СОЧ № Казахский язык 5 класс

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Задание:

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 120-150 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазыңыз. Жазып болған соң, жұмысыңызға қайта көз жүгіртіп, жұрнақ арқылы жасалған және күрделі сөздердің бар, жоғын анықтап, астын сызыңыз.
[10]
Эссе құрылымы
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
• Қорытынды

1) Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Уақытыңның босқа өткені — өміріңнің бос кеткені». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап эссе жазыңыз. Мәтін құрылымын ескеріңіз.

2) «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз және олар неліктен осы кітапқа енгізілді? Жауабыңызды сипаттап эссе жазыңыз. Мәтін құрылымын ескеріңіз.

Решение:

Уақыт-ол қолда ұсталмайтын бір су тәрізді. Сондай тез жылдамдықпен өтуде.  Уақыттың қадірін өкінішке орай көп адам біле бермейді. Кей адамдар бейне бір мәңгілік өмір сүретіндей жүреді. Біздің өміріміз кино секілді өтеді де кетеді. Әр атқан таңымызға шүкір айтып, ешбір ісімізді ертеңге қалдырмай, барынша қуанышпен өткізуге тырысуымыз қажет. Өмір бір сәтте зырғып өтеді де кетеді. Ертең кім бар, кім жоғын бір Алла Тағала ғана біледі. Сондықтан уақытымызды пайдасыз затпен өткізбейік.