СОР № 1 Казахский язык 8 класс Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис

Задание:

Мәтін үзіндісін оқыңыз.
Театр мәдениеті деген не? Қаланың қарбаласы түсінікті… Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апылғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!.. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз.

Решение:

Хабарлы:  Қаланың қарбаласы түсінікті

Сұраулы:  Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз?

Лепті:  Кінә сізден!

Бұйрықты:  Ана бір бос орынға отырыңыз!