СОЧ № Казахский язык 5 класс
Назад
Задание:
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Саяхат қызықтары
Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл адамдар саяхаттау үшін ғана жаралғандай. Ал кейбір адамдар саяхатты дүниетаным кеңейтудің жолы деп емес, тек демалыс деп қана ұғады. Сіздің қай топқа жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз.
1. Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру Күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге серпін беріп, күш-қуат сыйлайды. Күнделікті мезі етер, шешімі қиын мәселелерден арылып, тыныш табиғатта тыныққанға не жетсін. Бірнеше күн саяхаттап, демалып көріңізші, сергіп қаласыз.
2. Жаңа қабілеттерге ие боласыз Саяхаттау жаңа мәселелер мен міндеттерді алға қояды, бұл міндеттерді, мәселелерді шешу арқылы өзініңіздің қабілетіңіз бен мүмкіншілігіңізді арттырасыз.
3. Дүниетанымыңызды кеңейтесіз Сапар шегу арқылы сіз өзге мәдени әлемге, өзге адамдардың өміріне саяхаттайсыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне, тұрмысына үңілесіз, мәнін іздейсіз. Сол арқылы әлемді тануда жаңа көзқарас қалыптастырасыз. Өз еліңізге келгенде санаңызда салыстыруға болатын дүниелер пайда болады. Бір ескерерлігі, салыстырып отырған ұғымдарыңыздың тарихы мен ауқымын назардан тыс қалдырмаңыз.
4. Табиғатпен оңаша қалу Біз көп уақытымызды жабық кеңістікте өткіземіз. Ал саяхат жасау сізді кең кеңістікке – табиғат ананың аялы алақанына алып шығады. Аймақтың кеңдігі кеудеңіз кеңеюіне де жол ашады. Табиғатпен оңаша қалу сізді терең ойларға жетелейді.
1. Саяхатқа қатысты адамдарды қандай екі топқа бөлуге болады?
1)_________________________________________________________
2)_________________________________________________________
2. Автор көрсеткен саяхатқа барудың 4 себебін (әр себепті кемінде 2 сөйлеммен) өз сөзіңізбен жеткізіңіз.

Решение:
1)Саяхаттау үшін жаралған адамдар. Саяхатқа жаны құмар адамдар
2)Саяхатты тек демалыс деп ғана ұғатын адамдар
1. Қаланың күйбең тіршілігінен, у-шуынан демалу. Тыныш табиғатқа келіп рахаттану
2.Дана қабілетке ие болу. Мүмкіншілігіңді арттыру.
3.Дүниетанымды кеңейту. Өзге елдердің мәдениетін көріп, оларды зерттеу
4.Табиғатпен оңаша қалу. Ойыңның тереңіне жету.