СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Алаш идеясы мен қайраткерлері

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Алаш идеясы мен қайраткерлері

Задание:

Берілген рөлдердің бірін таңдап, «Алаш қайраткерлері» тақырыбында жұптық диалогке қатысыңыз. Сөйлеу барысында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңыз.

Ұсынылатын тақырыптар: 1. Тарих пәнінің мұғалімі мен оқушы; 2. Алаш қайраткері мен тілші; 3. Алаш зиялысы мен бүгінгі ұрпақ.

Решение:

Тарих пәнінің мұғалімі мен оқушы

Мұғалім:

-Бүгінгі сабақта Алаш қайраткерлері жайлы сөз қозғайтын боламыз.Кім осы жайлы өз білгенін айтқысы келеді.Кәне,Санжар сен бастай ғой!?

Оқушы:

-Жалпы,Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.

Мұғалім:

-Санжар,өте тамаша.Ойынды нақты әрі жинақы түрде жеткізе білдің.

Иа,оқушылар бұл тарихи оқиға ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі болып келеді.

Жақсы, үйге берілетін тапсырма осы Алаш қайраткерлері жайлы деректер жазып келу.