СОР № 1 Казахская литература 11ЕМН класс Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Назад
Казахская литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Задание:

Үзіндіні оқып, автор стиліне баға беріңіз, пікіріңізді әдеби сын ретінде жазыңыз.
Кенет аялдамадағы жарнама қағаздарына көзім түсті. Бізге қажеті бар ма екен деп үңіле
түстім. Көзім жайнап сала берді, үй жалдап алғың келсе, хабарлас депті. Өңім бе, түсім бе? Неше
қайталап оқып шықтым. Телефон нөмірі де анық жазылыпты. Дереу телефон шалдым. Ар
жағынан:
— Бұл кім? – деген еркек дауысы естілді.
— Аға, мен ғой… Жарнамадан оқыдым, пәтер іздеп жүр едік.
— Иә, бар… Бірақ қазір өте жәй болып кетті ғой.
— Бәрібір, аға. Бағасын айтыңыз, қазір өзіміз барамыз.
— Неше адам едіңдер?
— Жас отаумыз, келіншегім екеуміз ғанамыз.
— Үйленген бе едің? Бізге бала-шағаның керегі жоқ.
— Мына кейпімізбен баланы қалай бағамыз, аға, әзірше баламыз жоқ.
— А, онда былай болсын, мен де әйеліммен бірге тұрамын, бір бөлмесін жалға береміз.
— Қанша болады, әдіресін айтыңызшы!
— Бағасы жиырма мың теңге, қымбат емес шығар?
— Қымбат емес.
— Ертең келсеңдер қайтеді!
— Жоқ, қожайынмен келіспей қалып, бізді қуып шыққаны.
— Мына түнде ме? Неткен опасыз еді. Әй, өздерің де тентексіңдер ғой тегі, тыныш
жүрмегенсіңдер!
— Жоқ, бізде кінә жоқ. Келіншегімнің жүзін жас жуып кеткен бе, әлде, жаңбыр суы жуып
кеткен бе, әйтеуір малмандай су. Ерні дір-дір етеді. Жаңбырдан қорғана түсіп менің мимикамды
бағуда.
— Онда былай болсын, бауырым. Біз тыныштықты қалаймыз. Қонақ келмейтін болсын!
— Жарайды.
— Арақ ішуші болмаңдар.
— Ол не дегеніңіз, ағасы, мен арақ ішкен адамды өлердей жек көрем.
— Мен ішем ғой, мені де жек көресің бе?
— Жо-ға, сіз іше беріңіз, сізді жек көрмеймін.
— Ха, ха, ха, тамақты бөлек жасап ішесіңдер.
— Оны білеміз енді, бірге тұрып жүрміз ғой.
— Келіншегің биік өкше аяқ киім кимейтін болсын.
— Неге?! Оның қатысы қанша?
— Қатысы қанша дейсің бе-ей? Дәлізден кіргенде мазамыз кетеді ғой.
— Жарайды.
— Далаға шыққанда аяқтарыңның ұшымен басып шығыңдар.
— Неге?
— Дыбысы шықпау үшін, әйелім ұнатпайды.
— Айтқаныңыз болсын.
— Ал кірген кезде…
— Онда да аяқтың ұшымен кіреміз ғой? –
—Жоқ. Кірген кезде өкшелеріңмен ептеп, дыбыс шығармай кіресіңдер…
— Мақұл, мақұл, мақұл.
— Ал тамақ жасаған кезде..
— Иісін шығармай, аяқ-табақты салдырлатпай жасаймыз ғой.
— Оны қайдан білесің?
— Аға, ау аға!
— Тыңдап тұрмын.
— Атаңның басы.
— Не, сен… адам боқтадың ғой, кімсің өзің?
— Боқтықтың үлкені мынау, естіп ал, қазақ былай боқтайды, жетпіс жеті атаңның басы,
үйт тексіз хайуан сол. Ойнастан туған малғұн – дедім де, телефонды жаба салдым. Жаңбыр
толастайын деді, сүрепеті кеткен айғыз-айғыз көшемен қараңғы түн құшағына сіңіп барамыз.
Пәтер іздеп жүрміз…

Решение:

Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» атты әңгімесі – тілі жеңіл, түсінікті жазылған шығарма. Осы шығарманың негізгі кейіпкерлері – жас жұбайлардың пәтер, баспана мәселесіндегі қиындықтары арқылы автор қысқа ғана әңгімемен өмір шындығын айнытпай баяндайды. Шығарма басталысымен пәтер іздеп жүрген жас жұбайлар әңгіменің ең соңғы сөйлемін де «пәтер іздеп жүр едік» деп аяқтайды.