СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда
НазадСауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда
Задание:
Тұтынушы ретінде электронды сауда-саттық туралы пікір жазыңыз. Берілген үстеу түрлерін қолданыңыз. Қазір, енді, былтыр, амалсыздан, босқа, қолма-қол, жылдам, әдейі, қыруар, ілгері, көзімше, соншама.
Решение:
Интернет-бизнес – қаржы мен уақыт үнемдеудің жаңа жолы. Өз кәсібін ашуды ойлағандар осы салаға қаржы салуды құп көреді. Бірақ қазақстандық сауда-саттықтың 1,2 пайызы ғана онлайн бизнеске тиесілі. Басқаша айтқанда қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені құрайды.Әлемдік тәжірибе бойынша, соңғы жылдарда интернет-сауда қарқынды дамуда. Мысалы, Ресейде жұмысқа қабілетті тұрғындардың 30%-ы интернет-дүкендер арқылы тапсырыс береді. Онлайн сатып алушылардың саны соңғы жылдары 2,5 есеге өскен.Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы деңгейі де жыл санап артуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 10 млн адам интернетті пайдаланады екен. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 миллиард теңгені құраған. Яғни, ол бөлшектік тауар айналымы көлемінің 1,2 пайызын құрады. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.Онлайн-сауда саласында satu.kz, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress сияқты ірі ойыншылардың қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.Ендеше электрондық сауданың ел қызығатын қандай құдіреті бар екеніне назар салайық. Электронды коммерцияның күннен күнге әлеуеті артып келеді, тіпті оның географиялық шектеуі жоқ. Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз.Электрондық сауданың ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салықтан жеңілдіктер, кэшбэк және бір теңгеге дейінгі дәл есеп. Осындай артықшылықтарына арқа сүйеген электронды сауда саласы күн санап дамып келеді. Елімізде де бұл саланың өте үлкен сұранысқа ие екенін баста айттық. Енді еліміздегі электронды сауданың даму жолына назар аударайық.
Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтың сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп – тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі.
Мамандар Қазақстандағы электрондық сауда-саттықтың ерекшеліктері ретінде мынадай мәліметтер келтіреді:
Қазақстандық интернет пайдаланушыларының 11 пайызы интернет арқылы қызметтер үшін есеп айырылысады, тағы 11 пайызы интернет арылы тауар сатып алады.
Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудаларының 90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерде жасалады.
Қазақстандағы e-commerce нарығының басым бөлігі «Air Astana» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі.
Көбінесе баннерлік жарнаманың үлесі басым.
Интернет-жарнама – жарнама нарығының 4 пайызын құрайды.
Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 400 миллион доллардан асады.
Жылдық өсімі 100 пайызды құрайды.
«Қазпошта» АҚ мәліметінше, электрондық сауда нарығының көлемі 2018 жылдың 5 айында 101 млрд теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын құрады (3,53 трлн теңге). Тағы да айта кетерлігі, елімізде жыл басынан бері 110 жаңа электрондық сауда субъектісі тіркелген. Нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс істейді, сатып алушылар саны 5 пайызға өсті. Салада 71,6 мың қызметкер жұмысқа орналастырылды.ОК интернет-дүкені әр түрлі санаттағы тауарды таңдауға, сатып алуға және пошта арқылы жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік береді. E-commerce платформасының негізгі ерекшелігі – пайдаланушы контентінің интеграциясы (UGC): сатып алушылар тауарларды бейне және фото шолулар арқылы қарап, бағалай алады. Сондай-ақ тауарлар туралы ақпаратты достарымен әлеуметтік желілерге бөлісіп, оларды жақындарына ұсына алады.Барлық сатып алулар толық қорғалған. Төлем банк картасымен ОК аккаунтына байланысты жасалады, егер тауар келмесе немесе оның сапасы сатып алушыға ұнамаса, әлеуметтік желі ақшаны қайтарады. Жеткізу бүкіл Қазақстан бойынша тегін және «Қазпошта» арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тапсырыстан кейін үш сағат ішінде сатып алушы оны жоя алады. Интернет-дүкен сатып алуға, қайтаруға, жеткізуге, тауардың сапасына байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.Болжам бойынша, елдің электрондық коммерция нарығының көлемі 2017 жылы 189 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы бөлшек сауда көлемінің 2,6%-ын және елдегі ІЖӨ-нің 0,51%-ын құрайды. Салада 900-ден астам компания жұмыс істейді. Электронды сауда саласында 68 мыңға жуық адам, ал онымен байланысты салаларда 677 мың адам жұмыспен қамтылған. 2017 жылы болжамдық деректер бойынша, 74 млн тапсырыс жасалып, 21,9 млн сәлемдеме жеткізілген. Электронды коммерцияны қолдау және дамыту үшін біздің тарапымыздан тиісті институттық база құрылды. 2017 жылы Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев 2018-2020 жылдарға арналған электронды сауданы дамыту жөніндегі жол картасын бекітті. Жаңа Салық кодексінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды сауда саласында алынған табыстардың КТС және ЖТС мөлшерлемесін 0%-ға дейін 2023 жылғы мерзімге азайту бойынша жеңілдіктер көзделген.Сөз соңында Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылға қарай 22 мыңға дейін интернет дүкен құру, 83 млн-ға дейін онлайн тапсырыстар санын арттыру, электронды сауда және онымен байланысты салаларда қосымша 200 мың жұмыс орнын құру жоспарлап отырғанын айта кетейік.
Интернетте сауда жасау — сауда саласындағы жаңа тетіктің бірі. Шынында да интернеттің жаңа мүмкіндігін неге пайдаланбасқа?
Қолында интернетке қосылған ұялы телефоны бар кез келген адам қазір мобильді қосымшалар арқылы үйінде отырып-ақ хабарландырулар бере алады немесе өзіне қолайлы уақытта іздей алады. Мысалы, ұялы телефоныңызға google play арқылы «olx» мобильді қосымшасын жүктеп алып, коттедж керек пе, пәтер қажет пе, әлде тұрмыстық бұйымдар іздедіңіз бе, бәрін осы жерден сатып жіберуіңізге не сатып алуыңызға болады. Жаңадан үй сатып алғыңыз келсе немесе баспанаңызды кеңейтуді ойласаңыз, krisha.kz сайтына кіріп те іздей аласыз.
Әлемдік тәжірибе негізінде елдің инновациялық бағытындағы ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше мəн берілген. Ақпараттық технологиялар парығышяң кәсіпкерлікті дамыту мен өркендету мәселесіне сараптамалық талдау жасалғаш. Авторлар шет елдердегі электрондық саудашың дамычу тәжірибелерін зерттеп, халықаралық үйымдардың қызметін қарастырған, әртүрлі елдердің авторларышыц бергеш ашықтамаларыш сипаттаған жəне түсішіктемелер бергеш. «Электрондық сауда» үғымы үш бағытта зерттелген: қызмечз мәмілелердің жиындығы жəне технологиялық категория түрішде. Электрондық сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындаɪы тауарлар мен қызметтерді өткізуге баɪытталɪан ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетіндігі дəлелденген. Электрондық сауданы жүргізу барысында колдашыла·ɪ■ыш мәмілелердің жиышығы топтаст^ірылған. Электронды қүжатпен алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерін жүзеге асырудағы электрондық сауданың мәні ашылɪан. Электрондық сауда түж^ірымдамасын^ің даму тарихы қараст^ірылған. Сонымен қатар авторлар Қазақстан Республикасындаɪы электронды сауданың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасап, электрондық коммерция ор^талывыныи негізгі қызмет бағыттарына тоқталған. Сонымен қатар электрондық сауда саласында қалыптасқан кемшіліктер мен артықшылықтардың шарттары мен үйымдастырылу тетіктері жан-жақты сараланɪан.