Ответы СОР\СОЧ Казахский язык и литература

Крупное сообщество по публикации ответов и заданий на СОРы и CОЧи. Публикуем ответы первыми! Все ответы бесплатно!

Назад

10ЕМН класс

Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы – ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі – нарықта мемлекет, корпорациялар, кәсіби одақтар секілді маңызды институттардың болуы.
Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығында өте қабілетті жəне іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, əлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығында әрбір азамат еңбек етуге, яғни жұмыс істеуге құқылы, бірақ кейбір азаматтарымыз жұмыс таба алмай, жеке шаруашылықтарда жалданып жұмыс істейді. Енді жұмыссыз болудың себептерін қарастырайық:
— құрылымдық жұмыссыздық – бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілігі, білімі жоқ болғандықтан, жұмыс таба алмай жүрген адамдар;
— циклдік жұмыссыздық – өндіріс, кәсіпорын, фирмалар қысқарып, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуы
— уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) – егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
— маусымдық жұмыссыздық – егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобы.

1. Терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).

2. Еңбек нарығындағы жұмыскерлерге қойылатын талаптар жұмыссыздықтың қай түріне жиі ықпал етеді? Ойыңызды мәтіндегі ақпараттармен дәлелдеп, 2 сөйлеммен беріңіз.
___________________

 

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еліміздің өндіріс салаларының барлығы, тіпті, біздің өміріміздің өзі химия өнеркәсібіне тәуелді. Қазіргі кезде өндірістік үдеріс, өндірістік өнімдердің көпшілігі химиясыз өмірге келмейтіндігі белгілі. Химия өнімдеріне деген сұраныс тек өндіріс саласында ғана емес, күнделікті тұрмыста да қажеттілік тауып, үлкен сұранысқа ие болып, күннен-күнге қанатын кеңге жайып келеді.
Әлемдік жаһандану жағдайында, ғылыми-техникалық прогресстің дамуында химияның алатын рөлі зор. Химияны дамыту арқылы әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол жетті. Мәселен, адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама ағашты үнемдеп, тамырына балта шабудан аман алып қалғанынан ғана оның пайдасының бір жағын көруге болады. Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр. Химиялық үдерістер өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізіп, оны одан әрі арттыра түсуде. Химия өнеркәсібі әлемдік өнеркәсіп өнімнің 20 мыңнан аса түрін шығарады. Бұл өнімдер машина жасауда, жеңіл өнеркәсіптерде, медицинада, электрондық өндірісте кеңінен қолданылуда. Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға қандай мүмкіндіктер бар?
Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып табылады. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің елімізде бар. 70 элементтің қоры зерттелген. Ал өндіріске 60-тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар және 493 кен орны белгілі. Пайдалы қазбалар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель мен фосфат шикізатын өндіру бойынша екінші, алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, олар негізінен еліміздің батыс бөлігінде орналасқан. Мұнай өңдеу негізінде елімізде мұнай химия саласы қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 32 миллион тонна мұнай өндіріледі. Бұл республикамызды әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына қосатыны көңіл қуантады.
Табиғаты бай, табиғи шикізаты мол қазақ даласында химия өнеркәсібі елімізде ежелден қалыптаса бастады. Қола дәуірінде Қазақстан даласын мекендеген тайпалар әлемдегі алғашқы қола өндірушілердің бірі болды.

1. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.

2. Мәтіннен 1 факті мен автор көзқарасы берілген 1 сөйлемді анықтаңыз.
Факт_______________
Көзқарас __________
3. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.___________________
4. Мәтін құрылымына қатысты сұраққа жауап беріңіз.
Мәтіннің құрылымдық бөліктері толық сақталған ба?
а) Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері бар, толық сақталған.
б) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, қорытынды бөлімі жоқ.
5. Мәтіннің жанрын анықтап, жанрлық ерекшелігін дәлелдейтін 2 аспектіні анықтаңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

«Қазақ киносының қазіргі келбеті» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Мақалада тәуелдік және көптік жалғаулары мен сын есімдерді қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Жағдаят: Сіз «Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды» деген мақаладан үзінді оқыдыңыз.
Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді 8-10 сөйлеммен білдіріңіз (сыныптасыңмен диалогке түсуге болады). Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз, интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында төменде ұсынылған сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар. Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,…; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз.
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?

Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бір сөзінде: «Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзгереді. Сондықтан біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды» деген еді. Расымен, Оксфорд сарапшыларының айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың 47 пайызы жойылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазір мектепте оқып жатқандардың 65 пайызы болашақта енді пайда болатын мамандық иелері атанады. Жақында Forbes, Popular Science басылымдары болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандық тізімін жасады. Онда біздің ойымызға кіріп те шықпаған робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жеке меншікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар бар. Соның ішінде 2020 жылы эмбрионды емдеу, яғни іштегі ұрықтың ауруын анықтап, бала тумай жатып емдеу маманы, 2025 жылы галактикалық архитектор мамандықтары жоғары оқу орындарында ресми түрде ашыла бастайды деп жоспарланғаны айтылған. Әрине, әзірге бұл мамандықтардың Қазақстанда қашан пайда болуы мүмкін екенін дөп басып айту қиын. Бір анығы, болашақта біз ескі мамандықтардың жоғалғанына да, жаңа жұмыс орындардың ашылғанына да куә боламыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Біздің еліміз жаңа заман талабына сай мамандықтарды дайындауға әзір ме? Берілген сұраққа дәлелдер келтіре отырып,

ПОПС формуласы бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Ауызша сөйлеуде кідірісті ескеріңіз. ПОПС формуласы:

Менің ойымша,…

Себебі, оны былай түсіндіремін… .

Оны мына фактілермен/мысалдармен дәлелдей аламын… .

Осыған байланысты … қорытындыға келдім.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Мәтін құрылымын, стилі мен жанрын анықтаңыз. Тілдік ерекшелігін талдап, түсіндіріңіз.
Астанадағы «Ел қанаты» қоғамдық қоры еңбек нарығына қандай мамандықтардың қажеттігі мен қазіргі түлектердің кәсіби сапасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізіпті. «Ел қанаты» қоғамдық қоры президенті Асланбек Жақыптың айтуынша, олар алдымен әртүрлі компания басшылары, жеке кәсіпкерлер – барлығы екі мыңнан аса жұмыс беруші арасында еліміздегі кадр тапшылығы жөнінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі астаналықтар болыпты. Респонденттердің 50,6 пайызы елімізде мамандар тапшылығы жоқ деп есептейді екен, бірақ 32,6 пайызының пікірі – керісінше. Жұмыс берушілердің пікірінше, елімізде ең қат болып отырған мамандар – инженерлер (13,8 пайыз) мен дәрігерлер (12,8 пайыз). Содан кейін құрылысшылар, бағдарламашылар, мұғалімдер мен оқытушылар екен. Ал, «Оқу орындарында даярланып шығатын түлектердің кәсіби білімі қазіргі экономика талаптарына сай ма?» деген сауалға 44,5 пайызы «сәйкес келе бермейді» деп жауап берген. Журналистермен өткен баспасөз мәслихатында «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ студенттермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Тоғжан Жұмағұлова: «Сондықтан оқу орындары мамандар даярлау сапасына айрықша көңіл бөлуі тиіс» дейді. Оның айтуынша, жұмыс берушілердің 63 пайызы түлектердің біліміне, кәсіби даярлығына көңілі толмайтын көрінеді. Еңбек нарығындағы сұранысқа болашақ мамандардың таңдауы сәйкес келе ме? «Ел қанаты» қоғамдық қоры бұл сауалды еліміздің сегіз өңірінен 2 мыңдай респондентке көлденең тартып, арнайы сауалнама жүргізген. «Бұрынғыдай емес, бүгінде жастар еліміздің еңбек нарығына техникалық маман иелері қажет екенін түсінген секілді. Сауалнамаға қатысқан Астана мен Алматы және Қарағанды қаласындағы жоғары сынып оқушылары мен түлектердің көпшілігі техникалық саланы жөн көретінін айтыпты. Тек 6,1 пайызы ғана құқықтану мен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруды қалайтынын жеткізген» дейді қор жетекшісі Асланбек Жақып. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бекерден-бекер жүргізілген жоқ. Жиында сөз алған Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Дамир Меңдіғалиевтің айтуынша, сауалнама қорытындылары министрлік тарапынан ескерусіз қалмайды. Әсіресе, түлектердің еңбек нарығына сай сапалы маман болып шығуына министрлік ерекше көңіл бөлетін болады.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

алғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі «мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр. Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке: — Амансың ба?—деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді. — Амансыз ба?—деді, не айтарын білмей қалған Әліш те. — Жұмыс сұрай келдің бе? — Иә. — Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады. — Құп. Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш. Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті. Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінің бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ, бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ,—деп ойлады ол,— топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп, Сергейдің бригадасына кетті. Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол. (әңгімеден үзінді)

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

2. Әлішті бүгінгі қоғамда кімдермен салыстырар едің? Кестені толтыр.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Жаңа еңбек нарығы еліміздің экономикасын қалай өзгертеді?» деген тақырыпта жергілікті газет бетіне мақала жазыңыз (150-180 сөз).

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді

1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.

Мейрам ойлы үнсіз келе жатыр еді. Кештің жанынан өте бергенде Чайковтың сөзін бөлді: — Щербаков жаңағы болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес, үлкен жүрегін де көрсетіп кетті. — Дұрыс байқағансыз. Көпшілік-ұйымдастыру жұмыстарында да ол сіздерге үлкен жәрдемші. Қарағанды алдымен өзінің партия, совет, кәсіподақ ұйымдарын құрып алу керек. — Әрине, оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды. Kөш, бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қонған киіз үйлер, көмір қордаларының ескі төмпешіктері… Солардың ара-арасымен бұлтақтай жүріп келе жатып: — Қайда түсесіз?— деді Чайков. — Сейтқалы деген ескі жұмысшы болатын… — Білем, білем, қазір десятник. Анау баракта тұрады. Ағылшындардан қалған бес-алты барактың біріне келіп тоқтады машина. Барак алдында махорка шылымын орап отырған жуан мұрынды, сарша жігіт күрілдей тұрды орнынан: — Жаным-ау, Мейрам ба, мынау? Келші, көрмегелі қашан? — деп құшақтай алды. Сүйіп те, жылап та жіберді. Екеуінің шұрқырасуы ұзаққа созылып барады. Чайков қайтуға асықты: — Рұқсат етсеңіз, Мейрам Омарович, дала мені күтіп тұр. — Рақмет, Анатолий Федорович. Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. Әрдайым кеңесіп тұралық. — Кеңесуге мен сізден әрі құмар. Чайков қоштасып жүріп кетті. Сейтқалы Мейрамды ертіп үйіне енді.

2. Үзіндіні тыңдап, адамдарды не біріктіретінін, олардың арасында қандай қарым-қатынас бар екенін дара диаграммаға түсіріңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді

1. Мәтіннен күрделі сөздерді анықтап, жасалу жолдарына қарай жіктеңіз.

Бүгін «Самғау» сауда үйінің алаңында көрме-жәрмеңке ретінде жұмыс жасап отырған «Қазақстанда жасалған – Халық Маркасы» сауда-көрме павильонының тағы бір секторы – «Жеңіл өнеркәсіп» алаңқайы ресми түрде ашылды. Көрме-жәрмеңкенің жаңа ашылған алаңқайына 50-ден астам қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің өнімдері қойылды. Іс-шараны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ҚР Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қауымдастығы және ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырды. Салтанатты шараның ашылу рәсіміне мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жоба бастамашыларының айтуынша, бұндай орындар – отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтуға және қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Жеңіл өнеркәсіптің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай формада тұрақты түрде жұмыс істейтін көрме-павильондары компаниялар мен брендтердің танымалдығын 45%-ға арттырады. Өз кезегінде, бұл үрдіс сатылым көлемін 57%-ға, ал экспорттық әлеуетін 28%-ға ұлғайтады. Айта кетейік, ағымдағы жылғы 6 шілдеде өңірлік өндірушілерді және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында елордамыздағы «Самғау» сауда үйі алаңында 5000 шаршы метр аумақты қамтыған «Қазақстанда жасалған – Халық Маркасы» сауда-көрме павильоны ашылған болатын. Ол «Қазақстанда жасалған» акцияның шеңберінде құрылған еді.

2. Күрделі сөздер мен мәтіндегі ақпараттардың көмегімен сауда-көрмені ұйымдастырушы ұйымның өкілі мен тілші арасында сұхбат әзірлеңіздер.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі

1. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды ауызша салыстырып, әңгімелеңіз. Екеуіне ортақ идеяны анықтаңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі

1. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

Сыр өңіріндегі белгілі азаматтар отандық өнімге қаншалықты қолдау көрсетіп келетінін бағамдау мақсатында «Сіз қандай отандық өнім пайдаланасыз?» деген сауалмен сауалнама жүргізген болатынбыз. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.ҚҰЛЫМБЕТОВА: Мен тұтынатын азық-түліктің барлығы қазақстандық өнімдер. Дүкенге барған уақытта шетелдік өнімдер самсап тұрады, алайда олардың табиғи таза өнім екендігіне күмәнім бар. Себебі сырт елден келетін өнімдердің барлығының жарамдылық мерзімі тым ұзақ. Яғни олардың арасында химиялық қоспалар көп екені белгілі. Сондықтан біз отбасымызбен отандық өнімді тұтынамыз. Атап айтар болсам, «Дәмдінің» сүт өнімдерінің өзге өнімдерден айырмашылығы көп. Сонымен бірге «Айналайын» сүт өнімдерін де алып тұрамын. Сонымен қатар дастарқан үстінде әрдайым, «Рахаттың» кәмпиттері тұрады. Сондай-ақ «Маслодел» өсімдік майын, Қостанайдың ұнын және Арал, Қазалы аудандарынан әкелінген етті ғана аламын. Елімізде әзірге отандық киім өндіруші фабрикалар мен цехтар аз болғандықтан, өзімде отандық киім жоқ десем де болады. Есесіне балаларға тоқылған киімдер аламын. Жуырда ғана ұлыма Шымкенттік «Восход» тігін фабрикасынан шыққан костюм алып бердім. Қалалық мәслихат хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ: Азық-түлік тауарларынан жергілікті өнімді пайдаланамыз деп толық айта аламын. Себебі майымыз да, сүтіміз де, нанымыз да, етіміз де, картобымыз да өзімізде жеткілікті. Қазіргі таңда тамақ өнеркәсібінде еліміз өз ішкі нарығымызды қамтамасыз ете алады деген ойдамын. Отандық өнімді қолдау керек. Егер сапасы жоғары болатын болса, сол өнімді мүмкіндігінше қолдануға тырысамын. Дегенмен дүкендердің сөрелерінде отандық киімдерді көре алмаймыз. Отандық өнімді сұрағанның өзінде сатушылар тауып бере алмайды. Дегенмен қазіргі таңда отандық өнімді қолдау нақты қолға алынғандықтан, алдағы уақытта «Қазақстанда жасалған» деген атауы бар тауарлардың көбейетініне сенім мол. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А. ӘБИБУЛЛАЕВА: Қазіргі таңда азық-түліктің дені өз өніміміз. Сондықтан күнделікті «Қазақстанда жасалған» деген атаудағы өнімдерді пайдаланамын. Нақтырақ айтар болсам, «Айналайын» мен «Дәмдінің» барлық сүт өнімдері, «Ақ маржан» күріші, жергілікті бақша өнімдері бар. Қай қыз-келіншек болмасын сапалы, өзіне жарасымды киінгенді қалайтыны сөзсіз. Бүгінде елімізде киім өнеркәсібі дамып келе жатқаны белгілі. Сұраныс болса, талғамға сай жұмыс жасайтын отандық өнеркәсіп орындары жетерлік. Тек соларды іздеп таба білу қажет. Мен отандық өнімді қолдаушы ретінде қазіргі таңда белгілі дизайнер Аида Кауменованың киім дүкенінен киінемін. Сауалнама жүргізген Д.МАХАНОВА

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі

1. Мәтіннен 1 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.

«Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» – жеңіл өнеркәсіптік өнім өндірісімен, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды жетілдірумен айналысатын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компания. Кәсіпорын жылына 2 млн-ға тарта бұйымды шығаруға қауқарлы. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан серіктестік бүгінгі таңда 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтуда. Сол себепті мұнда еңбек ететін адамдардың саны да үнемі артып отырады. Кез келген жұмыс берушіге білікті әрі тиісті салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Нарықта бәсекелестікке қабілетті болу үшін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-нің жетекшілігі тігін фабрикасының базасында оқу орталығын ұйымдастырыпты. Мұнда «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде Астананың жұмыссыз жүрген азаматтарының тігінші мамандығының қыр-сырын меңгеруіне жағдай жасалады. Арнайы курстың мерзімі аяқталған соң, оның оқушыларына компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша фабриканың оқу орталығында қазір 18 адам білімін жетілдіріп жатыр. Солардың бірі – Нәзира Қасымова. Ол 3 айлық курсты тәмамдағаннан кейін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-де жұмыс істеп, кәсіпорынның қарқынды дамуына, өнімді көптеп шығаруға өзіндік үлесін қоспақшы. «Арнайы курстан әлі 2 ай өтемін. Бізге «Astana Ютария Ltd» серіктестігінің қызметкерлері дизайн, модельдеу, пішу, тігу дағдыларын игеруге көмектеседі. Сондай-ақ біз кәсіпті жүргізу бойынша да сабақ аламыз. Тәжірибесі мол мамандардың білгенін үйреніп жатқанымыз, әрине, қуантады», – дейді ол. «Astana Ютария Ltd» компаниясы – бүгінгі таңда елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген ірі кәсіпорындардың бірі. Оның нарықтағы әлеуеті жоғары. Осыны ескеріп, мен алдағы уақытта осында жұмыс істеуді жоспарлап отырмын», – деп бөлісті Нәзира Қасымова. Жеңіл өнеркәсіп саласын кадрлармен қамту үшін «Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы», сондай-ақ, «Білім берудің дуалды жүйесі» бағдарламасы бойынша оқыту жобасын іске асыруда.

2. Мәтіндегі 2 фактілік деректі анықтап, оларға қатысты автор көзқарасы берілген сөйлемді анықтаңыз

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі

«Сіз отандық өнімдерді пайдаланасыз ба?» тақырыбында өзіңіз тұратын қала тұрғындарымен жүргізілген сұхбат мәтінін жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі

1. Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап (тірек-схема, презентация, ментальды карта) ұсыныңыз.

Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды. Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2-3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады. Тамақ өнеркәсібі – тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор – шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға – қант өнеркәсібі кәсібін (Алматы, Жамбыл) жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді. Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер — көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан. Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады. Саланың басты кәсіпорны – «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді. Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Ең ірі кондитер өндірісі – Алматы мен Қостанайда, шай – Алматыда, макарон өнімдері – Петропавл қаласында орналасқан. Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады. Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары – Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2-орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі – шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға – комбинаттарға біріктіріледі.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

1. Мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Театр сүйер қауым Алматы қаласында өтіп жатқан жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Исабеков әлемі» атты халықаралық театр фестивалінен хабардар болар. 10 қазанда фестиваль шымылдығын қара шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Жаужүрек» драмасымен ашты. Д.Исабековтің бұл драмасын театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі, профессор Е.Обаев сахналаған. «Исабеков әлемі» фестиваліне алыс-жақын шетелдерден (ТМД елдері) алты театр, Қазақстаннан алты театр қатысады. Бір автордың пьесалары сахналанатын бұл фестиваль мәдени, рухани өмірімізде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

1. Суретті қолдана отырып, театрға келген көрермендерге театр әдебін хабарлап айтыңыз. Интонацияға назар аударыңыз.

2

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

1. Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. 1-мәтін Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті. «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі бойынша түсірілген фильм бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Тамаша туынды қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді. Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады. Режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» киносында Кәукен Кенжетаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Боранбаев, Кененбай Қожабеков т.с.с. қазақ өнерінің хас шеберлері бой көрсетеді. Сондай-ақ, Досхан Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Сапарғали Жәкішев сияқты сол кездегі жас актерлер түсті. Басты кейіпкер Салтанат келіннің бейнесін сомдаған Жанна Қуанышева нағыз қазақ келінінің бейнесін көрсете білді. Жаны сұлулық пен нәзіктік атаулысына құштар көнбіс мінезділігінің арқасында ол талай көрерменнің жүрегіне жол тартты. Ал оның жары Тастан рөлін сомдаған Әнуар Боранбаев салқын мінезді нағыз ер-азаматтың бейнесін көрсете алды. «Гауһартас» киносы қазіргі таңда қайта жаңғырды. Киносүйер қауым тамаша туындыны телеарналардан ғана емес, енді ғаламтор арқылы да көре алады.

2-мәтін Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинофильмі көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны сөзсіз. Фильм көрермендерге қалай әсер берді, фильм қай жағынан ұнады, назарларыңызға фильмді көрген көрермендердің пікірлерін ұсынамыз. Әсем (Instagramm желісінен: sema_0101): Бұл фильм маған өте қатты ұнады. Әр қазақ көруге міндетті фильм деп ойлаймын. Киноны көріп отырып жыладым… Күйініштен жыладым… Өз перзентін бір көруге зар болған ана жүрегінің тілімделгенін көріп жыладым… Қазағымның көрген қасіретін көріп жыладым… Балалар анасынан, аналар балаларынан айырылмаса екен! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай. Кейіпкер рөлдерін тамаша аша білген актерлерге алғыс айтамын.

Айдана Мұханбетова (Facebook желісінен): Соңғы 2-3 айда көрген ең әсерлі кином осы шығар. Сіздерге де көруге кеңес берем. Ананың балаға деген шексіз маxаббатынан бөлек, қазақ жігіттерінің намысшыл, досқа адалдығы, батылдығын көріп бір мақтанып алуға болады. Жалпы отандық кинолардың жылдан жылға бір-бірінен озатын туынды шығарып жатқандығына қуанам. Залда біз ғана отырдық, өкінішке орай қаптаған көрермен жоқ, жылап-жылап көзіміз істі, актерлік шеберлікте өте жоғары, әрбір кейіпкер үшін уайымдап отырдық. Елғонды Ахметов (Facebook желісінен): Жақында Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты киносын тамашалаудың сәті түсіп еді. Керемет. Ахан Сатаевтың жүрегінде әбден піскен дүние екені сезілді. Ахан «бұл фильм – өмірде болған оқиғалар желісіне түсірілген фильм және барша аналарға арнаймыз» деп, кино басталмай айтып өтті. Рас. Қазақтың ХХ ғасырдағы көрген өмірі суреттеледі. Мариям ана (Алтынай Нөгербек) – ғұмыры баласын ойлаумен, күтумен өтеді. «Шіркін, ананың жүрегіне төтеп беретін күш жоқ шығар, сірә» деп бір ғұлама айтқан екен, расында, солай. Осы кинода ғұламаның сөзі тағы да бір дәлелденеді. Фильмде анасы мен ұлының кездескен сәтін көргенде көзіне жас алмайтын адам кем болмайтын шығар. Ильяс (Әділ Ахметов) – қайсарлы, қайратты, жігерлі, мейірімді жүректің иесі. Соғыстағы ерліктері – аталарымыздан естігенімізді, кітаптардан оқығанымызды көз алдымызға келтіргендей болды. Соғыста қазақ жауынгерлері тек батырлығымен танылған деп ақсақалдарымыз көп айтушы еді. Қандай қиыншылық көрсе де, шыдап, анасы мен сүйіктісін ойлаумен, іздеумен болады. Үміт (Аружан Джазильбекова) – пәк, таза, адал, төзімді жүректің иесі. Үміт үмітін үзбей, ғашығын аңсаумен, күтумен ғұмыр кешеді. Бұндай жүректі мөлдір сумен жусаң, кірленіп қалатын сияқты көрінеді. Қазіргі таңда небір кинолар түсіріліп жатыр, атыс-шабыс, боевик, комедия т.б. Ал «Анаға апарар жол» секілді жүректі тербейтін, толғандыратын, ой салатын кино некенсаяқ. Түсірілім тобына, барша атсалысқан жандарға алғыс шексіз.

Жанры Құрылымы Тілдік құралдар Мақсатты аудиториясы

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

«Театр өмірге деген көзқарасты өзгертеді» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.

Смотреть ответ

11ЕМН класс

Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер
құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы. Яғни өзінің өмірлік қажеттерін
қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір
қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын
процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және
демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен
зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар
қорғалуы.
Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы
мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде
түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады. Кедейлік әлемнің барлық
елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз
отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының
артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі
екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр.
Әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым
санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету
мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиардтан астам артық адам бір күнде бір доллардан кем
ақшаға өмір сүруде, 800 миллион адам аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара
ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және
табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы
салдарынан қиындай түсуде. 1990 жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі
біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында
орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион африкандықтар азықтүліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік
қауымдастық 2015 жылға дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды.
Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы «Үлкен сегіздік елдері» Африкаға қажетті ресурстарды
бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады.

