СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі

Задание:

Мәтінді оқып, тақырыптың маңыздылығы туралы туралы ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз  Бірінші сөйлем:«Менің ойымша,…»;  Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;  Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;  Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім…».

Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Бұл тақырыпты ұсынудың себебі: бұл көрме энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталды. Халықаралық көрмеге арқау болып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеуге, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көше бастады. Қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар. Астанада өткен көрме Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болғалы отыр. Біз бұл биікке де бүкіл ТМД кеңістігінің, бүкіл түркі дүниесінің, бүкіл мұсылман әлемінің арасынан бірінші болып қол жеткіздік.

Решение:

1.Менің ойымша ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы  ретінде – «Болашақтың энергиясы» деген өзекті мәселені алған болатын.2.Оның себебін былай түсіндіремін ,күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі.3.Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:әлем елдері энергияны үнемдеуге, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға және  қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар. 4.Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім ЭКСПО көрмесі арқылы осындай аталып өткен мәселелердің біршамасы шешілген еді.