СОЧ № Казахский язык и литература 6 класс
Назад
Задание:
Айтылым
Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен шағын әңгіме құрап айтыңыз. Әңгіме мазмұнында лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін сақтап қолданыңыз (10-12 сөйлем).

Нышан, бейбітшілік, аңыз, көрме, ойын-сауық орталығы, халықаралық байланыс, болашақ, ғажайып
Решение:
Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің нышаны. Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан. Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана — жаңа ғасыр ғажабынан жаралған болашақ қаласы. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды. Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Жас, гүлденген астанамыздың әсем де көрікті жерлерімен танысыңыздар. Олардың қатарында Қазақстанның бетке ұстары – Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңдағы ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні бейнеленген «Қазақ Елi» монументі, Астананың сәулет жарасымдылығында жаңа көрнекті орын – Тәуелсіздік Сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нышаны, оның келбеті, Қазақстан үшін сейіл құру өндірісінің тағы бір жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық орталығы бар.