1. Берілген фразалардың мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, екі тұжырымның біреуіне пікір
білдіріңіз.
1-тұжырым. Қоғам дамуы үшін адамдар әлеуметтік жікке бөліну қажет.
2-тұжырым. Әлеуметтік теңсіздік — қоғамның дамымағандығының көрсеткіші.
Сөздер мен сөз тіркестері: табыс табу, тұтынушы себеті , тең құқылы, жүгіну, лауазым,
кәсіби шеберлік, тамыр-таныс, жәрдемақы, мүгедек, қысқару, қымбаттау , шағын бизнес,
мүмкіндігі шектеулі, қабілет, уәждеме, баспана , дағдарыс, қолдан келу, мұқтаж,
тұрақсыздық, қорғансыздық

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Берілген мәтіннің стилі мен жанрын анықтаңыз. Мәтіннің жанрына сай тілдік
ереркшеліктеріне талдау жасаңыз.
Оқылым мәтіні
Кедейлікпен ғаламдық күреске Еуропа Одағының маңызды үлесі
Нью-Йоркте БҰҰ-ның арнайы іс-шаралар отырыснда Еуроодақ қызметінің жаңа
нәтижелері, кедейлікті жою үдерісін жылдамдату және 2015 жылдан кейін кешенді ғаламдық
даму жоспарларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жозе Мануэль Баррозу: – Әлемде кедейлікпен күрес саласында айтарлықтай прогреске
жеттік, біз ЕО-ның осы табысқа қосқан үлесін мақтана айтамыз. Мен бір ұрпақтың өмір сүру
кезеңінде кедейлікті жоюға болатынына кәміл сенемін. Менің көз алдымдағы дамыған әлем
– өркениетті елдегі әрбір адам таза су мен қуат көзінің нысандарына тапшылықты сезінбей,
білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне оңай қол жеткізе алатын, адам құқықтары
сақталатын орта, – деп түсіндірді.
ЕО комиссары Андрис Пибалгс: – ЕО – әлемдегі ең жомарт донор, шынымен де біздің
жұмысымыз миллиондаған адамдардың өмірін өзгертті. Біз 2015 жылы мыңжылдықтың даму
мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін барлық күшімізді саламыз. БҰҰ-ның бұл арнайы
іс-шарасы алдағы екі жылға ғаламдық шаралар жоспарын әзірлеу мен оған табысты жетудің
бірегей мүмкіндігі болып табылады. Бұл іс-шара халықаралық бірлестіктің 2015 жылдан
кейінгі іс-әрекет бағдарламасын нақтылауға ықпал етеді және кедейлікті жою мен тұрақты
даму мәселелерін қарастырады деп ойлаймын. ЕО 2030 жылға қарай барлығын лайықты
өмірмен қамтамасыз етуге көмек көрсетуге ниетті, – деді.
Еуропалық Комиссия бағдарламаларының 2004-2012 жылдар кезеңінде жеткен кейбір
негізгі нәтижелері:
• 7.7 миллион адам техникалық және кәсіби білім алды және оқыды;
• азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 46.5 миллион адам әлеуметтік
трансферттер арқылы көмек алды;
• 13.7 миллион жаңа оқушы бастауыш мектепке барды;
• 1.2 миллион бастауыш мектеп мұғалімі оқыды;
• 37 000 мектеп салынды және жөнделді;
• бір жасқа дейінгі 18.3 миллион бала қызылшаға қарсы егілді;
• білікті медицина қызметкерлері 7.5 миллионнан астам балаға аңа өмір сыйлады;
• дизенфекциялық дәрімен залалсыздандырылған 18 миллионнан астам москит торлар
таратылды;
• 70 миллионнан астам адам сапасы жақсартылған, таза суға қол жеткізді;
• 24.5 миллион адам санитарлық-техникалық нысандарға қол жеткізді;
• 87 000 километрден артық автомобиль жолдары жөнделді, салынды немесе қалпына
келтірілді.
https://kk.wikipedia.org

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі сізді де толғандырмай қоймады, сол себепті
баспасөз бетіне мақала жазуды ұйғардыңыз. Төмендегі түрткі сұрақтарды қамти отырып
газетке мақала жазыңыз.
Кедейлік деген не?
Кедейліктің белгілер қандай?
Кедейліктің пайда болуына не себеп болады?
Кедейліктің салдары қандай?
Кедейлік әлемде қай аймақта кең таралған?
Кедейлік жеке мемлекеттің проблемасы ма? Қалай ойлайсыз?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Графиктік мәтіндегі деректерді, сандық көрсеткіштерді қолдана отырып негізгі ақпаратты
анықтаңыз және бұл ақпараттардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіз

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Тыңдалым мәтіні
Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның
көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның
жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы,
қоршаған ортаның химиялық ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі»,
«қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер
жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін
бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып
отырған қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады.
Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз
деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы
ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25-30 жыл
өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің
эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлық геологиялық айналымға
сәйкес әр 60-80 жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын.
Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120-140 млн т. натрий
сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей,
Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық
ластанып отыр. Әсіресе, Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіріп, соның салдарынан
егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі
аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады.
Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді.
Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы жақсы емес. Әсіресе, Ертіс,
Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық
лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай
өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың
жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі. Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар
топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының
өзгеруі табиғи ортаға зиянын келтіруде.
https://topreferat.com.kz/ekologiya/11980-dynie-zhyzindegi-zhane-qazaqstandaghy-qazirgiekologiyalyk-maseleler.htm

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыздар.
Табиғаттың ластануы дегеніміз – біз оған тән емес әрекеттердің салдарынан қоршаған
ортадағы химиялық, физикалық, биологиялық концентрацияның артуы және қолайсыз
әсерлердің туындауы. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, ағзаға қажет заттың
оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін
бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілер бойынша
жіктеледі.
Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді):
Пайда болу көзіне байланысты: өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық, нысандық
(мысалы, өнеркәсіп орны), трансгрессивтік (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін).
Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған
ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Өндірілетін
ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос
жыныс, шлактар және т.б).
Судың ластануы. Судың барлық санаттары: мұхит, құрлық және жерасты сулары
ластануға әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Бірінші реттік судың ластануы су қоймаларына
әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші
ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы
заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы
химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық
жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен,
өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде
ластанбаған тұщы су көзі жоқ деуге болады. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі –
радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық
сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің
радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясындағы радиациялық ластану
себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың
салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық
жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық
жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
1. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолына қарай бағандарға жіктеп жаз

2. Мәтіндегі күрделі сөздерді қолданып, «Табиғаттың ластануы – қоғам мәселесі»
тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында
презентация әзірлеңіз (3 слайд). Ол үшін:
1) Тақырып бойынша презентацияның жоспарын құрыңыз.
2) Тақырып бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды әртүрлі дереккөздерден
іріктеңіз.
3) Дереккөздердің сілтемелерін көрсетіңіз.
4) Презентацияңызды таныстырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Әлемде болып жатқан түрлі табиғи апаттарды табиғаттың адамдарға берген жауабы деп
айтып жатады. Сіз бұл оймен келісесіз бе? Әлде табиғи апаттардың өзіндік ғылыми тұрғыдан
басқа себептері бар ма? Осы сұрақтарды негізге алып, өз ойыңызды дәлелдеп, «келісукеліспеу» эссесін жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

Мәтінді мұқият тыңдап, берілген графикалық органайзердің ортасына мәтіннің негізгі
идеясын және реттік санмен белгіленген жерге негізгі ақпаратты жүйелеп жазыңыз
Тыңдалым мәтіні
Қазақ киносының алтын ғасыры саналатын 60 жылдар бiздiң кино тарихымызға
қайталанбас, құнды туындыларды алып келдi десек артық емес.
Әрине, “Қыз Жiбек” те, “Менiң атым Қожа” фильмi де – классикалық дүниелер.
“Мұндай классиканы дүниеге әкелу жүз жылда бiр-ақ жүзеге асады,” — дейдi кейбiр
мамандар. Жарайды, классикалық дүние тудыру қиын делiк, бiрақ сарабдал оқырманның
көңiлiнен шығар жақсы туынды соңғы он жылда дүниеге келдi деп сенiммен айта аламыз
ба?
Бiр кездерi кино өнерiнiң майталмандарының бiрi Мәжит Бегалин: “Мен фильмдi
өзiмнiң қазақ көрермендерiм үшiн түсiрем. Ең әуелi менiң фильмiмдi өз елiм қабылдауы
керек. Содан кейiн өзге елдер мойындасын,” — деген пiкiр айтыпты. Соған қарағанда,
қазақы көрерменге ұнамаған фильмнiң өзге елде неше жерден жоғары атақ алса да, бiр
тиындық құны болмайтынын режиссер жақсы түсiнiп отыр. Сондықтан қазақ киносы
қазақ көрерменi үшiн түсiрiлуi қажет және әуелгi бағаны да беретiн қазақ көрермені.
“Сатайфильм” ұсынған “Рэкетир“, “Ағайынды” немесе “Адасқандар” фильмiн көпшiлiк
жылы қабылдады. Қазақ өмiрiнiң сұрқай тiршiлiгi емес, бүгiнгi қоғамның кейбiр келеңсiз
әрекеттерi бейнеленген фильмдер қазақ көрерменiнiң сұранысына ие болды. Демек қазақ
режиссерлерi жақсы фильм түсiре алады екен.
Елбасымыз “Қазақфильмге” келген сапарында қазақ киносы жастарымызды
отансүйгiштiкке, ұлтты сүюге тәрбиелеу керек дегендi қадап айтып едi. Келешек
түсiрiлетiн қазақ киносының да өн бойында ұлттық рух, патриотизм болуы шарт. Сонда
ғана, бiз кино арқылы өзiмiздi өзiмiз тәрбиелей аламыз. Қазақты ұлт ретiнде сақтаудың да
алғышарты қазақ киносында жатыр. Қазақ киносын түсiретiн режиссерлерiмiз де әуелi
осыны ескергенi ләзiм.
https://turkystan.kz/article/52125-aza-kinosy-zhe-ister-men-zhe-ilister

