СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру

Задание:

Мәтіндерді мұқият оқып, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтінге ат қойыңыз.

1-мәтін
Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен тығыз байланысты. Көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі адам миына қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал пайда болған.
XVII ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін логарифмикалық сызғыш пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты есептегіш механизм құрастырып шығарған. 1820 жылы француз Шарль де Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған.
Ғылым мен техниканың одан әрі дамуының нәтижесінде 1940 жылдары бірінші рет есептегіш машиналар пайда болды. 1960 жылдардың басында көлемді статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан компьютерлер барлық салада қолданыла алмады.
(96 сөз)

2-мәтін
Ғаламтор – компьютер желілері жүйесін біріктіретін әлемдік кеңістік. Оған қосылмаған компьютер кемде-кем шығар. Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
(107 сөз)

Әр мәтіннің құрылымына салыстыру жасаңыз

 

Решение:

1-мәтін: Компьютердің адамзат тарихындағы рөлі

2-мәтін: Ғылымға толы ғаламтор

 

1-мәтіннің тақырыбы: Есептегіш компьютердің шығу тарихы

2-мәтіннің тақырыбы: Ғаламтордың жұмысы мен байланысы

 

1-мәтін:

Кіріспе бөлім: есептегіш компьютердің көмегі

Негізгі бөлім: шығу тарихына шолу

Қорытынды бөлім: жоғары дамыған заманауи компьтер

2-мәтін:

Кіріспе бөлім: ғаламтор деген не?

Негізгі бөлім: оның жұмыс істеу принципі

Қорытынды бөлім: бір-бірімен байланысқан компьютерлер тізбегі