СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Задание:

1. Мәтінді оқып, жинақы мәтін (компрессия) құрастырыңыз. Компрессия жазу үшін нұсқаулық:  Мәтінді оқыңыз. Негізгі идеясы мен тақырыбын анықтаңыз.  Мәтіннің барлық бөліктерін белгілеңіз.  Қай бөліктерін алып тастауға, біріктіруге болатынын анықтаңыз.  Жинақы мәтіннің жоспарын құрыңыз.  Мәтіннің әр бөлігінде негізгісін белгілеңіз.  Жинақтау, жалпылау сөздерін таңдаңыз.  Әр бөлікті қысқа жазыңыз.  Жинақы мәтінді қайта оқыңыз, оқыған адамға түсінікті бола ма? Түзетулер енгізіңіз.

Француз жұртының бір білімді адамы жазады: — 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші қайыр сұрап жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда, әдеттегідей Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: — Сен бір қарағанда есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бар сияқты. Сөйте тұрып мұндай іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап, жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақы және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымдай, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс, реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: — Айып етпесеңіз сұрайын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып: — Сен Антонбысың? — дедім.

— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.

Решение:

Француз елінің бір білімді адамы жазады:- 1791 жылы университет оқып жүрген жігіт шағымда әр жеті сайын Версаль қаласына анама баратын едім.Үнемі жолымда бір Антон деген тіленші кездесуші еді.Бір күні жолда бір қысқа бойлы кісімен жолығып.жолымыз бір болған соң бірге келе жатқан едік.Әдеттегідей Антон кездесіп қайыр сұрады.Қасымдағы кісі дереу тоқтап.Антонға зер салып тұрып, былай деді:-Түріне қарасам есті кісі сияқтысың.Өзіңді бұндай әрекетпен қор қылып жүргенін не?Менің өмірімде де сендегі сияқты қиыншылықтар болған.Алайда мен ешкімнен қайыр сұрамадым.Керсінше жұрттан ескі шүберектерді жинап,оларды қағаз шығаратын фабрикаларға өткізіп жүрдім.Содан біраз ақша жинап,есек пен арба сатып алдым.Сөйтіп жүріп ісім алға басып,көбірек шүберектерді жинап,өзім сата бастадым.Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім.Еңбекқорлығымның арқасында осындай жетістікке жете алдым.Қазіргі таңда фабрикамды балама табыстадым.Оны да жастайынан ерінбей адал түрде еңбек етуге үйреткен едім.Сол себепті оған толықтай сенім білдіре аламын.Міне,Антон саған шынайы өз өмірімнен мысал айттым.Ары қарай таңдау өзінде.Бастысы сенің қолыңнан бұдан да үлкен істер шығатынын нық сеніммен айта аламын,-деді де кете барды.Бұл әңгімені естіген Антон қайыр сұрап тұрғанын ұмытып кетіп,біраз ойланып тұрып қалды.

1815 жылы Брюссель қаласынан өтіп бара жатып,бір кітап сататын дүкенге кірдім.Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс көрінді.Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: — Айып етпесеңіз сұрайын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып: — Сен Антонбысың? — дедім.

— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.