СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жастықтың оты қайдасың
НазадЖастықтың оты қайдасың
Задание:
Төмендегі сұрақтардың біреуіне өзара диалог құрастырыңыз. «Сөйлеуші — тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырыңыз.
3-ке бөлініңіз: репортер, респондент, хатшы.
Рөлдер Репортер төмендегі сұрақтар бойынша сұхбат алады. Респондент жауап береді. Хатшы жазып отырады және бағалайды.
Сұрақтар 1. Қазіргі жастардың қызығушылығы неде? 2. Қазіргі жастар тым талапшыл ма? 3. Қазіргі жастар үшін ең басты құндылық қандай? 4. Қазіргі жастар неге ұялы телефонға тәуелді?
Орындау шарты • Сұраққа жауаптар нақты, түсінікті болу керек. • Әр мәтінге үш сұрақтан құру керек (екі жеңіл, бір талқылау сұрағы). • Сұрақ жауаптары бөлек параққа жазылу қажет. • Қорғау уақыты — 2 минут
Решение:
— Сәлем, қалай ойлайсың: қазіргі жастардың негізгі қызығушылығы неде?
— Сәлем, менің ойымша біріншіден: жастар деген сөзді екі бағанға бөлу керек. Нақты қадамдары мен жеке принциптері, жүрегінде оты бар жастар және «кейбіреулерінің басында жел». Мен бәріне бірдей құм шышып жатқан жоқпын, дегенмен де бар нәрсеге көз жұмуға болмайды.
— Сонда, сенің айтқың келгені жастардың қызығушылығы әртүрлі. Ия?
— Дәл солай. Болашаққа дейтін нақты ниеті бар жасөспірім артық заттармен айналыспайды. Ал жайбарақат жүрген, кейбір, жастар жеңіл әрі пайдасыз заттармен айналысуда. Мысалға шексіз қыдыру мен ұялы телефонға үңілу.
— Сен ше, қазіргі жастарды талапшыл деп айта аласың ба?
— Барлығы емес, меніңше.
— Ал саған сұрақ: қазіргі жастар үшін басты құндылық не деп ойласың?
— Байлық, сауық-сайран, тыныштық. Және олар, меніңше, қарапайым заттардан рақат немесе бақыт көре алмайды…
— Сонда осының бәріне ұялы телефондардың зияны тиді деп ойлайсың ба?
— Ия деуге келеді. Себебі, ұялы телефон арқылы көретін көп зат шынайы өмірмен параллель. Және олар соны шынайы әлемнен іздейді де, еш таба алмайды. Өмірдің шынайы қиындығы мен қуанышын тек экранның арғы жағынан іздейтіндей…