СОР № 1 Казахский язык 6 класс Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология
НазадҚазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология
Задание:
Суретке назар қойып қарап, қандай салт-дәстүрлер бейнеленгенін анықтаңыз, бұл дәстүрлер қалай орындалатыны туралы топта талқылаңыз.

2. Мәтінді мұқият оқып, үстеулерді теріп жазыңыз.
Жазылмаған дала заңы қазақ халқының кеше ұстанған салт-дәстүрі мен әдетғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр. Әрқашан ұрпағының тектілігін сақтауды көздеген батыр бабаларымыз оны өздерінің қасиетті борышы санаған. Дархан даламыздың кешегі жазылмаған заңдарын білесіз бе? Олар бүгін қаншалықты орындалып жүр? Ертең оны келешек ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Ендеше қандай жағдайда не істеу керектігін әрқашан білген артық етпейді. Олай болса, не беру керек, не сұрау керек және не тілеу керек екенін біле жүрейік. Мыналарды үнемі есте сақтау керек: үлкенге – ілтипатпен сәлем, қуантқанға – сүйінші, қуанышқа – шашу, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – мол базарлық, киімге – байғазы, сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалауын, жаңа көршіге – құрметпен ерулік, досқа – естелік, жетімге – жанашырлықпен қолқайыр, мүсәпірге – садақа, байлықтан – шүлен үлестіру, тойға – сияпат, жас босанған анаға – қалжа, сағынғанға – ыстық сәлемдеме.
Решение:
1)Баланы қырқынан шығару
2)Қыз ұзату
3) Баланы бесікке бөлеу
Үстеулер- кеше, биік, әрқашан, бүгін, ертең, артық, ілтипатпен, үнемі, құрметпен, жанашырлықпен,