СОР № 1 Казахский язык 8 класс Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис

Задание:

Мәтінді тыңдаңыз. Әр абзацтан 1 сөйлемге тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге талдаңыз. Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бейжай қалдырмады. Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі – бұл қауіпсіздік мәселесі әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30-35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.

(а) Мәтінде қандай мәселелер көтеріледі? Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз қандай? ___________________________________________________________________(ә) Мәтіннің негізгі ойы қандай? ___________________________________________________________________

Решение:

А)Мәтінде негізгі көтерілген мәселе — энергия тапшылығы. Расымен де біз энергияны дұрыс қолдана алмаймыз.Оны онды солды шашуды ғана білеміз.
Ә)Мәтіннің негізгі ойы- энергияны дұрыс жұмсау