СОР № 1 Казахская литература 7 класс М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Назад
Казахская литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Задание:

Шығармада ел намысы мен елді жаудан қорғау мәселесі қалай көрінеді? Ерлік пен ұлттық намыс тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз (120-150 сөз).
______________________________________________________________________________

Решение:

Ұлттық  рух қандай  ұлықты  ұғым? Ол отбасынан басталып  ата, ру және ұлыс сатыларынан өтіп биік деңгейге  жеткенін көрсететін ұғым. Оның бір ерекшелігі — ұлттық  намыс. Ол — адамның өзінің  ұлт перзентімін деп ұлттың  мен  дегізерлік  ұлттық  мүддеге табынуы. Ол — адамның ұлт үшін қабырғасы қайысып, ағынан жарылуы.  Ол — адамның өз ұлтының жеңісіне сүйеніп, сүрінгеніне күйініп, қуануы мен қамығуы. Ол — ұлт басына  күн  туғанда намысын қорғауға  дайындығы. Замана  талқысына көнбейтін, талап пен талантын  жегіп, терін төгіп құлашын кең сермейтін  батыл да батыр өр адамды айтады. Қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп,сүрінсе  мұқалмай,бір  тізерлей  тік  тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына  жетіп, одан әрі өтетін  ерді  айтамыз. Ады тар, арты жар күрес жолында өзі құласада,тіккен туды құлатпай, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар  азамат. Ұлттық намыс қара бастың қамы емес, бір рудың зары емес, ұлтымыздың  ұлықтығы үшін, теңдігі мен елдігі үшін  өтейтін әр пенденің қарызы мен парызы екендігін түсінуі. Ұлттық намыс тек отанды сүйгендердің бойында ғана табылады. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Ұят-ар сақтайды, арлыны ел мақтайды», «Абырой-ар еңбегі», «Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар, намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар» халық нақылы осының дәлелі. Ұрпақ тәрбиесінің өзіндік ерекшелігіне мән беріп, көз тоқтатып қараған халықтардың қатарында қазақ  халқы  өзіндік ой ұшқырлығы,  болмыс даралығымен  ерекше  көзге түседі. Ежелден ерлік пен батырлықты, еркіндікті, даналықты, ақындықты өздеріне серік  еткен дана бабаларымыз — туған елге,  жерге деген шын патриоттық  сезімді, оны құрметтеуді  алдыңғы орынға қойған. Олай болса, отанды сүю, отаныңа адал болу, ерте  заманнан  қалыптасып  келе  жатқан  қасиетті ұлы сезім. «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін жан-жақты дамытуға тиіспіз» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  халыққа жолдауында. Қазақстан Республикасы- көп  ұлтты іргелі ел. Ұлттық  дәстүрге  берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына  отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыру  өскелең  өмір талабынан  туындап  отыр. Әрине, бұл  туындаудың негізгі өзегі  қоғамдағы түрлі келеңсіздікке әкеліп  тірелетіні сөзсіз. Халықтың  әдет-ғұрпын,  дәстүрін аяқ асты еткен жастарымыз  шұбар  тілді. 70 жылдан  астам уақыт  үстемдік  еткен үкімет өмірден кеткенде Тәуелсіздікке  енді қол жеткенде, жастарымыздың  жолында  қандай қиыншылықтар  кездесіп отыр? Үлкеннің  алдынан  кесе  өтпей, қарттарын  қазынасына  балаған  халқымыз  ұлттық болмысты сақтап қала алды ма? Кеңестік кезеңде дәстүрімізді  дәріптей   алмағанымыздан  шығар… Өз ата-анасын  қарттар үйіне өткізу, түнгі клубтарға  деген  құмарлық, түрлі  қылмыстарға бой  алдыру, діни  ағымдарға  еліктеу, нашақорлықтың көбеюі,  қыздарымыздың темекі тартып, жартылай жалаңаш жүруі т.т.с. Саны шексіз осындай құбылыстар қатары көбейгендіктен, ұлттық  болмысымыздың  жоғалатыны  айтпаса да түсінікті. Бұлардан  құтылатын, тамырын  шабатын бір құрал, ол – тәрбие. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын  іс – әрекет. Мектеп барлық кезде оқушыларға елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін  дарытып  және  дамытып  келеді. Әсіресе, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамның барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының  елжандылық  көзқарасын  қалыптастыруда  жаңа бағыттың қажет екендігі  негізгі мәселе болып отыр. Халықтық  келбет  пен  ұлттық  ерекшелікті сақтап қалу жолы – жеткіншек жасты отансүйгіштік  тәрбиеге  жетелеу. Осы орайда, ұлтжандылық  пен азаматтылықтың, отансүйгіштік  ұғымдардың  мәніне тоқталып өтсек, батырлар жырында – ерлікті, батырлықты,отансүйгіштікті марапаттап, ел сүю, жер  қорғау тақырыптарына  жазылған  эпостық  туындыларда ел билеген хан мен патшадан   халық  батырды бірінші орынға қояды.Батыр-елі үшін қадірлі . Бұған қазақтың басын біріктіріп,  бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып қалмаққа тойтарыс берген  Абылай жайындағы деректер куә. Батырлар  жырын  тудырушылар  да, соны аса үлкен махаббатпен  жырлаушылар да-қазақ елін, ұлысын, мемлекетін сүюді, қорғауды насихаттайды