СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Отбасы және демографиялық өзгеріс

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Отбасы және демографиялық өзгеріс

Задание:

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 2017-2018 жылдардағы пайыздық көрсеткіштерді салыстырып, қай себептер бойынша пайыздық көрсеткіш артқан не кемігендігін анықтаңыз. Неліктен?

Решение:

Екі мәтінге зер сала қарап отырсақ,үлкен айырмашылықты байқауға болады.Салыстырсақ өзгерістердің бары білінеді.Перинатальды кезеңде болатын жағдайлар 2017 жылға қарағанда 2018 жылы азая түскен.Керісінше тыныс органдары ауруларынан болатын әсер 2018 жылы көбейе түскен.Сонымен қатар инфекциялық және паразитарлық аурулардан болатын жағдайлар да көбейген.Ал туа біткен ауытқулардан болатын нәресте өлімі 2018 жылы азайған екен. Осы 2018 жылы өткен жылға қарағанда жазатайым жағдайдан және басқа да себептерден нәресте өлімі көрсеткіштері көбейе түскен.Ал ас қорыту жүйесі ауруларынан болатын себептер азайған еді.Жалпы,сызбада көрсетілген көрсеткіштерге сүйенсек,адамның өз денсаулығына салақтық танытуынан орын алғандығы көрінеді.Сонымен бірге қоршаған ортадағы өзгерістер де өз әсерін қатты тигізеді.Болашақ ұрпаққтың денінің сау болуы,аман жүруі еліміз үшін қатты маңызды деп есептеймін.