Ответы СОР\СОЧ Казахский язык

Крупное сообщество по публикации ответов и заданий на СОРы и CОЧи. Публикуем ответы первыми! Все ответы бесплатно!

Назад

10ЕМН класс

Казахский язык - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Сіз тілші ретінде театрға жаңа қойылымды тамашалауға бардыңыз. Жергілікті газетке осы спектакль туралы пікіріңізді жазыңыз. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданыңыз.

Смотреть ответ

10ОГН класс

Казахский язык - 10ОГН класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

А мәтіні
«Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын». Дағыстан ақыны Расул Ғамзатовтың бұл сөзі ғасырлар өтсе де, өзіндік мәнін жоймақ емес. Расында тілі жоқ халықтың тауқыметін адамның басына бермесін. Өлі тілдерді оқу және зерттеу орталығының директоры Майкл Краусс әлемде 600 ғана тілдің қалатынын айтады. Басқаны былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрдымға кеткен тілдер өте көп. Аты ғана мемлекет. Халқы орысша сөйлейді, өйткені бір тілдің басымдығы екіншісін жоқ етеді. КСРО тұсында Мәскеудің қызыл саясаты арқылы «Бір тіл — бір ұлт» идеологиясы жүргізілді. Соның салдарынан Кеңес Одағында тұратын халықтың барлығы да орыс тілінде сөйледі.
Осы орайда, америкалық тілші-ғалым Майкл Краустың жойылу қаупі төнген тілдерді жіктеуіне тоқталайық:
Біріншісі – қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі – қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі – аса қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндердің – жасы елуден асқандар.
Төртіншісі – өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар ғана сөйлейді.
Бесіншісі – жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.
Бұдан шығатын қорытынды не? Ортасы жоқ тіл – өлі тіл. Ал тіл өлі болмас үшін талпыныс керек. Мейлі үш тілді бол, бірақ негізгі мемлекет құраушы ұлттың тілі өзінің басымдығын көрсетіп тұруы керек.

Ә мәтіні
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тəуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздарған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау егжей-тегжейлі зерттеу, нəтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор. Ұлттық құндылықтардың ішінде өзекті саналатын тіл мәселесі қашан да маңызды болып қала беретініне ешқандай күмəніміз жоқ. ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Əсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тіліміздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан, көсемсөз жазып, дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде былай дейді:
« …Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға əртүрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Бізді төсекте дөңбекшітіп, ұйқымызды бөлетін нəрсе – осы. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себепкер болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын деген жандар әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпастың қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек…». Бұл сөзден соң өзіңіз, жас ұрпақ, ой түйе беріңіз!

А мәтіні
«Ұлытаудың» Еуропадағы сапарлары – қазақ эстрадасының дамуындағы жаңа кезеңнің көрінісі. Олар қазақ эстрадасының әлемдік музыка саласындағы алғашқы қарлығаштары деуге болады. Қазір бізге үлкен жол ашылған. Мұндай іссапарлар жиі ұйымдастырылып тұрса, шетелдіктер қазақ өнері мен мәдениеті туралы көбірек хабардар бола түседі. Қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауда үкімет тарапынан шет елдерде ұйымдастырылып жатқан апталықтар мен айлықтар жеткіліксіз. Оған іскерлік мақсатпен сырт елдерге жиі сапарға шығатын барлық азаматтар атсалысуы керек. Егер олар әрдайым өздерімен бірге өнер шеберлерінің аудио және бейне күйтабақтарын ала кетіп, әріптестеріне кәде ретінде ұсынып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ өнері мен мәдениетін шетелге насихаттау, қайта жаңғырту мақсатындағы ауқымды бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы жолға қойылған. Дәстүрлі және классикалық музыка бағыты бойынша шығармашылық ұжымдар гастрольдік сапарға шығуда. Театр өнерінің жетістіктерін арттыру үшін «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық операларын Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Грузия мен өзге де мемлекеттерде қою жоспарланып отыр. «I am a singer Қазақстан» халықаралық тележобасының екінші маусымы жүргізілуде. Астана, Алматы қалаларында дәстүрлі түрде әлемнің 15 елінің қатысуымен «Астана дауысы», «Star of Asia» атты музыкалық фестивальдері ұйымдастырылады. Кино өнері саласындағы айтулы оқиға ретінде 71-Канн фестивалінде қазақстандық павильонның ашылуын айта кетуге болады. 2018 жылдың басынан бері қазақстандық 18 фильм 14 халықаралық кинофестивальге қатысты. 11 жүлдеге қол жеткізілді. Осылайша, қазақ өнері мен мәдениетінің әлемдік сахнаға шығуына жол ашылуда.

Ә мәтіні
Осы кезге дейін театр залын толтыруды ғана мақсат етсек, енді залды немен толтырғанымызға да қарайтын уақыт жеткен сияқты. Ел мінінің түзеуші саналатын театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде? Театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішімізге найзағай түскендей күй кешетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың орынсыз күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Мәдениетсіздігі мен талғамсыздығын қоғамда орын алған демократияға теліп, қолына ілінгенін киетін көрермендеріміздің көбейіп кеткені қынжылтады.
Спектакльдің соңында артистер көрермен алдына иіліп, алғыс білдіруге шыққанда, барлығы ысқырып, шыңғырып, театрды басына көтереді. Бір жаманы – олар спектакль жақсы шықса да, жаман шықса да солай істейді. Бұл құбылысты бұрын байқамайтын едім. Бір жылы өзбекстандық Әлімжан Салимов деген режиссер біздің театрмен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп, ағымдағы спектакльдерді күн сайын тамашалады. Кетерінде: «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін, кез келген спектакльдеріңді қошаметтей береді екен» деді. Сонда мен: «Жоқ, біз жақсы ойнағандықтан қолпаштайды» деп мойындамадым. Кейін зерделеп-зерттеп қарасам, ол кісінің пікірімен келісуге болады екен. Бұл құбылыстардың барлығы – көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігінен шығар… Осы орайда жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен сен де түзел!..» дейтіндей боп тұрады.

Смотреть ответ
Казахский язык - 10ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ана тілін жетілдірудің бірден-бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі. Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз, аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, аз бөлігі қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.
Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі. 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы «өте жақсы» және «жақсы» деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы «отбасында, достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу» депті.

1. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.
______________________

2. Мәтін қандай жанрда жазылған?____________________________
3. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз._____________________

4. Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
____________________

5. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.
I. Кіріспе______________________
II. Негізгі бөлім__________________
III. Қорытынды__________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 10ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Екі бөлім бойынша берілген 2 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
1-бөлім. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті
Алаш пен ағылшынды салыстырар болсақ, екеуіне де ортақ тағылым – ұлт дамуында тілдің маңызды рөлін түсінуі деп білеміз. Қазірде жаһан жұрты ағылшын тілін үйренуге неліктен үйірсек? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

2-бөлім. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті
Әлемде балет өнеріне тыйым салған мемлекеттер бар. Балеттің денсаулыққа зияны туралы да естіп жатамыз. Қалай ойлайсыз, балет өнеріне тыйым салу керек пе? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.____________________

Смотреть ответ

11ОГН класс

Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

1. Суреттерге қарап, тақырып бойынша болжам жасаңыз.


2. Мәтін бөліктерін тыңдап, әрі қарай қандай мәселе қозғалатынына өз болжамыңызды
білдіріңіз.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mjkUZtfi9bk
1-бөлік
Құрметті қазақстандықтар!
Менің отандастарым!
Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын.
Ел алдында ірі мәселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.
Болашақ Қазақстанды мен қалай елестетемін?
Сұрақ: Автор Қазақсатанның болашағын қалай елестетуі мүмкін?
_______________________
2-бөлік
Мен 2050 жылғы қазақстандықтар үш тілде сөйлейтін, білімді, еркін адамдардың
қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар.
Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.
Мен 2050 жылғы Қазақстан жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол –
барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы
да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.
Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.
Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де
түзу жолдан тайдыра алмайды.
Сұрақ: Өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін не істеуіміз қажет?
__________________________
3-бөлік
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.
Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген
жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.
Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
3. Өз болжамыңыз бен мәтін мазмұнын салыстырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі деректер мен дәйексөздерді қолданып, жергілікті газетке
«Қазақстан болашағы – біздің қолымызда!» тақырыбында мақала жазыңыз. Авторына
сілтеме жасаңыз.
Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары
уақыт өте келе қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен
Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты
әміршілері болды. Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып, қазақ
жері Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген
«Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады, 1930-жылдардан
бастап, тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан
зор зиянын тигізді.
Бірақ 16 миллион халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда
тәуелсіздігін қайта жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне,ұлттық табысына жоғары иелік ету
құқығы бар,тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді,басқа шет мемлекеттермен
халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды» — деп көрсетілді.
«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын
құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің
қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын
дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына,шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар
иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады» — делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін
құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері
мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз
күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа
Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың
басқару органдарына реформалар жүргізілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып
Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер
мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал
Алматыда шет елдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері
жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ,
мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
А.Е. Құлжанова

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай көшіріп жазыңыз.
Алтын адам
Біздің түп тамырымызға жаңаша көзғараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым
үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы қазақстанның есік қорғанынан табылған,
өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын
адам».
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін
өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркемдүниелер жасаған.
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техн-икасын
жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты
мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет
деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән салтанатты жасау жабдықтар ежелгі
бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын гердің жанынан
табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия
аумағынан бұрын соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінді абзац пен бөліктерге бөліңіз. Мәтін ақпаратын
жүйелеп, қайта құрастырыңыз.
Тұғырлы Тәуелсіздік
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.
Нұрсұлтан Назарбаев
Әр Қазақстанның азаматы айырықша күнін есте сақтады және онымен
мақтанады. 1991 ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси
тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылы біздің тәуелсіздігімізге 27
жыл. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін – ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың
достықтың нәтижесі. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ
армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін қастерлі ұғым Тәуелсіздік
– ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет үшін әлемге
танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес,
өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға
деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп
атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің
салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша
әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй тәй басты. Небары бір неше
аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап,
дипломатиялық қатынастар басталды. Талай талай қас батырлар жанын қиып, қорғап
қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен
қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз –
Қазақстан! Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап,
кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында
ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй тәй басты. Небары бір неше аптаның ішінде әлемнің
көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар
басталды. Қазақстан — тәуелсіз халық. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді
десеңізші?! Еліміздің басынан азапта, аштықта, сұм соғыста өтті. Әсіресе XX — ғасыр
қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Жыл сайынғы Президенттің
халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық
бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді
нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020-
жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін
нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл
атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары
функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі
қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың
қажеттігін атап көрсетті. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған,
қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас
қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
2. Мәтінде қарамен белгіленген сөздер мен сөйлемдердің орфографиялық, стильдік қателерін
түзетіңіз. Емле ережелерін ескеріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

1. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген пікірлерді қоғамдық (отандық) мәселелермен
байланыстырып, келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
Бүгінгі жастардың келбеті қандай?
Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жастарға» деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп ұрпаққа үлкен сенім артқан. Жастар жалын жүректі,
өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Болашақта еліміздің қожасы
да, иесі де болатын – бүгінгі жас буын. Олар – біздер. Біздер жаңа ғасыр, жаңа
мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңіміз.
Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Қазақ қашанда жамандығын жасырып,
жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десек те жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын
жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен
мақтанға бой алдыруымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.
Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға
мұлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда
болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып, бойға сіңіріп
үлгереді. Батысқа табынушылық көпшілігіне тән қасиет. Тіпті, өзінің қазақ екеніне арланып,
өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында
есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті мәселесі болып
отыр. Қазір теледидардан үнді, корей, түрік сериалдары көп беріледі. Кейбір санасы уланған
жастарымыз сол елдердің салт-дәстүрлерін қабылдап еліктеуі ойлантады.
Мәселен, үнділер секілді үстеріне бояу жағып, би билеп, көңіл көтеруін қалай түсінуге
болады? Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін
көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң,
қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі
түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді.
Дегенмен бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті,
арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып
жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады
«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір қазақ
жастары ұлтжандылықты бойына сіңіріп, ұлттық намысты жоғары қоюы керек. Қазақ
жастары тәуелсіз еліміздің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет.
Ел сенімін, үмітін ақтау біздің қолымызда.

