СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Жаһандық мәселе: демография
НазадЖаһандық мәселе: демография
Задание:
1. Өлеңді оқып, көтерілген бір мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ құрастырыңыз. Абай «Адамның кейбір кездері» Адамның кейбір кездері Көңілде алаң басылса, Тәңірінің берген өнері Көк бұлттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім Тас бұлақтың суындай, Кірлеген жүрек өз ішін Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап, Ұйқыдан көңіл ашар көз. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып, Алды-артына қаранар. Дүние кірін жуынып, Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға, Мұң мен зарды қолға алар. Кектеніп надан, зұлымға, Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға Сынатып көрген-білгенін, Білдірсе алыс-жақынға Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер, өзің біл.
2. Автордың осы мәселені көтеруінің себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
3. Мәселе оқырмандарға қандай ой салады? 2 болжамыңызды жазыңыз.
Решение:
1.Ашық сұрақ
Адамның ішкі дүниесін сыртынан байқау мүмкін бе?
2.Автордың осы мәселені айтудағы басты мақсаты,адамзат баласының ішкі жан-дүниесін өзгерту тек өзінің қолында екенін жеткізгісі келген.Адамның ойының өзгеруіне өзге авторлардың жазған туындылары да әсер етпеуі әбден мүмкін.
3.
1)Өлеңді оқу арқылы ішкі жан-дүниенің сан түрлі өзгеше екенін түсінуге болады.Өмірдегі әртүрлі жағдайлар адамның санасының қалыптасуына өз әсерін тигізетіні анық.
2)Көптеген авторлардың жазған шығармаларының оқырман ойын өзгертуге деген әсері бары белгілі.