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

«Сен – маған, мен – саған» әдісі арқылы тапсырманы жұбыңызбен орындаңыз.
1) Жұпта мәтінді оқыңыз.
2) «А» оқушы мәтіннен күрделі сөздерді тауып, астын сызыңыз.
3) «Ә» оқушы мәтіннен термин сөздерді тауып, астын сызыңыз.
4) Жұпта өзара күрделі сөз бен термин сөздің жасалу жолы мен қолданылу мақсатын
талқылаңыздар. Мысал келтірініздер.
Әдебиет пен өнерге лайықты қолдау
Еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтарда өзінің
Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және
мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Рәсімге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары,
жазушылар, ақындар, әртістер, суретшілер, музыканттар, Қазақстанның мәдениетіне
еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты.
Мемлекет басшысы шығармашыл және мәдениет интеллигенциясы өкілдерін
стипендияға ие болуларымен құттықтай отырып, стипендиаттар құрамы қоғамның көп
ұлтты құрылымын көрсететінін атап өтті.
– Мен әрдайым біздің қоғамда мәдениетті дамыту мен жоғары руханилықты
нығайту мәселесін экономикалық өсу және халықтың әл-ауқатын арттыру тәрізді маңызды
фактор ретінде санап келдім және солай деп санаймын. Тәуелсіздік жылдары ішінде
мемлекет мәдениетті дамытуға жете мән берді. Жалдан жылға мемлекеттің мәдениет
саласына бөлетін қаржысы артып келеді, – деді.
Н. Назарбаев еліміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанына тоқталды. –
«Қазақстан-2030» Стратегиясының басты мақсаттарын мерзімінен бұрын іске асырып, біз
2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны қабылдадық. Бұл қандай да бір қиял немесе
мемлекеттік жоспар емес, біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына жол көрсеттік
және Қазақстан жүретін бағытты айқындадық. Оны іске асыру бізге осы
жүзжылдықта ең қарқынды ұлттың бірі ретінде нығаюымызға мүмкіндік береді.
Жүзжылдықтың ортасында Қазақстан ғаламшардағы ең дамыған отыз елдің
қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Бұл тек экономиканы дамытуға ғана емес, сондай-ақ
мәдениетке, білімге де қатысты, – деді мемлекет басшысы.
Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуға
тиіс. Ол әлемдегі түрлі халықтардың мәдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты
танылуы тиіс. Бұл қазіргі заманғы өнер түрлеріне – музыка, театр, кино, әдебиет, сурет
өнері, т.б. қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәдениет еліміздің барлық
азаматтары үшін патриотизмнің негізі болуы қажеттігін атап көрсетті.
– Бүгінде шығармаларын қазақ тілінде жазатын қазіргі жазушыларды Қазақстанда
орыс тілді оқырман аз біледі. Бәлкім, аударма саласын дамыту туралы ойластыру қажет
болар. Отандық авторлардың туындылары қазақстандықтардың мақтанышына айналуға
тиіс. Мен бұдан бұрын да өңіраралық мәдениет алмасу туралы айтқанмын. Биылдан
бастап еліміздің өңірлері арасында мәдениет күндері тұрақты өткізілуі тиіс. Қазақстандық
мәдениет пен өнердегі патриоттық, ең алдымен, біздің қоғамда болып жатқан ұлы тарихи
оқиғалардың өзгерістерінен көрініс табуы керек, – деді бірінші президент.

Мемлекет басшысы қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті
дамытуға орасан зор септігін тигізетінін атап өтті.
Өз сөзінде стипендия иегері, прозашы Қ.Ысқақов мемлекеттің білім беру процесінде
үш тілді меңгеруге көмек көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол қазақ тілін латын әрпіне көшіру
қазақстандық қоғамды одан әрі топтастыра түсуге ықпал ететініне тоқталды.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

1. Мәтінді оқып, оның негізгі мазмұны мен көтерілген мәселені түсінуге бағытталған кестені
толтырыңыз.
Австралия жауһары
Сидней опера театры – қаланың ғана емес, күллі Австралия елінің мақтанышы. Театр
ғимараты өзінің ерекше құрылысымен көзге түседі. Алайда оның құрылысына 15 жыл уақыт
кетті. Жоба авторлары біраз қиындықтарға душар болды. 1954 жылы театр тұрғызу туралы
шешім қабылданып, құрылыс жобалары үлкен байқау негізінде қабылдана бастады. Байқауға
32 мемлекеттен келген 233 маман қатысты. 38 жастағы сәулетші Йорн Утзонның жұмысы
байқау әділқазылары арасында біраз талас-тартысты туғызған болатын. Дат елінен келген
сәулетші жобасындағы ақ желкендер теңіз жағалауында орналасқан қаланың болмысын
бейнеледі. Өзгелерден ерекшеленген бұл жұмыс жеңіске жетті.
Жоба бойынша ақ желкендердің биіктігі 60 метрге жететін. Техникалық жағынан
қарағанда ғимаратты тұрғызу оңай болған жоқ. Ғимарат құрылысы 1957 жылы басталып,
оған 7 млн АҚШ доллар қаржы бөлініп, театр алты жылда салынып бітуі тиіс еді. Алайда
құрылыс он жылға созылып, бөлінген қаржыдан 15 есе көп қаражат жұмсалды.
Ғимарат іргетасы қаланған кезде негізгі инженерлік мәселелер шешілмеген. Бұл
олқылықты жөндеуге Утзонның өзі кірісті. Ол шатырдағы алып желкендерді бөлу арқылы
құрылыс жұмыстарын жеңілдетті. Инженерлік мәселелер өз шешімін тапқанымен, жоба
авторы қаражат жағынан біраз қиналды. Құрылысқа бөлінген қаржы жетпей, ғимараттың
іргетасын қалауға шамамен 8 млн АҚШ доллары жұмсалды. Сол сәтте Йорн Уотзонды
қолдаған жандар лотерея сатып алып, ұтыс ойындарына қатысты. Ұтып алынған қаражатр
ғимарат құрылысына жұмсалды. Құрылыстың қарқынын көрген Австралия билігі құрылыс
жоспарларын өзгертті. 1966 жылы Уотзон жобадан кетуге мәжбүр болды. Құрылысқа
жергілікті сәулетшілер тартылып, ғимарат 1973 жылы салынып бітті. Сол жылдың 20
қазанында театр ғимараты салтанатты түрде ашылды.
Ерекше келбетімен өзгелердің назарын өзіне қарататын Сидней опера театры бұл күнде
әлемнің ең әдемі театрларының қатарынан орын алады. Теңіз жағалауында орналасқан
қаланың жауһары саналатын Сидней Опера театры Австралияның көрікті мекеніне айналды.
Театр қойылымдарынан бұрын, әдемі ғимаратты көру үшін жыл сайын жердің түкпіртүкпірінен туристер келе

2. Мәтінде қандай өзекті мәселе көтерілген? Сіздің пікіріңіз қандай? Өз ойыңызды білдіріңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

«Ұлттық кодымыз – төл өнерімізде» тақырыбында ой-толғау
жазыңыз. Жазылым барысында метафора, теңеу, эпитетті және
риторикалық сұрақты орынды қолданыңыз. Сө көлемі – 120-180
сөз.
1) Қазақ халқының төл өнері қазіргі таңда қаншалықты
насихатталуда?
2) Тілімізді өзге ұлт өкілдеріне үйрету үшін тағы қандай
шаралар қолдануға болады?
3) Қазіргі таңда қазақ өнерінің әлемдік аренадағы орны қандай?
4) Қазақ әдебиетінің шетел әдебиетімен тең дәрежеде оқылуы үшін не істеу керек?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

