СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Табиғат және экология. Шешендік сөздер
НазадТабиғат және экология. Шешендік сөздер
Задание:
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Кестеде берілген үлгі бойынша автордың көтерген мәселесіне оқырман тұрғысынан талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Қазақ даласы күл-қоқыс Жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі болып есептелетін адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Осыдан біраз жыл бұрын үлкен крейсерлік кеме капитаны Чарльз Мур Тынық мұхитында көшіп жүрген үлкен күл-қоқыс «аралын» көреді. Кейін ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл шын мәнінде суға батпайтын әртүрлі пластмасса құтылары мен тұрмыстық қалдықтардан құралған қоқыс үйіндісі болып шыққан. Бұл Тынық мұхитындағы күл-қоқыс «аралының» көлемін дәл анықтау мүмкін емес. Кемеден қарағанда оның шегі мен шеті көрінбейді. Ал ұшақтан оны анықтау тағы қиын. Ғалымдардың пікірінше, үнемі көшіп жүретін бұл күл-қоқыс «континентінің» жалпы көлемі 700 мың шаршы шақырымнан 15 миллион шаршы шақырымға дейінгі аумақты алып жатқан көрінеді. Яғни бұл мұхиттағы күлқоқыс «аралында» 100 миллион тоннадан астам әртүрлі ҚТҚ мен қоқыс жинақталған. Чарльз Мурдың есебінше, күл-қоқыс «аралының» 80 пайызы құрлықтарда тасталған күл-қоқыстан, 20 пайызы кемелер палубасынан мұхитқа лақтырылған әртүрлі қоқыс қалдықтарынан құралған. Міне, адамзаттың табиғатқа жасаған қиянаты құрлықты қойып, алып мұхиттарды да улап жатыр. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы даламызды ғасыр тажалы атанған ядролық сынақтар 40 жыл қақыратса, қолдан жасалған қырсықтың кесірінен қос тамыры тартылып, ақ айдын Аралдың суалғанына да ширек ғасырдан асты. Баянауылдың басынан бағы тайды, тау мен тасы тесілген Қарқаралыны бұлт торлады, жер жәннаты Жетісудың бұлағы сарқылып, көк майсасы жұтаңданды. Көлі құрғап, көңілі ортайған көгілдір Көкшетаудың да әрбір күні күрсінумен өтіп жатыр. Байқоңырдан ғарыш кемесін ұшырып, ырысты да күрішті Сыр бойын тоздырдық. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ – «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы – күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

2. Мәтіндегі автордың ұстанған позициясына сіз қаншалықты келісесіз? Сыни тұрғыдан өз пікіріңізді білдіріңіз.
Решение:
