СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Задание:

1. Интернет-дүкен – ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кездің өзінде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық таныта бастады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да, түрлі дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Ал сол интернет-дүкеннің пайдасы бар ма? «Қазақстанда жасалған» деген марканы әлемдік деңгейге қалай шығаруға болады?» тақырыбында эссе жазыңыз.

Пайдалы лексика: біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде.

Решение:

Интернет-дүкен. Онымен қолданған қаншалықты тиімді? Мұндай сұрақтың туындауының басты себебі интернет-дүкендердің бүгінде кеңінен танымал бола бастауы. Адамдар аталған дүкендерде сувенир, техника, киім, қандай да бір бөлшектерден бастап, азық-түлікке дейін тапсырыс беріп жатады. Мұндай дүкендердің күнделікті кіріп жүрген дүкендерге қарағанда артықшылықтары көп, бірақ кемшіліктері де аз емес. Сонымен, олардың пайдасы мен зиянына толығырақ тоқтала кетсек…

Біріншіден, виртуалды дүкеннен ұнаған тауарды үйде отырып-ақ сатып алуға болады. Түрлі супермаркеттерге, сауда орталықтарына барудың, уақыт пен күш жұмсаудың қажеті жоқ. Кейде тіпті біршама дүкенді аралап шыққанымен, қалаған затты таба алмайтын сәттер болып жатады. Ал интернет-дүкенде бәрі оңай – монитор алдында еш қиналмай затты түрлі ракурстан қарап, қалағаныңызды таңдай аласыз.

Екіншіден, сатып алған затты үйге немесе алуға ыңғайлы болған мекен-жайға жеткізіп салу қызметі бар.

Үшіншіден, тиімді баға. Сауда орталықтарында көрген дәл сол затты немесе соған ұқсасын анағұрлым арзан бағаға иемдену мүмкіндігі бар. Мұның себебін түсіндіру қиын емес – тауар дүкенге көптеген делдал арқылы жетеді, сәйкесінше баға да әр делдандан өткен сайын қымбаттап отырады. Ал интернет арқылы тапсырыс берер болса, тауар тікелей қойманың өзінен жеткізіледі және үстем баға тек жолдауға ғана қосылады. Тағы айта кетерлік артықшылығы, сатып аларда алдымен тауар, сосын барып төлемақы жасалады. Сатып алу процесі мынадай: сатып алушы тапсырыс береді және сол тапсырысты курьер үйге жеткізіп, тауарға көңіліңіз толса ғана төлемақы жасайсыз. Бірақ егер зат сайттағы сипаттамасына сай келмесе, тауар ақаулы болса не болмаса жай ғана ұнамай қалса одан бас тартуға да болады. Алайда бас тарту үшін сол дүкенге тапсырыс берерде белгілі бір сомада алдын ала төлемақы жасау қажет.

Енді осындай дүкендердің назар аудармауға болмайтын кемшіліктеріне келіп тоқтасақ

Ең басты кемшілігі ретінде тауарды жеткізудің тым ұзақ уақыт алатындығын айтуға болады. Барлық жерде максималды жеткізу мерзімі 45 тәулікке созылады және сол мерзім өтпегенше тапсырыс берушінің шағым айтуға еш құқығы жоқ. Маусым кезінде мәселен, Жаңа жыл мейрамы (себебі бұл мереке әлемдік деңгейде атап өтілетіндіктен) қарсаңында аталған мерзім 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Тапсырысты мерзімінен бұрын да алып қалуға болады, бірақ оған қатты сенім артпаған жөн. Тағы бір кемшілік – тауарға қаншалықты зер салып қарағанмен, ойдағыдай болып шықпау мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе киімге қатысты. Ұнатқан киімді көзбен көргенде суреттегідей болмай жататын кездер бар. Үшіншіден, айлап күткен тауар жоғалып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда дүкен ақшаны қайтаратыны немесе тапсырысты қайта жолдайтыны сөзсіз, бірақ қаншама уақыт пен тозған жүйкені кім қайтара?

Енді интернет-дүкенде затқа қалай дұрыс тапсырыс беру керектігі жайлы сөз қозғасақ.

1. Ең дұрысы танымал ресурстарда тапсырыс берген абзал. Олар да 100 пайыздық қызмет көрсетуге кепілдік бермейді, дей тұрғанмен, сәтсіз сауда жасау ықтималдылығы төмендейді, ал алдап кету мүмкіндігі нөлге теңеледі.

2. Ұсақ заттарды бір-бірлеп сатып алмаңыз. Жолдаманың көлемі шағын болған сайын, оның жолда жоғалып кету ықтималдылығы арта түседі.

3. Дүкен таңдау кезінде төлемақы жасау жолына назар аударыңыз.

4. «Мерекелік жаппай сатылым», «Жеңілдіктер» секілді бөлімдерді қарап шығыңыз. Аталған бөлімдерден жақсы затты кездестіріп қалуға болады және оны анағұрлым арзан бағаға сатып аласыз.

5. Міндетті түрде жеткізу мерзіміне көңіл бөліңіз. Мерзім аяқталысымен бірден қолдау қызметіне мерзімнің өтіп кеткені жайлы хат жолдаңыз, сайт форумында шағымыңызды айтыңыз. Тапсырыс берген затты салып жіберуді немесе ақшаны қайтаруды сұрамаңыз – талап етіңііз. Егер табандылық танытып және күн сайын сайтқа шағым айтумен болсаңыз, сіздің талабыңызды орындайды – ірі дүкендер өз абыройды жоғары қояды, сондықтан тауардың жоғалуына немесе жеткізілмей қалуына тез арада әрекет етеді.

6. Мейрам күндері тапсырыс жасамаңыз. Сайт пен жеткізу қызметі бұл күндері тапсырысқа толады, сондықтан сіздің тапсырысыңыз біршама уақытқа созылуы мүмкін.

7. Қымбат затты қабылдау кезінде ашып көріңіз және оны видеоға түсіріп алуды ұмытпаңыз. Егер тауар сапасыз болса немесе жолда сынып қалса, видео арқылы ақшаны қайтарып алуға болады.

Егерде сіз интернет-дүкендердің қызметін пайдаланған болсаңыз, онда бұл ақпарат сізге белгілі. Ал егерде сіз, осындай дүкендерден сауда саттық жасамасаңыз, онда ары қарай оқып тұжырымдама жасаңыз.

Сонымен, интернет-дүкендерден сауда жасаудың тиімділігі қандай және осы дүкендерден қалай дұрыс сатып алуды игеру керек? Интернет-дүкендердің сенімділігін қалай бағалауға болады?

Интернет-дүкен  – әрбір тауардың сипаттамасы (қасиеті), суреті, сондай-ақ бағасы көрсетілген тауарлардың топтамасы. Электрондық дүкеннен сіз өзіңізге қажетті тауарды іздейсіз және тапсырыс бересіз, сонымен қатар төлем жасау, таңдалған тауарды жеткізу орыны мен уақыты туралы ақпаратты қажет болады. Тауарды жеткізу курьер арқылы немесе пошта бөлімшелері арқылы іске асырылады.

Интернет-дүкендердің артықшылықтары:

— Тауарлардың бағасы біршама арзан болады. Себебі интернет-дүкенді құру, қарапайым дүкенді тұрғызғаннан біршама арзан. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына, залдағы сауда жабдықтарына, электр энергиясына, коммуналдық қызметтерге және т.б. шығын бойынша дүкен иесі ақы төлемейді.

Интернет дүкендердің ең бір анық артықшылығы – уақыттыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қажет тауарды іздеу және оны алып келуге біршама уақыт жоғалтасыз. Ал интерне-дүкеннің көмегімен үйде отырып-ақ тапсырып жасауға болады.  Дүкендердің жұмыс кестесі бойынша өз жоспарыңызды өзгертпейсіз. Себебі олар тәулік бойы және демалыссыз жұмыс атқарады. Кассада төлем жасау үшін кезекте тұрмайсыз. Интернет дүкенде тапсырыс жылдам және жеңіл түрде іске асады.

Тауар туралы анық ақпарат ала аласыз. Қарапайым дүкендерде тауар жөніндегі кеңесшілерге көптеген сұрақтарыңыз қоюға тура келеді. Сонымен қатар, кеңесші тауар туралы ақпаратты толық білмейтін жағыдайлар жиі ұшырасып жатады. Ал интернет-дүкендерде тұтынушылардың тауарға берген бағасы мен пікірлерін оқи аласыз.

Интернет дүкендердің кемшіліктері:

— Барлық интернет-дүкендердің кемшілігі – ол тауарды қолға алып, ұстап көре алмау мүмкіндігінің жоқтығы.

— Тағы бір кемшілігі, сізге өте қажет болып тұрған тауарды, жеткізуді тағатсыздана күту. Алайда бұл кемшіліктің өзіндің оңтайлы жағы да бар. Себебі біз қарапайым дүкендерде жүрген кездерде, түр түсіне қарап қызығып, керексіз заттарды сатып алып, артына осы затты не үшін алдым деп өкініп жататын кездер жиі кездесіп жатады. Ал, интернет-дүкен арқылы тауарды алатын болсақ, тапсырыс келмес бұрын, сіз бірнеше рет ой елегінен өткізіп, тіпті сатып алудан бас тартуыңызда мүмкін.

— Кейбір адамдар, интернет-дүкеннің операторларымен жеткізу орыны және уақыты туралы келісудің қажеттілігі өзіндік ыңғайсыздық тудырып жатады.

Интернет-дүкендердің сенімділігіне қалай көз жеткізуге болады?

Сенімді және жақсы интернет дүкеннің ең бірінші белгісі — Google, Yandex, Rambler және т.б. танымал іздеу желілеріндегі рейтингтегі алатын жоғары орыны. Тауарлардың ассортиментінің көптігі. Берілген тауарға кепілдіктің болуы. Сенімді интернет-дүкендерде нақты мекен-жайы мен байланыс көздері туралы ақпарат бүкпесіз жазылады. Сондай-ақ төлем жасау мен жеткізу әдістері туралы толық ақпарат көрсетіледі. Жақсы интернет дүкеннің маңызды көрсеткіші болып кері байланыс табылады.

Дамыған елдердің тұрғындары үшін интернет-дүкендерден сауда саттық жасау, қарапайым дүкендерді пайдаланатындай бүгінде олардың әдеттеріне сіңісіп кеткен. Көпшілігі тіпті, қарапайым дүкендерден қарағанда, интернет дүкендерді пайдаланғанды жақсы көреді, себебі жеңіл, жылдам, пайдалануға ыңғайлығымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр.