СОР № 1 Казахский язык и литература 8 класс эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
Назадэссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
Задание:
«Қазіргі таңда Наурыз мерекесі өз мәнінде тойланып жүр ме?» деген тақырыпта эссе жұмысын жазыңыз. Эссе мазмұнында мерекенің дәрежесін көтеруге қатысты ұсыныстар беріңіз.
Эссеге төменде көрсетілген кілт сөздер, сөз тіркестерін қолданыңыз: қайта жандандыру, ұлы мереке, экологиялық тәрбие, Жаңа жыл мерекесі, заманауи, ұлттық рух, ұлттық ойындар, наурыз көже, ұлттық қолөнер, бейбітшілікке бастар ізгі мереке
Решение:
Әрине, мойындауымыз керек, Наурыз мейрамын атап өтудің қазіргі заманғы үлгісі оның бұрынғы мағынасынан алшақ. Дегенмен, бүгін Наурыз мейрамы қазақтың да, украин, орыс, неміс және Қазақ елін мекен еткен басқа да 130 ұлт өкілінің ортақ мерекесіне айналды. Ата-бабамыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында бұл күндері ағаш отырғызу акциялары, қайырымдылық шаралары өткізіледі. Жер-жерлердегі әкімшіліктер тұрғындарға шама-шарқынша мерекелік бағдарламалар әзірлейді. Құрылған сахналардың бірінде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп жатса, бірінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатады. Бірінен-бірі өткен киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылады. Ұлттық киім киген ұл-қыздар алтыбақан теуіп, мәз-думан болады. Жергілікті мейрамханалар мен наубайханалар өнімдерінің саудасы ұйымдастырылады. Бірақ соңғы кездері «Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда. Тігілген киіз үйлер санаулы адамдардың рахаты мен ішіп-жеу ордасына айналып, олар сырттан бақылайтын қарапайым жұрттың алакөздігін тудырды. Наурыз мейрамы қарын тойдырумен шектеліп, рухани баюымызға, болмаса құмарта тынығуымызға септігін тигізбей отыр», деген пікірлер айтыла бастады. Бұл қаңқу сөздер ме әлде олардың астары бар ма? Менің ойымша әрине бар. Себебі ұлы мерекеміз Наурыз мейрамын бұрынғыша тойлап, нағыз көшпенді қазақи стильде емес замануи түрде қарын тойдырумен қана тоқталуда, расында. Бұрынғыша бейбітшілікке бастар ізгі мерекемізді көп ұлт болып бірігіп ат шаудырып, қыз қуу сынды ұлттық ойындар мен бастапқы наурыз көженің бүгінде рецептімен күтіп алатындар аз. Саусақпен санарлық. Бұны экологиялық тәрбие дейміз бе немесе ұмыт болып бара жатқан ескілік дейміз бе — нақты жауап жоқ. Бір білерім — қазақи Жаңа жыл мерекесін қайта жанжандыру бәрімізге міндет. Ол үшін келер күннің тал болашағын тіктеу қажет.