Екі мәтінді оқып, төмендегі кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.
1-мәтін
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
– Еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласы қазақстандықтардың жандүниесінде рухани сілкініс тудырды. «Біз
ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз
десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем
бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени
жетістіктерімізбен де тануы керек» деген Елбасының парасатты пікірін әрбір қазақстандық
азамат қолдайды деп сенемін.
Елбасы мақаласы қазақ мәдениеті мен өнерінде қуанышты жаңалық болды. Себебі әр
ұлттың, әр мемлекеттің өзінің идеологиясы болады. Идеология әрбір ұлттың дәстүрімен, ата
дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен айшықталатыны баршаға аян. Тарихқа үңілсек, әлемдегі
әрбір ұлт ежелден өзінің өнегелі өнерімен, мәдени мұрасымен, ата дәстүрімен ерекшеленеді.
Сондықтан, мәдениеті мен өнерін сақтап қалу – әрбір халықтың, ұлттың міндеті, асыл
парызы. ХХІ ғасырдағы әлемдік аренада Қазақстанның абыройы ұлтымыздың рухани
болмыс-бітімінен бастау алатын ұлттық құндылықтарымыз, күмбірлеген күйлеріміз, әуелеген
әдемі әндеріміз арқылы асқақтап тұрғаны абзал. Бүгінгі таңда қазақ өнерін күллі әлемге
күмбірлеген күйімізбен, дәстүрлі әнімізбен мойындата аламыз. Астарына үңілсек, қазақтың
шоқтығы биік әрбір күйінде сан ғасырлық тарихы, мұңы мен қуанышы жатқанына көз
жеткіземіз. Қазақтың бір күйінің өзінен тұтас бір спектакль сахналауға болады. Адамды
рухани биіктететін күйдің құдыреті арқылы жас ұрпақтың жүрегінде туған жерге деген
сүйіспеншілік сезімін асқақтатып, ұлтжандылық сезімін жастардың діліне дарытуға болады.
Қазақстан тарихындағы кәсіби тұрғыдағы алғашқы ұлттық өнер ұжымы болып
саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
сан ғасырлар жаңғырығы естілетін қазақтың қасиетті күй өнерін дүние жүзіне насихаттауды
өзінің асыл парызы санайды.
Астанада өткен концерттерімізден кейін тыңдармандарымыздың саны айтарлықтай
көбейді деп айтсақ болады. Күйге толы концерттеріміз көңілінен шыққандықтан, көрермен
қауым келесі концерттерімізге әлеуметтік желілерде онлайн билеттерді сатып алып жатыр.
Негізі, осыдан 2-3 жыл бұрын электронды билеттерді сату мәселесі қиындау болатын. Бұрын
бұл жүйені түсінбейтін. ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы концерттерде шетелдіктер
Құрманғазы оркестрінің өнерін өте жоғары бағалады. Шетелдіктерден бұрын, ризашылығын
білдіріп жатқан өзіміздің азаматтарымыз көп. Ал Астанадағы Қазақстан орталық концерт
залында концерт берген кезде шетелдіктер концерт бойы орындарынан тұрып, қошемет
көрсетті. Қазіргі таңда концерттерде 3D, 4D форматындағы әртүрлі жарықтар, LED экрандар
қолданылады. Концерт кезінде соңғы технологияларды пайдалану әрбір шығарманың
мазмұнын, драматургиясын ашуға мүмкіндік береді. Концерттерімізде әртүрлі жарықтар
қойып, оларды мүмкіндігінше ойнатып отырмыз. Елбасымыз «Қазақстан халқының мәдени
менталитетін тәрбиелеуіміз керек» деп айтқан болатын. Ол – бірінші кезектегі маңызды мәселе.
Шетелдегі гастрольдік сапарлар біздің имидждік тұрғымызды насихаттауға септігін
тигізеді. Шетелдерде Құрманғазы оркестрі деген имиджімізді насихаттап жатсақ, бұл
еліміздің абыройын асқақтатады, біздің шығармашылығымызға шабыт береді. АҚШ-та Джон
Кеннеди атындағы концерт залында, Корнеги холлда, Австриядағы Концерт хауста концерт
бердік.
2-мәтін
Күй
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз,
сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер
халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз,
өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып,
күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Тарихы
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңызертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды.
Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған
асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің
мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы,
Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға,
романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр
сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
Сипаттамасы
Домбыра күйлері параллельді, терция, секундына автомат арқылы тартылады.
Параллельді кварталар мен квинталар күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуенсаздылығын әсерлей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-
ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың «Боз төбесі» мен Динаның «Әсем қоңыры», т.б.) дейін
жетеді.
Күй мектептері
Қазақ күйлері өзінің тәсіліне, орындаушылық дәстүрі мен қағыс түріне қарай, негізінен,
екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі – екпінді қарқынды, музыкалық жағынан
бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің «Шалқымасы»,
Құрманғазының «Кішкентайы», «Сарыарқасы», Динаның «Бұлбұлы», т.б.), ал екіншісі – терең
философиялық, ой-сырға толы шертпе күйлер (Тәттімбеттің «Сарыжайлауы», «Көкейкесті»
мен «Сылқылдат», Тоқаның «Қосбасары», Сүгірдің «Тоғыз тарауық т.б.). Күйдің идеялықкөркемдік диапазоны кең.
Халық қүйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды («Құдаша», «Айжан қыз», т.б.),
жануарларды («Ақсақ құлан», «Боз айғыр», т.б.), құстарды («Аққу», «Қоңыр қаз», т.б.), табиғат
құбылыстарын («Ақ боран», «Көбік шашқан», «Сары өзен», т.б.) суреттейді. Бұдан басқа
күйлер мазмұнына, характеріне қарай тарихи күйлер («Ел айрылған», «Ноғайлының
босқаны», т.б.), лирикалық күйлер («Ақ желең», «Байжұма»), аңыз күйлер («Нар идірген»,
«Қорқыт», т.б.), қаралы күйлер («Салық өлген», «Бозінген», т.б.), арнау күйлер («Абыл»,
«Дайрабай», «Ғазиз», т.б.) сияқты тақырыптарға бөлінеді.
Қағыс арқылы күйдің ырғақтық мәні мен динамикасын, сыр-сипатын анықтайды. Қол
қағыстарында нотаға түспейтін көптеген «сиқырлы» сырлар да бар; олар «жаппай қағыс»,
«кезек қағыс», «шертпе қағыс», «шұбыртпалы қағыс» болып жіқтеледі. Күйдің көпшілігі бір
бөлімшеде сақталған. Көбіне қолданылатыны екі бөлікті жөне төрт бөлікті өлшемдер,
сондай-ақ 3/4, 3/8,5/8,6/8 т.б. музыкалық өлшемдері де болады. Кей кезде ауыспалы
өлшемдер де кездеседі. Қобыз бен сыбызғы күйлері домбыра күйлеріне қарағанда көп
сақталмаған. Қобыз күйлері, негізінен, эпикалық мінезде келсе, сыбызғы күйлері табиғат
көріністері мен хайуанаттар дүниесін суреттеуге жақын, оларда әуен-саздылық басым келеді.

Сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Қобыз күйлерінің құрылымы
күрделі болып келеді. Қобыз күйлері Қорқыт Атадан бастау алған. Оның шығармаларын
бізге жеткізген Ықылас болатын.
Қазан төңкерісінен кейін күйлер ансамбльдер мен оркестрлерге арналып қайта өңделіп,
орындалатын болды. Мазмұны мен түр жағынан да жаңара түсті. Күй сарындары қазақ
қомпозиторларының музыкалық туындыларында (опера, балет, симфония, т.б.) бой көрсетәа
келеді.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Бай кедейге қарап байып жатыр. Ең бастысы, әлеуметтік жікшілдік ұлғайып барады. Осыдан үш жыл бұрын зерттеуші Тома Пикетти ауқымды жұмыс атқарды. Соның қорытындысына қарасақ, қандай жағдай орын алса да, бай байи береді, кедей кедейлене береді. Ал ғылыми түрде айтсақ, жылдар өтсе де, байлық аз ғана топтың иелігіне жиналады екен. Яғни үлкен топтардың байлығы азайып, белгілі бір адамдарға өтеді. Мысалы, 2006 жылдан бері бүкіл әлемде байлықтың 99%-ы белгілі 1% адамның қолында ғана деген мәлімет тараған. Демек байлардың байлығы азайып жатқаны заңдылық.
АҚШ-тың Вашингтон қаласында Петерсен әлемдік экономика институты іргелі зерттеулер жүргізіпті. Мұнда байлықтың қай тұстан молынан ағылуына байланысты елдерді дамыған және дамушы елдер деп екіге бөлген. Зерттеу нәтижесі бойынша байлық көзі жаңа өнім шығару және жаңа бизнес-жоба жасау арқылы пайда болған.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш: – Әлемде адамзатқа төніп тұрған жеті түрлі қауіп бар, – дейді. Біріншісі – ядролық қаруды пайдалану қатері, екіншісі – халықаралық терроризм, үшіншісі – қарулық кикілжіңдердің көбеюі, төртіншісі – климаттың өзгеруі, бесіншісі – қоғамды жікшілдікке бөлетін тепе-теңсіздіктің белең алуы. Алтыншы – инновацияның көлеңкелі тұстары. Жетінші – дағдарыстың салдарынан босқындар саны артып, оларды қабылдауға қарсы елдердің көбеюі. Еуропа елдеріне жол тартқан босқындарды жақтырып отырған ешкім жоқ. Алайда кейбір мемлекет жанашырлық танытып жатса, енді бірі елден аластатуға кіріскені белгілі. Сол жеті қауіптің ең қауіптісі – әлеуметтік теңсіздік. Бұл бүгін ғана пайда болған жоқ. Мысалы, кешегі заманда оңтүстік пен солтүстіктің мәселесі дегенді жиі естідік. Солтүстік дегеніміз – дамыған елдер. Оған АҚШ, Канада, Жапония, Ресей, т.б. алпауыт елдер кірді. Ал дамушы елдер оңтүстікте орналасқан. (233 сөз)

1. Т.Пикетти зерттеуі бойынша қандай қорытынды жасады?
А. байлар кедейлердің көмегімен баийды
В. ауқатты адамдардың байлығы арта береді
С. кенже дамыған елдерде босқындар саны жоғары
2. Босқындардың санының артуына себеп ……………………
А. дағдарыс
В. климаттың өзгеруі
С. әлеуметтік теңсіздік
3. А.Гутеррештің айтуынша, қай қауіп өте қатерлі?
А. ядролық қару
В. әлеуметтік теңсіздік
С. халықаралық таңкестік
4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А. Байлықтың негізі қалай құрылады?__________________
Ә. Оңтүстік мәселесі қандай елдерге тән?________________

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат – байытылған уран мен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз.
АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкамия (ақ қан), ісік ауруы жиі кездеседі деген жалған түсінік бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын, статистика бойынша бәрі бірдей. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз, бірақ бұл да – даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары су қоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Кейбіреулер АЭС-қа отын ретінде пайдаланылатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады. Бұл – түбегейлі қате пікір. Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп. Бұл – шамамен 500 жылдық қор деген сөз. Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп, одан оп-оңай уран ала алады. Ал торийдің қоры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік. Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар. Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды. Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты. (224 сөз)

1. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды белгілеңіз.

2.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

3.Мәтіннің жанрын анықтаңыз

4.Мәтіннен жанрға сай тілдік ерекшеліктеріне 3 дәлел келтіріңіз

5. Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуға қатысты көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жеткізіңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 150-180. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.
1) Мұнай өндірісінің экологияға әсері туралы эссе жазыңыз. Жазба жұмысында шылаулар мен оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.

2) Жергілікті газет бетіне жастарға арнап «Әдебиет – тіл өнері» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Жазба жұмысында шылаулар мен оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 1 четверть

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке қатысыңыз. Өз пікіріңізді білдіруде тақырыпқа қатысты күрделі сөздер мен термин сөздерді және сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданыңыз.

1) Әлеуметтік теңсіздік мәселесі
2) Мұнай өнеркәсібінің Қазақстан экономикасындағы рөлі
3) Әдебиет – ұлттың жаны

Смотреть ответ

5 класс

Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

Мәтінді 2 рет тыңдаңыз. Ондағы салт-дәстүрлерді анықтап, киіз үйге орналастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

«Қазағымның дәстүрлері-ай»

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,
Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай.
Берекелі қазақ жері — ел мерекелі,
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана, бесік той,
Тұсаукесер, сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсу, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы,
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.

Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қып сақтайық қазақ дәстүрін.

Мәтін тақырыбы _____________

 

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану

Суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақша амандасу түрлері және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.

Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: шырағым, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын, мал-жан аман ба?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

Мәтінді оқып, берілген  ақпараттардың ішіндегі негізгі ақпараттарға «V» белгісін қойыңыз.

Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне  қолдау көрсету арқылы  өзара сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және  түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.

Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты  әр түрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып,  ақ  дастарқан жайған.

Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.

Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.

Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Себебі «Отан отбасынан басталады».

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау

Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғаңыз. Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратыңыз. Төменде берілген кестеге жазыңыз.

Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария….. немесе бала….. атасына, әжесі…. немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман… балаларға көз тию… немесе жын-шайтан… сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар…байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер… таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық…. әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби… Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
-Бұл кімнің үйі?
-Жұмағұлдікі.
-Жасай берсін Жұмағұл!
-Не жұмыс істейді?
-Қой бағады.
-Қойлары көбейе берсін!
-Шешең үйде ме?
-Үйде жоқ. Фермаға кетті.
-Солай де. Еее…
-Үйде қымыз бар шығар?
-Бітті.
-Сенің атың кім?
-Дәулет.
-Жақсы ат екен. Әдемі ат. Менің де атым — Дәулет. Мұндай аты жақсы адам әсте өтірік айтпайды. Қымыз бар ғой, иә?
-Бар.
-Тамаша!
-Үйге кірейік, қожайын. Қожа, жүр, үй иесі ренжіп жүрер. Жүр, жүр, жүр. Дәмнен үлкен емеспіз ғой.
-Бәрекелді! Сен өзің жомарт екенсің. Кеңпейіл ниетіңе ризамыз. Мә, мынаған кәмпит алып жей ғой.
-Бұл ақшаға ине сатып алуға бола ма? Мамам айтып еді, ине таусылып қалды деп.
-О, мына ақшаға мың ине сатып алуға болады. Үлкен қазан, шешеңе су жаңа орамал, әкеңе мылтық келеді. Пу, пу, пу.
-Ет жейсіңдер ме?
-Әкеле бер. Бәрін әкел.
Қожеке, төрге шығып, демалатын болдық.
-Тағы ақша бересің бе?
-Не?
-Тағы ақша бересің бе?
-Ой, сөз бе екен?! Ақшаны төбеңнен жаңбырша жауғызамын.

Мәтіндегі 3 нақты ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.
1. _____
2. _____
3. _____

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту

Берілген суреттер бойынша мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын және үндестік заңын дұрыс қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Корей мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл — бастапқы, 3 жыл — орта, 3 жыл — толық орта мектепте. Бұл жүйе Корея тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан басталып, «6-3-3» деп белгіленеді. Корея мектептік білімінің аталмыш үш сатысы бір-бірінен өзгеше және де осы үш саты әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені ондағы оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты.
Кореяда әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ. Мектеп бағдарламасы барлық елге бірдей. Пәндерді таңдау мәселесі тіпті жоғары сыныптарда шектеулі.
Корея оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған. Осы себепті бүгінде бұл ел мектептерді компьютермен жабдықтап, интернетпен байланыс орнату жөнінен Сингапурдан кейін екінші орында тұр.
Жалпы елдегі мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған. Қазіргі Корея оқушылардың жоғары оқу орындарына қабылдануы жағынан және сол арқылы Батыс Еуропа елдерін басып озғандығымен әлемде бесінші орынды иемденеді.
Кореяда балалар 12-17 жасынан тынбай еңбек етеді, білім алады. Сондықтан болар корей көшелерінде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын. Олардың барлығы өз уақыттарын қажетті курстар және факультативтермен өткізеді.

А. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер не себепті жоқ?
_______________
В. Кореяның мектептік жүйесі неге бағытталған?
_______________

Корея мен Қазақстандағы білім беру жүйесін салыстырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, мектеп тақырыбында постер жасаңыз.

1-топ
Мектеп, ғимарат, қабат, дәліз, кабинет, асхана.
2-топ
Кітапхана, кітап қоры, үйірме, спорттық секция, сыныптан тыс жұмыстар

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңыз. Сын есімдердің лексикалық мағынасын анықтаңыз.

Берілген сын есімдерді қолдана отырып, адамгершілік туралы ауызша шағын мәтін құрап айтыңыз.
Сын есімдер: жақсы, жаман, еңбекқор, талапты, тәрбиелі, сыпайы, мейірімді, үлкен, кіші

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

Мәтінді 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.

Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:
— Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, — дейді.
Түйе:
— Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
— Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
— Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
— Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут).

Диалог тақырыптары:
1. Жабайы жануарлар
2. Хайуанаттар бағында
3. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар
4. Үй жануарлары
5. Адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер
6. Жануарлар туралы ертегілер

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз. Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:
— Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, — дейді.
Түйе:
— Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
— Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
— Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
— Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

Берілген суреттерді қолдана отырып, басқа қалада тұратын досыңызға хайуанаттар бағына жасаған саяхатыңыз туралы хат жазыңыз. Хаттың құрылымын сақтаңыз (70-80 сөз).

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру

Мәтінді оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді анықтаңыз. Айтылу интонациясына қарай тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.

Сымбатты сиыр жайлы хикая
Ертеде жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, сымбаттысы да сиыр болыпты. Келе-келе сиырға менмендік пайда болады.
Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп:
– Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба? – дейді.
– Мейлі, жарыссақ жарысайық, — деп жылқы келісімін береді.
Олар өздеріне ыңғайлы жерді белгілейді. Жолдың ортасында суыр жарысқандарға су беріп отырды.
Бірден сиыр шаба жөнеліп, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол:
– Суыр сасық, су қайда? – дейді көкіректеніп.
– Сиыр пасық, су мұнда – деп ызасы келген суыр сиырға көптен тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан сіміріп салады да, шауып кетеді. Сиыр бір қыр асып кетеді. Жылқы ентігіп жетіп, суырға:
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді.
– Жылқы тұлпар, су мұнда – деп суыр риза болып жылқыға салқын, таза суды ұсынады.
Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып межеге бұрын жетеді.
Міне, содан бері жылқы баласы сұлу да сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр сол оқиғадан соң демігіп жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалым
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, мәдениетін, тарихын, басқа ұлттан ерекшелігін көрсетеді. Қазақ – салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары қартайғанда ата-аналарын қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті. (112 сөз)

1-3. Бос орындарға берілген сөздердің қажеттісін қойып жазыңыз.
Сөздер: құрметтеу, парызы, сәбидің
1) Қазақ жанұясындағы үлкен қуаныштардың бірі — ____________________тууы.
2) Қазақ халқының аса қадірлі салты – үлкенді _________________________ .
3) Қартайған әке-шешесіне қамқорлық көрсету – балаларының _________________ .

