де алдағы демалыстарыңызды табиғат аясында денсаулыққа пайдалы етіп өткізгіңіз келсе, онда сізді «Көлсай көлдері» табиғи паркіне шақырамыз. Парк территориясында теңіз деңгейінен өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі.
Сонымен қатар жаз мезгілінде ғана емес, қысқы демалыстарыңызды да керемет етіп өткізе аласыз. Гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар.
Мекен-жайымыз: Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан.