СОЧ № Казахский язык и литература 5 класс

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Задание:

Судың адам өміріндегі маңызын сипаттап, эссе жазыңыз. Эссенің құрылымын сақтаңыз және жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қолданыңыз. Сөз саны-100-110.

Решение:

«Сусыз тіршілік жоқ» дейтін сөз бәріне белгілі. Сонда да осы тұжырымды растайтын бірнеше мысал келтіріп көрейін: егерде адам бір аптаға жуық су нәрін татпаса өмірден өтуі әбден мүмкін екен. Себебі адам күніне шамамен 3 литрдей суды ішеді. Су адам бойында қан айналымын жақсартады, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Егер де адам денесінен 1,5 л. су  ағзадан буланып кетсе немесе тер күйінде шықса адам қаталап шөлдей бастайды. Адам баласы тіршілік нәрі жоқ, қақыған шөлмен қарсы 3 күннен артық күресе алмайтыны дәлелденген. Себебі адам денесіндегі  су мөлшері 6-8% азайса, адам жартылай есінен танып қалады. 10% дейін төмендесе сілекейін жұтады, ал 12% кем болса адамның жағдайы күрт нашарлай бастайды. Қан айналымы баяулайды, ауыз қуысы мен тамақ жолдары қурап қалады. Адам су ішпей 5-7 күндей жүре алады. Адамзаттың өмірлік маңызында ауаның ролі қаншалықты маңызды болса, су да соншалықты қажет. Судың көмегімен тамақ пісіруге, оны ішуге, онымен жуынуға, кір жууға және әртүрлі химиялық қоспаларға араластырып ерітінді мен жаңа құрам жасап шығаруға болады. Тіпті судан электр қуатын өндіретін «су электро станциялары» бүгінде арнасы кең, ағысы зор өзендерде көптеп салынуда. Су жол ара-қатынас пен тасымал жолы: өзен және теңіз көліктері. Су – адам еңбегінің көмекшісі: егістікті суарушы, зауыт-фабрикалардың жұмысының басты қажеттілігі. Осыдан сусыз адамзаттың күні құритынына дейтін көптеген мысалдар келтірдік. Сондақтан да суды тиімді пайдаланып, ысырап етпеу керек