2. Әр кезеңнің жастар келбетін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Қосымша ақпараттарды
сызып тастаңыз.
«Заманға сай адам». Ол кім?
Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып бара жатқандай әсер қалдырады. Әр ұрпақ
өзін барынша заманға сай адам ретінде сезінетіні заңдылық. Техникалық прогрестің
арқасында ол өзінен бұрын өмір сүрген адам көрмеген нәрселерді қолданады. Расымен,
өткен ғасыр адамдарының қиялында болған іPad-тың бір өзі қандай зор мүмкіндіктер беріп
жатыр!
Адамдардың ойлары, киім кию әдебі өзгеріп, жаңа ұрпақпен жаңа өмір басталып
жатады. Өз заманында ең атақты болған әуендер, сән үлгілері, қарапайым шаш сәні қазір
бізге тым қарапайым болып көрінеді емес пе? Анаңыздың не әкеңіздің суреттерін көріп
отырып, дәл қазір өзіңіз сол суреттегідей балақты шалбармен көшеге шығар ма едіңіз? Біздің
ұрпағымыз да біршама жылдардан кейін, ноутбукті көрген кезде «Неткен қарабайыр
техника!» деп айтуы әбден мүмкін!
«Виртуалды әлем» пайда болып, кейбіріміз осы әлеммен өмір сүреміз. Күніміздің тым
көп бөлігі жұмыста өтеді. Жұмыс үшін жеке өмірді кейде ұмытамыз. Алайда сол жұмыстың
тапсырмаларына үлгермей, жанталасып жатамыз.
Кез келген техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолданып, жоғары технологиядан
хабардар болып жүргеніңіз жөн. Айпад пен айфонды бір-бірінен ажырата алмау жаңа заман
адамы үшін ұят деуге де болады. Заманауи адам болып жатқан маңызды жаңалықтарға құлақ
түріп жүруі керек. Кез келген тақырыпты әрі алып кете алатындай ой өрісіңіз, біліміңіз
болғаны жөн. Заманауи адам – жоғары білімді, өте мәдениетті, рухани бай және жетістікке
жете білетін адам. «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек». Гардеробыңызда кез
келген жағдайға: жұмысқа, кездесуге, отырысқа, кештерге т.б. арналған киімдердің тұрғаны
жөн. «Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман» деген сөз рас. Сондай-ақ адамның сіз
туралы ең бірінші ойы сыртқы келбетіңізге байланысты қалыптасатыны дәлелденген.
2. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді теріп жазыңыз.
_________________________
3. Мәтінде берілген бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас
сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырыңыз.
__________________________
4. Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдаңыз (50 сөз).
____________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, автор көзқарасын ғаламдық мәселелермен байланыстырыңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтін
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Еліміздің бірінші президенті – Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл – даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өкініштен өртенген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күні – ұлы күн. Бұл үлкен еңбек пен халықтар достығының нәтижесі. (249 сөз)

2-мәтін
Тәуелсіздігін жариялаған аз ғана уақыт ішінде Қазақстанды дүниежүзінің жиырмадан астам мемлекеті мойындады. Қазақстанның мемлекеттілігін ең алғаш мойындаған бауырлас ел – Түркия болса, АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстанда өзінің елшілігін ашты.
1991 жылы тамызда еліміздің бірінші президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны түпкілікті жабылды. Сөйтіп ядролық қару-жарақты таратпау Қазақстанның сыртқы саясатындағы бейбітсүйгіш саясаттың басты бағыты болып қалды. Ал 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Сол жылы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеп, бүкіл әлемге тәуелсіз елімізді жан-жақты таныстырды. Бұл біздің еліміздің бүкіл дүниежүзілік кеңістікте көзқарасын нығайтуына мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік елімізге сырттан қол сұғушылықтан қорғануға кепіл бола алады.
Бұған қоса, еліміздің Бірінші президенті 1992 жылы БҰҰ-ның кезекті алқалы жиынында Азия құрлығындағы мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтап қалу мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Бұл ұйым 2002 жылы маусым айында осы кеңестің Алматыда өткен алғашқы саммитінде түпкілікті рәсімделді. Кеңестің құрылғаны жөніндегі арнайы құжатқа Азияның 16 мемлекетінің басшылары қол қойып, қуаттады.
Ал 1994 жылы желтоқсанда Венгрияның бас қаласы Будапештте ядролық қаруы бар елдер Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепілдік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп Қазақстан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Бұған қоса, көршілес Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара анықталып, толық шегенделді. Бұған қоса, Ресеймен, Түркіменстанмен және Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі шекара да анықталып, белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО тәрізді аймақтық құрылымдарға, сондай-ақ ДСҰ-ға мүшелікке енуі біздің еліміздің Еуразия кеңістігіндегі белсенді сыртқы саясатын айқындай түсті. Дүниежүзінің сарапшылары Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көшбастаушы ғана емес, аймақтағы іргелі ел ретінде мойындауда. (259 сөз)

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, автор көзқарасын анықтаңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін
Елімізде жастардың көбеюі, әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің кемел келешегі болып саналатын жастар, яғни біздер, халқымыздың өсіп-өркендеуі, қоғам үшін де маңызы зор құндылықтың бірі болып саналамыз. Алайда «біздің болашағымыз» деп мақтана жүретін жастарымыздың мінез-құлқы мен тәрбиесі, олардың киген киімі мен ұстанған үлгісіне сәйкес болмай жататыны – ащы да болса, шындық. Негізгі нысанаға, алдымен, мектеп оқушылары мен арнаулы орта оқу орындарында және кәсіптік мектептерде білім алып жатқан жастарды алатын болсақ, олардың қатарында ауылдан шыққан қаракөздермен бірге қаланың «гламурный» ұл-қыздары да бар. Ауылдан келген ұяң баланың көрген өнегесі қалалықтарға қарағанда өзгешелеу болатыны да жасырын емес.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әртүрлi сән үлгiлерiне, әуендерге қызығушылықтан туған. Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Тағы да бір айта кететін мәселе, теледидардан толассыз берілетін кәріс, түрік сериалдары да бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндеріміздің санасын улап жатқаны рас. Кәріс

елінің атақты жас әртістерінің суреттерін қолдарына ұстап, жүректеріне басып жүрген қаракөз қыздарымыз қаншама? Кәріс жігіттеріне еліктеп, шаш өсіріп, оларды өздеріне үлгі қылып алған қара домалақ қазақтың қайран жігіттері-ай!
Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, өз жастарымызды танымайтындай халге жеттік. Қазақтың ұлттық мәдениетіне жат киім үлгілері, қыздарымыздың тобықтан келетін белдемшелерінің тізенің үстіне көтерілуі, омырауы ашық көйлектерді киюі, батыс мәдениетінің жастардың жүрегінің төрінен орын алуынан.
Шынын айтсақ, мысықтабандап келген субмәдениеттiң елімізде дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, саралайтын, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ.
Сондықтан, өзін қазақпын деп санайтын және сол сөзді мақтана қуанышпен айта алатын әрбір қазақ жастары – біз бұл келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек! (290 сөз)

2-мәтін
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес, сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі – «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді.
Жастар субмәдениеті – киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айырықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық.
Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады?» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай жатады.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Соңғы жылдары музыкалық субмәениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі.

Субмәдениет – бұл жастардың қоғамдағы әлеуметтік белсенділік алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге – бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Ендеше, келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн осындай бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. (394 сөз).

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur – мәдениет» деген ұғымнан шыққан. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың, әсіресе, жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ:
ХХ ғасырдың 30 жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар – мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рахаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болды.
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика. Готика мәдениеті ХХ ғасырдың 70 жылдары панктермен қатар пайда болды. Олар панктерге өте ұқсас, тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, христиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп, ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да «эмошылар» белең алған. Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар эмошылар қайғылы өлең оқығанды ұнатады.
Яппилер – белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады.

1. Мәтін қандай стильде жазылған? Дәлелдеңіз. _____________________________

2. Мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазыңыз._____________________________

3. Мәтінде айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі қолданылған? Мысал келтіріңіз_________________

4. Мәтінде етістіктер қай шақта қолданылған? Мысалдар келтіріңіз.
___________________________

5. Мәтінде ғылыми стильге тән қандай шартты белгі кездеседі? Дәлел келтіріңіз_____________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 1 четверть

Берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.
1) 2030 жылдағы Қазақстанның дамуын көз алдыңызға елестетіп, еліміздегі түрлі инновациялық өзгерістерді ұлттық құндылықтармен байланыстырып, «Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті» тақырыбында шығарма жазыңыз.

2) Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ең айтулы жетістіктерін баяндап, естелік жазыңыз.

3) Қазіргі заман жастарының бойындағы қасиеттерді талдап, «Адамына қарай заманы жоқ әлде заманына қарай адамы ма?» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз.

4) «Мен жастарға сенемін…» тақырыбында Мағжан ізімен өлең түрінде шығармашылықпен өз ойыңызды жазыңыз.

Смотреть ответ

5 класс

Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерінен синоним мен антонимдерді жіктеңіз.
Антоним, синонимдер: жүйрік, шабан жүйрік, шипалы, емдік қасиеті, киелі, қасиетті, тұнық, мөлдір.

«Жылқы — қасиетті жануар» тақырыбында мәтін құрастырыңыз

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Ондағы көтеріліп отырған мәселелер туралы ойыңызды 5-6 сөйлеммен жүйелеп жеткізіңіз.
Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ! Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз демалыс күндері де ашық. «Балақай» дүкені. Сіз үшін тек ең жақсысы! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, Орталық әмбебап дүкені, 2-қабат, 56-бутик.
(мәтіннің аудиосы жазылады немесе мұғалім оқып береді)

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

«YES» шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін үйренудегі мақсаттарына қол жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.
Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком әдісі арқылы өзіміздің тіл үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді! Біздің сабақтар қарым-қатынас тәжірибесіне бағдарланған!
«YES» шет тілдер мектебі – әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы ұйым PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз! Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.

1. Мәтін қандай мақсатта жазылған?
A. Тауар сату
B. Қызмет көрсету
C. Саяхатқа шақыру
2. Мәтінде қандай қызмет көрсету түрі туралы айтылған?
A. Фитнес
B. Шаш қию
C. Тіл үйрену
3. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
A. Жарнама
B. Әңгіме
C. Ертегі
4. Шақыру мақсатында жазылған сөйлемді табыңыз.
A. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді!
B. Біздің сабақтар қарым-қатынас тәжірибесіне бағдарланған!
C. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз!

5. Нақты ақпараттар берілген сөйлемді көрсетіңіз.
A. Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді!
B. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

«YES» шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін үйренудегі мақсаттарына қол жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.
Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком әдісі арқылы өзіміздің тіл үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді! Біздің сабақтар қарым-қатынас тәжірибесіне бағдарланған!
«YES» шет тілдер мектебі – әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы ұйым PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз! Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.

Мәтінде тағы қандай нақты ақпараттар бар? (кемінде 2 ақпарат)

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіннің құрылымын сәйкестендіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жазу барысында сөздердің қатесіз, орфографиялық нормаға сай жазылуына назар аударыңыз. (көлемі 100-120 сөз)
1) Сіз тіл үйрететін орталыққа ағылшын тілін үйрену үшін барып жүрсіз делік. Орталықта тіл үйрену сен үшін оңай әрі қызықты. Өзіңмен бірге сыныптас достарыңның да осы орталыққа баруын қалайсыз. Осыларды ескере отырып, тіл үйрету орталығын жарнамалаңыз.

2) Сізге белгілі бір фирманың киімдері ұнайды. Ол фирма өкілдері сізге сол фирманың киімдерін жарнамалауды ұсынды. Тұтынушылардың қызығушылығын оятатындай жарнама мәтінін ойластырыңыз.

3) Кейбір отбасында дастархан басына барлық отбасы мүшелері жиналмай ас ішілмейді немесе отбасы мүшелерінің туған күндері міндетті түрде атап өтіледі. Өзіңнің отбасыңдағы жақсы дәстүрлерді насихаттайтын жарнамалық мәтін жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

«Тілдарын» мектепішілік байқауы
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiлдарын» байқауы өткiзілді. Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын.
Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау:
1. Өзін-өзі таныстыру. «Тұсаукесерін» өткiзу;
2. «Үш тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ.

 

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасаңыз. Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.

Қонаққа бару, ерекше қасиет, сыйластық, құрмет, достық ықылас, сыйлық, дастарқан басында, өнеге, ортақ әңгіме, қонақ шақыру, дастарқан мәзірі, үй иесінің жайдары қабағы, рұқсат сұрау, қоштасу.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
— Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сонда Сырым жолдасына дауыстап:
— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
— «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», — деген, сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? — дейді.
— Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым.
— Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,- деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырып алған екен.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтап, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз.

Хабарландыру
2016 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін 7-11-сынып оқушылары арасында «Тілдарын» мектепішілік байқау өткізіледі.
Сайыстың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқау төмендегідей кезеңнен тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру «Тұсаукесерін» өткiзу;
2. «Үштұғырлы тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Өтетін орны: Шымкент қаласы, физика-математика бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәжіліс залы.
Басталуы: сағат 15:30-да

Келемін деушілерге есік ашық!

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.

Қонаққа бару мәдениеті
Қонақжайлылық — қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру — қонақжайлылықтың белгісі.
«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару — мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.

Жоспар
Кіріспе бөлім ___________
Негізгі бөлім ___________
а)
ә)
Қорытынды бөлім __________

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Сандықшадағы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Дыбыстар жүйесіне, емлеге, үндестік заңына назар аударыңыз (60-70 сөз)

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Киім. Сән.Талғам. Фонетика

  1. Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер

1. Әйелдің бас киімі, оның отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?
2. Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
3. Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Киім. Сән.Талғам. Фонетика

Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?
Бота: Не боп қапты, Жәудір?
Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.
Бота: Иә, аштым.
Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?
Бота: Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер бар екен!
Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық!
Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.
Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Киім. Сән.Талғам. Фонетика

Сіз — ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Киім. Сән.Талғам. Фонетика

Жұпта «Сән үйінде» тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат барысында төменде ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданыңыз.

Ұсынылатын сөздер: сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік, көрікті

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Киім. Сән.Талғам. Фонетика

Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).
1-мәтін
— Сәлеметсіз бе?
— Аманбысың, келе ғой.
— Сіз Оразәлі ата емессіз бе?
— Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.
— Жоқ, Нұрай — кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.
— Атаң бар ма?
— Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.
— Кімнің баласысың?
— Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.
— Ақылыңнан айналайын!
— Атам да солай айтады.
— Бауырларың бар ма?
— Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.
— Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.

2-мәтін
Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.

Жастардың жауабы:
Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды».
Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз (60-70 сөз).

Смотреть ответ
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгісін қойып, төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.
Итаяқ
Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып Балам, мына істеп жатқаның не? деп сұрайды.
– Бұл – итаяқ дейді бала.
– Оны не істейсің?
– Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

 

Смотреть ответ

6 класс

Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.
Қазақстанның көрікті жерлері
1-бөлігі Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап, әдемі жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде белгілі бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
2-бөлігі Жоғарыда аталған демалыс орындарының әрқайсысының табиғаты ерекше. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы мөлдір. Мұнда денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып, күш жинап, ем қабылдап, күшқуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Мәтінді мұқият тыңдаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек? Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған. Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады. Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан басқа не керек?
1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады?

A) І

B) ІІ

C) ІІІ

D) ІV
2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады?

A) Демалушыларға жасалған жағдай туралы

B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы

C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы

D) Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы
3. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

A) Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.

B) Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.

C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.

D) Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет.

Жауаптары: 1D 2C 3C

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз.
1-мәтін
Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көреді. Ол баласына: — Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді. — Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? — дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді. Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып: — Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, — деді.
2-мәтін Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», — дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», — дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», — дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді.

Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты.
2. Екі мәтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.
Әке, ана, бауырларыңыз — сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда жұбыңызбен сөйлесу әдебін сақтаңыз.
1) Менің отбасымдағы дәстүрлер мен ережелер
2) Ауыл мен қаланың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
3) Қазақстан таулары

 

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз. Екпін түрлерін ажыратыңыз.
Ақ тілегі атаның
Сен қосылып немерем, Кеңейді ғой керегем.

Әттең қолдан келмейді, Айды алып берер ем.

Саған терді төгер ем, Бар нәрсемді берер ем.

Оның бәрін аз десең, Жан беруге көнер ем,

Сен аман бол немерем!
Ұрлап жатыр күн-түн-ді, Көп, күттім мен бұл күнді.

Ешнәрсеге қимаймын, Сенің таза күлкіңді.
Жатыр күлкің жаңғырып, Жұртты естен тандырып.

Балғын тілің жүр менің, Мейірімімді қандырып.

Әжеңді де жұбаттың, Қайғымызды уаттың.

Қартайған да атаңды, Жас баладай қуанттың.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

1. Берілген суреттерді мұқият қарап, аталған тақырып бойынша ой шақырып, эссе жазуға дайындалыңыз.

2. «Әлемнің жеті кереметін» «Әлемнің жаңа жеті кереметі» деп уақыт өткен сайын өзгертіп отыру дұрыс па?». Осы мәселеге байланысты өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, тақырыптан ауытқымай, құрылымын, мазмұнын сақтап, нақты аргументтер келтіріп, эссе жазыңыз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Аспалы бақты кім салдырды?

 Патшаның сүйікті жарының есімі кім?

 Бақ қай шахарда орналасқан?

 Бақты салуға не себеп болды?

 Бақтың жойылып кетуіне не әсер етті?

 Кім қазба жұмыстарын жүргізді?

Семирамиданың аспалы бағы Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауына талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табамын?» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады. Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Александрия маягі Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягі біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктің биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», – деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.
2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.

 Фарос қайда орналасқан?______________________

 Маяк қашан салынды? _____________________

 Маяктың биіктігі қанша? ________________________

 Авторы кім? ______________

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

— Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр… сәлем бер! — деді.

Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екіүш үлкен кісі бар — әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.

… Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып:

— Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? — деді.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз.

Диалог тақырыптары

1) Отан отбасынан басталады

2) Отбасындағы тойланатын мейрамдар

3) Отбасындағы міндеттер

4) Отбасы құндылықтары

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:

• постердің мазмұндылығы;

• постердің тақырыпты ашуы;

• көркем безендіру;

• креативтілік.

Ұсынылатын тақырыптар

 

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төмендегі кестеге топтап жазыңыз.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әкешешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға міндетті. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

2. Берілген суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құрыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтін мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Берілген көптік мәнді есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Көптік мәнді есімдер: жанұя, отбасы бақыты, ақыл, өмір, шындық, әдет, тәрбие, ақыл мен ой, ата-ана

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Берілген қасиеттердің ішінен Абайға сай келетін 3 мінездемені анықтап, мәтіннен дәлел келтіріңіз. Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарын жүктейді. Ұсынылатын мінездемелер тізбегі: зерек, өнерлі, еңбекқор, әділ, сыпайы, ашушаң, батыл

2. Мәтіндегі ақпараттарды қолданып, бала Абайға мінездеме жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның басты көтерген мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің негізгі ойына қатысты 1 сұрақ қойыңыз.

1-мәтін
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерде құстар әлемі өте бай. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі.

2-мәтін
Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Климаты шұғыл континентальды. Саябақ аумағына көптеген көлдер мен өзендер бар. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың келбеті бір жағынан бойжеткенді, екінші жағынан кейуананы бейнелейді. Бурабай өлкесінің ең биік тауы Көкше теңіз деңгейінен 997 метр биіктікте орналасқан. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған.
Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді.
Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның басты көтерген мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің негізгі ойына қатысты 1 сұрақ қойыңыз.
[10]
1-мәтін
Бабылдың аспалы бағы – әлемнің екінші кереметі. Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда салынып біздің заманымыздың І ғасырында құрдымға кеткен ғажайып бақ. Аңызға сенсек, бұл жұмақ бақты Вавилон патшасы II Навуходоносор өмірлік жары, патшайым Амитиске деген махаббатын білдірмек ниетпен салған.
Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек.
Бақтың орны қазір Бағдат қаласының маңында сақталған. Қираған бақтың бүгінгі күнге жеткен қалдықтарының өзі адам таңқаларлық. Ауданы атшаптырым, содан-ақ бұл бақтың шынайым өмірде қандай алып бау-бақша болғанын аңғаруға болады.

2-мәтін
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадатханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп. Бала əкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, оған жеткен соң, əкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, əкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым — ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң жəне бір шие, онан біраз өткен соң жəне бір шие, сонымен əр жерде бір əкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында əкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, — деді.

2-мәтін
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. Осы мереке қарсаңында Ruh.kz порталы Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышевадан сұхбат алды. Отбасылық құндылықтар және Қазақстандағы отбасы институты туралы әңгімелесті.
— Айгүл Қуанышбайқызы, мереке құтты болсын! Халықаралық Отбасы күнінің маңызы қандай?
-мммм…. “Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталад”. Осы халық мақалы арқылы бүгінгі әңгімемді бастағым келед. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталад: туылу, тәрбиелеу, құндылық бағдарлары мен көзқарастарын қалыптастыру, дәстүрлерді беру, рухани-адамгершілік даму. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. … негізгі миссиясы мерекенің– қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
— Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметі туралы айта аласызба? Қандай бағыттар бойынша жұмыс істейсіз?
— …. мммм Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады және отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты бойынша ЖҮЙЕЛІ және КЕШЕНДІ жұмысжолға қойылған. Біздің орталықтың қызметі қоғамдық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің маңыздылығын қолдауға және дамытуға бағытталған. ӨЙТКЕНІ, отбасын құрып қана қоймай, сенім, шыдамдылық, түсіністік пен өзара қолдауға негізделген бүкіл әлемді қалыптастыру МАҢЫЗДЫ.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отбасыңыздың бір мүшесінің болмысын сипаттап, мінездеме құрастырып жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, тақырып бойынша жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, тыныс белгілердің орынды қойылуына назар аударыңыз.
1) «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир, дегенмен осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріп, нақты мысалдармен дәлелдей жазыңыз.

2) Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз.

Смотреть ответ

7 класс

Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінді көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қосып, жұбыңызға айтып беріңіз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.

1-мәтін
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің активтілігінің күшеюінен болады. Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді 2012-2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға созылады. Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы, құрғақ болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал, жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы ықтимал. Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл және шөлейт аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады, шөлейттену процесі күшейе түседі, орман өрті көбейеді.

2-мәтін
Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.
Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.

3-мәтін
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.

4-мәтін
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Кестеге назар аударыңыз. Кестеде берілген ақпараттарды 5-6 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.

Мәтін тақырыбы:__________________________

Мәтіннің мазмұны:_________________________

Қорытынды ой: ___________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдарды қолданыңыз. Мақаланы орфографиялық нормаға сай жазуды ескеріңіз.
1) Атмосфераның ластануы туралы мәселені көтеріп, журналға мақала жазыңыз.
2) «Денсаулық – баға жетпес байлық» тақырыбында газетке мақала жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытыңыз.

Жер-ана туралы мысал
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңір адам пайда болды…

Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.
Ол құдіретті, зор әрі сымбатты болды. Ол күлгенде онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері нәресте сүйді, …

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Әрі қарай не болғанын болжап, әңгімені аяқтаңыз. Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.

…бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңір адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп, Жер-ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-біріне соғыстарда қолданды. Ал Жер-ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз қаза болғандарды жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңір адамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.

Жер-ана бойынан барлық қаһарын шығарды, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңір адам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.
Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Тәңір адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер-ана мен Тәңір адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

Төменде берілген сызбамен танысыңыз. Сызбаға тақырып қойыңыз. Сызба бойынша нақты 3-4 мәліметті іріктеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

Берілген сызбадағы ақпараттарды пайдаланып, Қазақстанның өңірлеріндегі ауа райын сипаттап, хабарлама мәтінін құрыңыз. Хабарлама мәтіннің құрылымын төмендегі құрылым бойынша жазыңыз. Сөз саны 150 сөз.

Кіріспе бөлім
___________________________________
Негізгі бөлім
____________________________________

Қорытынды бөлім

______________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

Мәтінді оқып шығыңыз. Қарамен белгіленген сөздер мен сөз тіркестерін шартты белгілерге айналдырып, картаға орналастырыңыз.

Сахарада қар жауған күн

Біздің алып планетамыздың климаты құбылмалы келеді және бұл ешкімге құпия емес. Климаттық өзгерістерді дәлелдейтін жүзден астам метеорологиялық құбылыстар тіркелген. Соның бірі Сахарада орын алды.
Ыстық, құрғақ деген ұғымдармен қатар жүретін шөл далада 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауыпты.
Сахарадағы қар?! Мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, бұл таңғажайып құбылысты өз көздерімен көргендер бар және олардың қатары жеткілікті.
Мұндай жағдай бұрын-соңды болып көрмеген. Табиғи құбылыстың күшті болғандығы соншалықты, жарты сағаттың ішінде Алжирдегі автотранспорттың қозғалысын тежеп тастайды. Тағы бір қызығы, қардың алдында қатты жылдамдықпен жаңбыр жауған екен.
Метеорологтар мен климатологтар қардың түсу себебін түсіндіре алмай келеді. Әр түрлі пайымдаулар айтылғанымен, бірде-біреуі дәлелсіз келеді.
Бір нәрсе анық: Сахарадағы климат, тіпті, күллі планетадағы климат Жер пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске түскен. Осыдан 10 мың жылдан астам уақыт бұрын, яғни тас дәуірінде шөл даланың орнында ылғалды климатқа ие дала болғандығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Ол заманда аймақта өзен ағып, жасыл шөптер өсіп тұратын және жануарлар мен адамдар тығыз орналасқан. Мұны Сахараның жүрегіндегі жартастардан табылған суреттер де дәлелдей алады. Сондықтан да, Сахараның климаты түбегейлі өзгеріп, Антарктиданы қайталап жатса, таң қалудың қажеті жоқ.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

Сахара климатының өзгерісін өз тұжырымыңыз бойынша диаграммаға сызыңыз.

Үлгі

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Мәтінді түсініп оқыңыз, жалғаулар мен шылаулардың қолданылуын түсіндіріңіз.

Халық ауа райын қалай болжаған?
(Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан)

Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ әрі жылы болады. Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса, көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады. Ит ұлыса жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі. Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, ауа райы өзгереді. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Қыста күн құлақтанып шықса суық болады, құлақтанып батса суық сынады. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз. Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі. Қызара батқан күн мен ашық сары болып батқан күн желдің және жаңбырдың белгісі болып табылады. Күн шыжып, тымырсық болса, артынша найзағайды күте беріңіз. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер, немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді. Егер ай бұлыңғыр болса жаңбырға қарсы, ал ашық түсті ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болмақ.
– Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады. Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады. Үйректер мен қаздар суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады. Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады. Далада көкектің «көкек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Мәтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңыз. Сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Үлгі: топ-тобымен

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

Кестедегі құстар мен жәндіктерді іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз.

Жауабы: 1-Ғ, 2-Е, 3-Г, 4-З, 5-Д, 6-Б, 7-И, 8-Ә, 9-В, 10-А, 11-Ж

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтар бойынша пікіріңізді білдіріңіз

