СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер

Задание:

Тезиске қойылатын талаптармен танысыңыз.

Тезис – баяндаманың, лекцияның, ғылыми мақаланың, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары. Тезис – ғылыми жұмыстың алғашқы бастамасы, сондайақ, аннотация, реферат, мақала авторының екінші мәтіні болуы да мүмкін. Тезис өз баяндамаңыздың қысқартылған нұсқасы болады. Екінші тезис нұсқасы өзге автордың бірінші нұсқасының негізінде жазылуы мүмкін. Көтеріліп отырған тақырып тезисте қысқартылып, логикалық жүйелілікпен ұсынылады. Әр азат жолды құрайтын әр тезис әрбір шағын тақырыптан мәлімет беріп отыру керек. Егер жоспар тек қарастырылатын сұрақты ғана қарайтын болса, ал тезис осы сұрақтарды шешудің жолдарын қарастырады. Тезис төмендегідей қатаң нормативтік мазмұндық-композициялық құрылымнан тұрады: 1. кіріспе бөлімі, онда мақсаты, міндеті қарастырылады; 2. негізгі тезис мазмұны; 3. қорытынды тезис. Тезис мазмұнының нақты логикалық бөлінуі екі түрлі: формальдық және сызбалық. Тезистердің өзара формальдық логикалық байланысы келесі тәсілдермен жүзеге асады: — әр тезистің алдында қыстырма сөздің қолданылуы (біріншіден, екіншіден); — мәселеге қатысты көзқарасты білдіретін фразалардың қолданылуы (ішкі фактор- сыртқы фактор); — классификациялық фразалардың қолданылуы (іс-әрекет етістіктері, жағдайды танытатын етістіктер). Тезис келесі сөздік қолданыстардан басталуы мүмкін: — Барлығымызға белгілі, бұл… — Ерекше атап көрсету керек, … — Алайда… — Мамандар өз міндеттерін шешуде… Тезистегі негізгі ақпарат келесі лексикалық бірліктермен байланысуы мүмкін: — Сұрақ қояды… — Есептейді… — Салыстырады… — Мысал келтіреді… — Санамалап көрсетеді… — Мінездеме береді… — Атап көрсетеді… Тезис ғылыми жанрдың нормаларына негізделген оның бір түрі болып табылады. Сондықтан тезистерде өзге жанрлардың араласуы стильдік қана емес, коммуникативтік тұрғыдан да өрескел қателік болып табылады. Сондай-ақ типтік қателердің бірі болып саналатыны – тезисті реферат, аннотация, жоба, жоспар сияқты түрлі жанрлармен шатастырып, араластырып жіберу. Мұндай араластырып жіберу автордың ғылыми-сөйлеу мәдениетінің жоқтығын байқатады. Тезисте сөйлеу мәнерінің біркелкілігі мен стильдік тазалық талап етіледі, эмоционалды-экспрессивті анықтамалар, метафоралар және басқа стильдің кірігуі болмау керек.

2. Ғылыми стильдегі тезистің құрылымы мен рәсімделуіндегі ерекшеліктерді талдап, кестені толтырыңыз.
Құрметті конференция қонақтары! «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, зерттеп қана қоймай, оны қайта қалыпқа келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, өзге елдерде қалған рухани мұрамызды жинақтау. «Мәдени мұра» бірнеше бағыт бойынша жүзеге асты: — ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалыпқа келтіру; — археологиялық зерттеулер жасау; — қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды атқару; — ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша нақты қандай шаралар атқарылды? Аталмыш бағдарлама аясында еліміздің мәдени-рухани саласында қандай ұлттық жаңғырулар болды? Қандай көлемді жұмыстар жасалды? — Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында 35 тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңғырту жұмыстары, 30 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. — Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бірқатар Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Экспедициялар барысында тек Қытайдың өзінде ғана Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген үш жарым мыңға жуық тың дерек табылды. — Осы зерттеулердің нәтижесінде қазір Қазақстанда қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа шектес жерлердің билеушілерімен хат алмасуы жөнінде көптеген тарихи маңызды деректер жиналды, бұрын белгісіз қыпшақ жазбаларын иелендік. — Жүздеген жазба ескерткіштер Еуропа мемлекеттерінің кітапханалары мен дипломатиялық мұрағаттарынан табылды. — Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі ғажайып ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар Тізіміне енді. Аталған тізімге ұсынылған келесі ескерткіш ежелгі Отырар қаласы болып отыр. — Мемлекеттік бағдарлама аясында 230 кітап жарық көрді, арасында тарих, археология, этнография жөніндегі аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер бар. Мысалы, «Бабалар сөзі» сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетін жинақтауға мүмкіндік берсе, «Қазақтың ата заңдары» жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму тарихын ашып көрсетеді. Баяндамамның соңында тарихи-мәдени мұраны сақтау саласына жауапты құзырлы орындарға өз ұсыныстарым мен болашаққа жоспарымды ұсынғым келеді: — Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; — еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау. Назар аударып, тыңдағандарыңыз үшін рақмет!

3. Тезистің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.

 

Решение: