СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сөздермен тыңдалым мазмұнына сай сөз тіркестерін құрастырыңыз.
XXI ғасырдың алғашқы он жылы ішінде дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең. Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді. Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессорлардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025 жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз.
• ….. өсті • ….. жетті • ….. тең • ….. дамыды • ….. кеңейді

Решение:

Интернет қолданушылар саны өсті

Интернет қолданушылар саны максималды көрсеткішке жетті

Интернет қолданушылар саны әлемдегі адамдар санына тең

Желі қолданушылар саны жедел дамыды

Интернет қолданушылар базасы кеңейді