СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы

Задание:

Сіздің мектебіңізге Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл кездесуге келді. Осы кездесу туралы суретті сипаттау арқылы «Олимпиада жеңімпазымен кездесу» тақырыбында эссе жазыңыз.

Эсседе төмендегі мәселелерді қамтыңыз: — келген қонақ туралы — мектеп өмірі туралы — оқушылар жұмыстарын тамашалау туралы — спорттың денсаулыққа пайдасы жайында — Қазақстанның Рио-2016 олимпиадасы туралы — ауыр атлетика жөнінде — өзіңнің спортқа деген көзқарасың жайында.

Решение:

Эссе

Бүгін біздің мектебімізге Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл кездесуге келді. Күміс жүлде иегерін көзбен көру шын мәнінде басқаша екен. Жазира апайдың олимпиадағы жарысын тікелей эфирден теледидардан отбасымызбен көрдік. Көріп қана қоймай — жанкүйер болдық. Ал, мектепке келгені жайлы айтатын болсам: күтпеген жерден біздің сыныпты дәлізге бір сапқа тұрсын деп айтып кетті. Шықсақ бас есіктен Жазира Жаппарқұл ханым кіріп келе жатты. Біз барлығымыз аң-таң болып қалдық. Кірген соң оны мектеп басшылары мен үздік оқушылар мекеме ішін көрсетуге кірісті. Ал біз болсақ олардың артынан, олимпиада жеңімпазының әңгімелерін тыңдап келе бердік. Мектеп мұражайымен таныстырып болған соң Жазира апайды мектеп акт залына алып кірдік. Бұл жерде оны өнерпаз, дарыны асқан бал-балалар күтіп тұрды. Концерт біткен соң мейірімді қонақжайлылықпен Жазира Жаппарқұл ханымды сапарына шығарып салдық