СОЧ № Казахский язык и литература 5 класс
Назад
Задание:
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, хабарландыру мәтінін құрастырып жазыңыз. Хабарландырудың жанрлық, стильдік ереркшеліктерін ескеріңіз. Сөз саны-110-120.
1) Денсаулық күніне орай ұйымдастырылатын мектепшілік «Шынықсаң, шымыр боласың» атты спорттық ойындар жарысы туралы хабарландыру жазыңыз.
2) Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын мектепішілік «Тәуелсіздік–тірегім» атты мерекелік концерт туралы хабарландыру жазыңыз.
3) Компьютерде бағдарлама жасаумен айналысатын оқушылар арасындағы мектепшілік «Үздік бағдарламашы» байқауы туралы хабарландыру жазыңыз.
Решение:
2) Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік — тірегім» атты мерекелік концерт өтетінін хабарлаймыз
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке
Басталуы: сағат 10.00
Өтетін орны: Акт залы
Келіңіздер, көріңіздер! Біз сіздерді асыға күтеміз!