СОР № 1 Казахская литература 5 класс М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
НазадМ.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Задание:
Шығарма кейіпкерінің бірінің тұлғалық ерекшеліктерін талдаңыз.
Үлгі: Манап — еңбекқор, бауырмал, адал, әке алдындағы борышын өтеді, қамқоршы, бейнет көрген жігіт.
Анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап, эссе жазыңыз (120-130 сөз).
Решение:
М.Қабанбайдың Бауыр әңгімесінде соғыстың зардабынан жетімдік көріп, қиын кезеңде бауырын жетімдер үйіне тапсырып, кейін іздеп келген Манаптың көңіл-күйі мен сезімдері, ойлары бейнеленген. Манап ауылда өскен бала. Анасы қылтамақ ауруынан қайтыс болады. Оған бұл қатты әсер етеді. Сондықтан Манап соғыстан контузиямен оралған әкесімен бірге тұруға мәжбүр болады. Әкесі үнемі ауырып, ауруханадан шықпайтын болғасын, інісі Қалиға қарайтын адам болмай 4 жасында жетімдер үйіне өткізеді. Өзі интернаттың қатал өмірін көріп, тәрбиеленіп кейін өзінің күшімен Алматыға оқуға түседі. Сосын өмірдегі екінші сүйеніші — әкесі қайтыс болып, оны жерлейді. Біраз уақыт ес жия алмай жүреді. Кейін ес жиған соң інісі Қалиды іздеп Омбы қаласына барады. Інісін табу оңай болмағанмен, сол қаладан Қалиді табады. Мүлде өзгерген, жат жерде орысша оқып, есейген інісін көріп мауқы басылғандай болады. Біржағынан жат бауыр болып кеткен інісіне көңілі толмай әр түрлі ойға батады. Інісіне ауыл, әкей есіңде барма дегенде — інісі басын изейді де қояды. Әкеміздің басына тастан қоршау тұрғыздым — дегендеде інісі: Ол не тас — деп түсінбей қарайды. Інісін тапқанмен бөтен елде өгей болып кеткен інісін көрген Манап, ендігі жылы келетінін айтып хош айтысады. Жетімдер үйінің директоры мен тәрбиешісімен хоштасқан Манап вокзалға келеді. Сол жерде танысқан таксист жігітте Манаптың мұңдасы болып шығады. Ол да қарындасынан жетімдер үйінде айрылып таба алмай жүр екен. Таксист жігіт ендігі жылы келсең, інің екеуің үйге қонақ болып келіңдер — деп мекен-жайын береді. 14 жылдан кейін інісімен кездескен Манап інісі Қали бей-жай мінез көрсетсе де оның миығынан күлген күлкісін әкесінің күлкісіне ұқсатып ,көңілі жібиді. Бауырын тапқанына іштей қуанады. Бұл оқиға соғыстың кесірінен жетімдер үйіне өткізілген балалар мен жетім бала Манаптың тағдыры туралы. Басты кейіпкер Манап. Бұл әңгіме жетімдікке қайырымдылықпен қарауды, бауырға мейірімді болуды үйретеді. Өмір екі бауырды қиын жағдайға қалдырса да, бір-бірінен алыстағандарымен жүректері бір қанмен жүрді