Құстар мен жәндіктер ауа райынан алдын ала мәлімет бере ала ма?
Метеорологтар атмосферадағы ауа райы өзгерістері мен ауа райы құбылыстарын метеорология құрал-жабдықтарымен тексеріп, ауа райынан алдын ала мәлімет берумен бірге, табиғат дүниесіндегі құс, жәндік қатарлылардың тіршілік қимылын бақылау арқылы олардың атмосферадағы өзгерістерді алдын ала сезе алатын биологиялық қабілетке ие екендігін байқаған.
Көкек. Көкектің сайрауы күннің ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығынан дерек береді.
Сарғалдақ. Сарғалдақ мысықтың мияулағанындай дауыс шығарса, күннің бұлыңғыр болатындығынан, егер сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығынан дерек береді.
Үкі. Үкі жаз, күз маусымында, күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, әрі бұтақтан бұтаққа қонып тыным таппаса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Сақау кептер. Сақау кептер ағаш бұтақтарына қонып алып, мойынын ерекше созып сайраған кезде дауысы булығып шықса, күн бұлтты болып, жаңбыр жауатындығынан, егер ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығынан дерек береді.
Қарға. Қарға ұдайы жоғары дауыспен қарқылдаса, 1-2 күннен кейін қатты жаңбыр жауатындығынан, егер даусы қарлыққанша қарқылдаса, ұзақ уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Сауысқан. Сауысқан таңертең қора маңындағы ағаштарға қонып алып шықылықтаса немесе жерге түсіп шықылықтай секектеп жүрсе, күн ашық болатындығынан, егер ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынынан дерек береді.
Торғай. Күн ашық күндері торғайлар таңсәріде топтанып ұшып, үйдің шатырына немесе ағаш бұтақтарына қонып сайраса, күннің үздіксіз ашық болатындығынан, егер торғайлар бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Бақа. Бақа әдетте құрғақ ыстық ауа райын жақсы көреді. Жаңбыр жауудың алдында күн бұлттанып, ауаның ылғалдылығы барған сайын арта түседі. Бұл кезде терісі арқылы тыныс алатын бақаның тыныс алуы кедергіге ұшырайды да, беталды бақылдай береді. Міне бұл қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.
Құмырсқа. Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.
Өрмекші. Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.
Бал арасы. Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шақса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясына өте кеш қайтса, 2-күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
http://massaget.kz/
1. Ертеде ата-бабамыз ауа райын қалай болжаған?
2. Қалай ойлайсыз, құстар ауа райын дұрыс болжай ала ма?
3. Құстардың іс-әрекетіне қарап ауа райын болжау дұрыс деп есептейсіз бе? Неліктен?
4. Тағы да қандай құстардың немесе жәндіктердің іс-әрекетіне қарап ауа райын болжауды ұсынасыз?

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріңіз.

Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Экологиялық проблемалар төңірегінде өз жұбыңызбен диалогке қатысыңыз. Жұбыңыздың жауабымен келісу не келіспеу себептеріңізді білдіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сурет бойынша сұрақтарға мәтін мазмұны арқылы жауап беріңіз.
Тоғызқұмалақ тарихы
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдардың пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысуда. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ ойынының жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.
Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні — кез келген жанның ақыл ойын шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

 

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

Берілген ақпараттардың факт немесе көзқарас екенін анықтап, белгілеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

Сіз «Қазақтың салт-дәстүрлері және жаңару» тақырыбында өтетін мектебіңіздегі конференцияға қатысу үшін, баяндама дайындамақшысыз. Баяндамаңыздың құрылымын ескере отырып, жоспар құрыңыз.

Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

Берілген етістіктердің түрін анықтап, белгілеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

Киіз үйдің құрылу ретін жұпта талқылап, қимыл іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын айтып шығыңыз. Қолданылған етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз.
А мәтіні
Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін «қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырларда).
Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де бір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынау жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді.
Ә мәтіні
2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» атты халықаралық көрме байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты — адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.
Байқаудың басты номинациялары:
«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»
«Ең үздік қолөнер туындысы»
Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейі
Басталуы: сағат 10:00-де
Келемін деушілерге есік ашық!
Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Берілген мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Қарияның айтқан сөздері нені меңзейді? Қарияның сөзін жұпта болжап, талқылаңыз. Өз сөзіңізде эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданыңыз. Қандай шешімге келдіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Әңгіменің жалғасын тыңдаңыз. Өз жауаптарыңызды қарияның жауабымен салыстырыңыз.
Сонда шал: — Темекі көп шексең, ағзаң әлжуаз болады, таяққа сүйеніп жүресің. Ал таяғы бар адамды ит қаппайды. Екіншіден, көп жөтелесің, ал түнде ұйықтамай жөтеліп жатқан адамның үйіне ұры кірмейді. Ал қартаймау себебің – жастай өлесің.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық», — дейді қазақ. Денсаулық туралы, тазалық туралы 200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

Төмендегі тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі — дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы. «Бірінші байлық — денсаулық» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Денсаулық ұғымы
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі», яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі» маңызды рөл атқарады.
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге – ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа обьектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады.
Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже бойынша іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі – бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.

Денсаулық — зор байлық
Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп, нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы, мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балалардың да есірткіні тұтынатын жағдайлары болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қолында. Мемлекетіміздің алдына қойып отырған елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.

Смотреть ответ
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы

Дұрыс/бұрыс/айтылмаған ақпараттарды анықтаңыз.

Смотреть ответ

8 класс

Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызға мәтіндегі көтерілген мәселені мәтіннен мысалдар келтіре отырып талдаңыз. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
2. Жұбыңыздың мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін бойынша көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар қойыңыз.
1-мәтін
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VІ ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ халқының негізгі міндеттерінің бірі.

2-мәтін
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Еуразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың бас қосуын, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір үдерісін бастан кешуін ерекше айтуға болады.
Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.

1-мәтін
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, айналысатын ісіңіз, әуесқойлығыңыз да құндылықтар қатарында. Аналар үшін баласы үлкен құндылық.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынадыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сіз үшін ол мүлдем құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығын жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. Солай, достар…

2-мәтін
Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті мәселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлғааралық қарым-қатынастарға, ұлтаралық қарым-қатынастарға, гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық, әлеуметтік ортасы, ұлттық салт-дәстүрлері көп әсер етеді. Кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл – адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Тек білім алу үшін ғана шет тілдері оқытылмайды, ол
– практикалық қажеттілік, ол – заман талабы. Бірақ ұлттық сана-сезім дамуының іргетасы – ана тіліне деген сый-құрмет.
Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күні бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» (М.Әуезов).

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жанры, жанрлық ерекшеліктері, құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырып кестені толтыр.

1-мәтін

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУЫ

К.Ə. Бияздықова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аннотация. Қазақ мəдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар тақырыбы – аса өзекті мəселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние – танымының бейнесі. Мақалада қазақ мəдениеті мен ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мəмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мəнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық əдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Қазақ мəдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу жəне жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мəдениеті дамиды.
Түйін сөздер: құндылықтар, тəрбие, гуманизм, дəстүр, жаңалық, жауапкершілік

2-мәтін
Адами құндылықтар алға жетелейді
Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-қасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.
https://halyqline.kz/qogam/aleumet/adami-qundylyqtar-algha-zhetelejdi/

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз.
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
мақалада … қарастырылады, мақала … арналған, мақалада … көрсетіледі, мақаланың негізінде … жатыр, автор … мәселелерге тоқталады, автор … мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты…
[10]

Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латынның «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Жалқы есімдерді ажыратыңыз.

Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған. Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен. Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған. Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған. Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латыннын «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 Көне түркі жазулары қай кезеңде пайда болды? _________________________________________

 Көне түркі жазуларын басқаша қалай атаған? ___________________________________________

 Көне түркі жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылған? ______________________________

 «Руна» сөзі қандай мағына береді? _________________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Берілген сөйлемдердің астарлы мағынасын анықтаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Мәтіндермен танысыңыз.
Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірінбірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда. Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?.. P.S. Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа. 18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны… (а) Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.

