СОР № 1 Казахский язык 7 класс Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
НазадМәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
Задание:
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз.
Белгілі болғандай адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен…
Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер?
Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Instagram» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі Гумбольд университетінің мамандары айтқан.
Олар «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына артық алмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосымша тани бермейтін мыңдаған адамның жағажайлардағы демалыста немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түсірген суретін көреді, ал бұдан басқа, көптеген адам көрпесіне қарай көсіліп, бара алмайтын жерлерде түскен әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап, өзінің өміріне деген көңілі толмайды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді…
Әңгімені аяқтаңыз.
«Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен байланыстырасыздар» — дейді Берлиндегі Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Slate» басылымына берген сұхбатында.
Адам жадында Facebook-тегі жазбадан гөрі сурет көп уақытқа сақталып, қатты әсер ете алады. Естеріңізге сала кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісі бұған дейін депрессияға ұрындыратын бірден-бір сайт болып есептеліп келген, оның үстіне ғылыми дәлелденіпті де.
Решение:
