СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер
НазадБейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер
Задание:
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Қазақстан үшін ядролық қарудан бас тарту дамыту қаншалықты маңызды? Мәтіннің негізгі идеясын экономикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық тұрғыдан талдаңыз.
Тамыз айының 29 жұлдызы – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Бұл күннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Дәл осы күні ҚР Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын. Кейін тағы да сол Қазақ көшбасшысының бастамасымен БҰҰ бұл күнді «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» ретінде белгіледі. Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласындағы бастамаларға белсенді түрде қатысып, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласында жүйелі әрі жауапты саясат жүргізіп келеді. Бұл – шын мәнінде, қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау тапқан тарихи шешім. Жалпы саяси-тарихи дерекке сүйенер болсақ, дүниежүзінде өз еркімен ядролық арсеналдан бас тартқан мемлекет жоқтың қасы. Расында да, кезінде «ядролық қаруды сақтап қалайық» дегендер де болды. Бірақ бұл шешімнің дұрыс екендігі жыл өткен сайын айқындалып, аузы дуалы ғаламдық саясаткерлердің тарапынан да орынды бағасын алып келеді. Бір ғана мысал, 40 жылдан астам уақыт бойы Семей полигонының зардабын қара халық тартты. Қырық жыл ішінде сынақ полигонының аумағында 456-дан астам ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Халық шешімін қолдаған еліміздің Бірінші Президенті әлемде көлемі жағынан төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, осылай үлкен тәуекелді іске барды. Айта кететін бір жайт, әлемде бірде-бір мемлекет басшысы мұндай батыл қадамды жасай алған жоқ. Тарихқа көз тастар болсақ, 1991 жылдың 29 тамызы жаһандық ядролық қарусыздануға қатысты жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылынан бастап, әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан ел Қазақстанды үлгі тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Расында да бүгінгі күні күн тәртібінде бейбітшілік үшін табандылықпен күресу міндеті тұр. Ол үшін өткен ғасырдың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, өнер қайраткерлері және миллиондаған адамдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар екенін түсінетін кез жетті. Демек Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бүгінгі ядролық қарусыздану, бейбітшілік жолындағы ғаламдық бастамалары мен берекелі істері болашақта баянды, жыл өткен сайын өміршең боларына және шынайы жүзеге асарына біз бек сенеміз.
«ЭСӘТ» талдауы

2. Автордың мақсаты қандай? Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
Решение:
