СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі фактілер мен негізгі ойды анықтап, мәселені шешу жолдарын ұсыныңыз.

Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын көрнекті ғалымдар Альберт Энштейн мен Бертран Рассел «қатал, қатерлі және қашып құтыла алмайтын сұрақ: біз адам баласын жоюға тиіспіз бе әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген манифест жариялаған болатын. Адамзаттың ХХ ғасырдағы озық ойлы өкілдері «жұртқа болашақтағы әлемдік соғыста планетадағы тірі жанның бәрін жоятын ядролық қару міндетті түрде қолданылатын болады» деп көріпкелдікпен ескертпе жасаған еді. Олардың мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстар соғыс арқылы шешілмейді және шешілмеуге тиіс деген ескертулері ХХІ ғасырда да аса өзекті күйде қалып отыр. Соғыстың тамырына балта шабу – адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ мұның қандайда бір ақылға қонымды басқа баламасы жоқ. Бұл міндетті әлемдік көшбасшылар жаһандық күн тәртібіндегі өзге проблемалардың аясында абсолютті басымдық ретінде қарастыруға тиіс. ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да. Сондықтан адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарлама қажет. Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауы тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек. Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістіктер негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады. Жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуі тиіс. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде құру керек. ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!

Решение: