СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Алаш идеясы мен қайраткерлері

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Алаш идеясы мен қайраткерлері

Задание:

Мәтінді оқыңыз. Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы жолындағы еңбектері туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПТМС формуласы» негізінде ұсыныңыз. ПТМС формуласы Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …»; Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»; Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: …».

Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті. «Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді.

Решение:

1) Менің ойымша Алаш зияылары қазақ халқының тәуелсіздігі мен отаршылдық құлдықтан азат болуы үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасады.  2)Оның себебін былай түсіндіремін,азақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсініп,дәлелдей білді.3)Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:  «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. 4)Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім:қазақ зиялыларының осындай үлкен істерін,халқымызға істеген ерен еңбектерін біз өскелең ұрпақ барынша бағалай білуіміз қажет.