(ә) Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады? _____________________

(б) Мәтіндер қай стильде жазылған? Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма? ______________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Мәтінді оқыңыз.

Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы УланБатордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады. Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. Күлтегін жыры – патриоттық рух беретін батырлық жыр. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы 27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліптіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда» сөздері жазылған.

(а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз. __________________

(ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. Жалқы есімдерді қолданыңыз. ___________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Мәтіндерді сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс бойынша оқып шығыңыз.

1-мәтін Әлемдік мәдениет – жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады. Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М.Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары. Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт Ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды. Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты. Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады. Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.
2-мәтін «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел 2017 жылдың 3 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер, экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері, ғалымдар және зерттеушілер қатысады. Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Мәтінді тыңдаңыз.
Бүгінгі жастар келбеті және оған мінездеме

Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ, екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса, яғни оны қоғамдық десек те болады. Екіншісі жастардың өзінің көзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екен!? Тек осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?! Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды және осы жайтқа себеп – сыртқы әсер. Мысалы, MTV телеарнасының 1997-1998 жылдардан бастап, бүгінгі таңға дейінгі ерен еңбегінің арқасында еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске алар болсақ, керемет эффект! Мойындаймыз! Масқара! Қараңыз, сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтижесі не дейді? Басым көпшілігі, 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV-дің арқасында алғаш цензуралы емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандарын мойындап отыр. Алайда бұл айсбергтің төбесі ғана… Ойымды бір түйінге түйсем… Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек ертең елеусіз қалмаса екен, ешкімге керексіз боп. Үміттендіретін – ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қара бала. Сенетінім – елім деген ер мен ерім деген жар.

(а) Мәтіндегі автор көзқарасын анықтаңыз.

(ә) Автор неден корқады? Неге үміттенеді? Неге сенім артады? ____________________

Смотреть ответ
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Тұжырымдамалық кестені толтырыңыз. Шеңбердің ортасына мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді, ұяшықтарға ол сөздердің рөлін жазыңыз

Смотреть ответ

9 класс

Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңіз. Түпнұсқа мәтінмен салыстырыңыз.

Президент не үшін жыл сайын жолдау жасайды? Жыл сайын елімізде Елбасының кезекті жаңа Жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ Жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз. Тек жолданған Жолдауды талдаймыз. Әр елдің президенті өзінің халқына Жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяси көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады. ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстан Жолдауды жыл сайын жолдап қана қоймай, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың Жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды. Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол табу деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау – бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз. Президент Жолдауды көлемді әрі шағын түрде жолдайды. Дегенмен көлемді түрі көп қолданылады. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың! Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу – барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі. Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам, ақ түйенің қарны жарылған күн болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты… Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол – Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!

2. Мақаланың жанрлық түрлерін анықтамасымен сәйкестендіріңіз.

 

 

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен мәтін құрастырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Тақтада жазылған сөйлемдерді есте сақтап, жүгіру диктантын (Running dictation) орындаңыз, жалқы есім, сөз тіркестері мен кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар, бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жаһандану мәселелері

Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.

Ғаламдық проблемалар – әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде ғаламдық проблемалар жетерлік. Ғаламдық экологиялық проблемалар – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, әйтпесе оның дамуы апатқа, өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жаһандану мәселелері

Кестеде берілген ақпаратты түсініп оқыңыз. Берілген сұраққа мәтін мәліметтерін салыстыра отырып жауап беріңіз. Қазақстанның жаһандану деңгейі бойынша 82-орынға тұрақтанған. Бұл нені көрсетеді?

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жаһандану мәселелері

Массагет жастар порталында «Жаһандану ежелден келе жатқан тарихи үдеріс пе, әлде бұл тек қана ХХІ ғасырдың дүбірі ме?» деген сауал қойылған екен. Сіз қалай ойлайсыз? Екі жақты пікірдің бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жаһандану мәселелері

1. Берілген сөздердің ішінен публицистикалық стильге тән тілдік бірліктерді анықтаңыз.
Өтініш беру себебі, жаһандану мүмкіндіктері, терезесі тең, керегесі кең, батыс мәдениеті, мәссаған, ғылыми техниканың дамуы, бәсекеге қабілеттілік, мемлекеттің болашағы, жер бедері, шаңырағы биік, заңмен реттелетін.
2. Әл-Фараби бабамыз: «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Осы идеяны қолдана отырып, мектеп сайтына «Жастар және жаһандану» тақырыбында мақала жазыңыз. Мақалаңызда стильге сай іріктеген тілдік бірліктерді қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

1. Мәтінді тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.
2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.

Транскрипт
1-мәтін
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрек пен көңілден шыққан ойлар…
Бұл шығарманың тақырыбы – тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным – қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы.

2-мәтін
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

1-мәтін
Қазіргі уақытта нарықтық экономика негізінде әлемдік экономикалық жаһандану үрдісі кең етек жайып келе жатыр. Бұның басты себебі – көптеген интеграциялық бірлестіктердің пайда болуы, ұлттық экономиканың тікелей бір-біріне тәуелділігі, экспортқа және импортқа деген тәуелділіктің өсуі, нарықтық қарым-қатынастардың баға белгілеуі, трансұлттық компаниялардың беделінің өсуі, мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі, әлемдік қаржылық ұйымдардың беделінің өсуі сияқты белгілердің пайда болуы.
Әлемдік жаһандану терминін ең алғаш рет 1983 жылы американ ғалымы Теодор Левит енгізген болатын. Ол ең алғаш рет «Гарвард Бизнес Ревю» журналындағы «Нарықтардың жаһандануы» атты мақаласында осы мәселе жайлы жазып кеткен. Қазіргі уақытта жаһандану терминіне берілетін түсініктемелер өте көп. Жалпы, жаһандану – капиталдың, еңбек ресурстарының, тауарлардың бірігуі, сонымен қатар, компания, концерндердің және корпорациялардың іріленіп, әлемде таралуын айтамыз. Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық жаһандануға тән өзіндік сипаттар бар. Олар: әлемдік сауда-экономикалық одақтар мен бірлестіктердің пайда болуы, халықаралық және жаһандық валютаның пайда болуы, қаржы нарықтарының қызмет етуі, трансұлттық компаниялардың іріленуі, банктік, саудалық және кез келген қаржылық операциялардың жаһандық желілер арқылы қызмет жасауы. Өз кезегімде, әлеуметтік еңбек саласын, еңбек нарығындағы тұрақсыз жұмыс мәселесін зерттеуді жөн көрдім. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұрақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстырылады.

2-мәтін
Қадірлі қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.
Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады, сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «…біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін…, …өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
1. Кестені толтырыңыз.

2. Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
• Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?
• «Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?

4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.
А. Очерк
В. Шешендік толғау
С. Шешендік арнау
Д. Баяндама

Смотреть ответ
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.

1. Бүгінде біз – тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз.

2. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.

Смотреть ответ