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалым
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, мәдениетін, тарихын, басқа ұлттан ерекшелігін көрсетеді. Қазақ – салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары қартайғанда ата-аналарын қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті. (112 сөз)

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша сөз немесе сөз тіркесімен жауап беріңіз.

а) Қазақ халқының ұрпағы кімнен тарайды? ___________________________________
ә) Балалары ата-анасын қашан қамқорлығына алады?___________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Оқылым
Ертеде жылқы Күнге қарап:
— О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, — депті.
— Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? — деп сұрайды Күн күлімсіреп.
— Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
— Күте тұр, — дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
— Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? — деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қорқып кетеді.
— Жо-жоқ! – дейді.
— Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен. (150 сөз)

Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз.
А) Көріксіз түйе
В) Күннің ақылы
С) Күн мен жылқы
Д) Жылқының арманы

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін мазмұнына сай дұрыс және бұрыс ақпараттарды белгілеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтін бойынша оқиғалардың ретін санмен белгілеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, сипаттау, суреттеу мәтінін жазыңыз. Мәтінде кем дегенде үш сипаттау сөзін орынды қолданыңыз және жалғауларды дұрыс жалғап жазыңыз. 100-110 сөз.

1) Менің отбасымдағы туған күн мерекесі
2) Біздің сынып
3) Менің сүйікті жануарым

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 1 четверть

Айтылым

Берілген жағдаяттың бірін таңдап, жұпта диалог құрыңыз. Диалогта қазақша амандасу және ұлттық этикет сөздерін қолданыңыз.

1) Жұпта біріңіз қарияның және баланың рөлін таңдаңыз және отбасылық дәстүр мен өзара сыйластық туралы әңгімелесіңіздер.
2) Жұпта біріңіз кітапханашы және кітап алуға келген оқушының рөлін таңдаңыз және осы жағдаятқа байланысты диалог құрыңыздар.
3) Жұпта екі достың арасында жануарларды қорғау туралы диалог құрыңыздар.

Смотреть ответ

6 класс

Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Тыңдалым
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін өзгелері жерде қалдырмайды. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.
15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Атаулы күнді 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасының амандығы –- әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де жылы сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында отбасыңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлеп жүріңіз! (130 сөз)

Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
a) мемлекет, бала, БҰҰ, қоғам
b) дәстүр, отана, тәрбие, мереке
c) тәрбие, отбасы күні, ошақ, аға
d) Отан, отбасы, бала, отбасы күні

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген сөйлемдердің қайсысы негізгі және қосымша ақпарат екенін ажыратыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
a) Отбасы күні мерекесін бекітуге не себеп болды? ________________

b) Мереке күні жақын жандарға деген құрметті қалай көрсетуге болады? ______________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Оқылым
Барлығымыз белгілі бір мекенде өмір сүреміз. Ол бірнеше үйден ғана тұратын ауыл немесе жүз мыңдаған адамы бар шулы қала болуы мүмкін. Қалалардың көпшілігі жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан.
Қалалар демалыс орталықтары, әмбебап дүкендер, кинотеатрлар және музыкалық ареналармен қоса, қызметтердің көп түрімен, ал ауылдар шағын көлемдегі пошта бөлімдерімен және азық-түлік дүкендерімен қамтамасыз етеді. Ауылды жерлерде халықтың орналасу тығыздығы төменірек, таза, әрі тыныш болғанымен, кейбір адамдарға олар қалайтын орта мен өмір салтын ұсына алмайды.
Әлемдегі қалалардың барлығы бірдей қасиеттерге ие. Екеуінде де жер бағасы жоғары, зәулім ғимараттар, жаһандық брендтер, әмбебап дүкендер, қонақүйлер мен кеңселер бар. Алайда қызметтер мен инфрақұрылымдардың тартылуы, көлік жолдарына қолжетіміділік, қоршаған ортаның тазалығы қалалар арасында үлкен айырмашылыққа ие. Ауылдық жерде өмір сүретін жастар көбінесе қалада тұруды қалайды, олар ауыл өмірінің өте тыныш екендігін және жұмыс орындары жетіспейтіндігін алға тартады. Олар оқуларын аяқтап, жұмыс іздей бастаған кезде жақын маңдағы қалаларға барып жұмыс істеуге мәжбүр болады, олар “миграциялық қадамдар” жасап, ақырындап қалаға өз жолдарын ашады. (155 сөз)

Берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтаңыз (әр дұрыс жауапқа 1 балл).

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіннен қарама-қайшы ақпаратты анықтаңыз

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз. (екі дұрыс жауапқа 1 балл).
мемлекет-
бітіру-

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қала мен ауылдың мәтінде жоқ артықшылықтарына мысал келтіріңіз. (екі дұрыс жауапқа 1 балл).

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Жазылым
Берілген екі тапсырманың біреуін таңдап, жанрлық және стильдік ерекшелігі сақталған күнделік жазыңыз.

1. Сіздің отбасыңыз үлкен және тату. Отбасыңыздағы қуанышты екі күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз. Күнделіктің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтаңыз. Жазба жұмысында қосымшалардың үндестік заңына сәйкес дұрыс жалғануына назар аударыңыз.

2. Сіз — қалаға туыстарына қонаққа келген ауыл баласысыз. Қаланың қызықты өмірі туралы екі күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз. Күнделіктің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтаңыз. Жазба жұмысында қосымшалардың үндестік заңына сәйкес дұрыс жалғануына назар аударыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?! М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды» деп сипатталады.
1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. 5 тірек сөз бен сөз тіркесті анықтап, cмарт-схеманы толтырыңыз.

2. Мәтін үзіндісін екінші рет мұқият тыңдаңыз. Мәтінге тақырып қойып, көтерілген мәселені анықтаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

— Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр… сәлем бер! — деді.

Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екіүш үлкен кісі бар — әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.

… Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып:

— Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? — деді.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз.

Диалог тақырыптары

1) Отан отбасынан басталады

2) Отбасындағы тойланатын мейрамдар

3) Отбасындағы міндеттер

4) Отбасы құндылықтары

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:

• постердің мазмұндылығы;

• постердің тақырыпты ашуы;

• көркем безендіру;

• креативтілік.

Ұсынылатын тақырыптар

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төмендегі кестеге топтап жазыңыз. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әкешешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға міндетті. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

2. Берілген суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құрыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтін мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Берілген көптік мәнді есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Көптік мәнді есімдер: жанұя, отбасы бақыты, ақыл, өмір, шындық, әдет, тәрбие, ақыл мен ой, ата-ана

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
Өскемен қаласы Алтай тауының бөктерінде 1720 жылы салына бастаған. Өскемен — еліміздің түсті металлургия орталығы. Осындай қорғасын-мырыш және титанмагний комбинаттарының өнімдерін бүкіл әлем біледі. Олардың өнімдері әлемде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Үлбі металлургия комбинатында Қазақстанда өндірілетін уранның 80 пайызы өңдеуден өтеді. Өскемен өңірі су қорына өте бай. Сарқырап аққан тау өзендері көп. Алғашқы су электр станциясы 1953 жылы іске қосылды. Ал Алтай жері орманға бай. Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Кезінде Өскемен Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды. Оның құрамына бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары кірді. Қаладағы фабрикалар, зауыттардан түрлі өндіріс қалдықтары пайда болады. Бұл — экологиялық зиянды заттар. Қазақстан Республикасы Үкіметі және қала әкімшілігі ауаның, жердің тазалығы үшін шаралар қолдануда. Алайда экономикалық қиындықтардың қала халқы үшін қатерін жою және табиғатты сақтау күн тәртібіндегі мәселе болып қалуда.

Мәтіндегі 2 негізгі, 2 қосымша ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз. Негізгі ақпарат:

1) _______________

2) _______________

Қосымша ақпарат:

1) ___________

2) __________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Ертегі-поэманы 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді таңдауына қарай суреттерді сәйкестендіріңіз.

Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ, Дүкенде тұрып ұрысты, Бәтеңке шықты айғайлап: Айту керек дұрысты! Сен екеуің кімсіңдер, Мені айтыңдар мүлік деп, Құр мақтанып жүрсіңдер, …Білмейсіңдер, өмірге Кім пайдалы Кім пайдалы кім мықты, Кәне, екеуің жеңіл де, Мойындаңдар шындықты. …Таласты олар ұзақ түн, …Кетті айтыс ұзап тым, Бір бітімге келмеді… Керкілдесті, керісті. Табалық деп, келісті. Дауларын кім шешеді? Олар ұзақ жол кешті, Келе жатып үшеуі, Көк төбетке кездесті. — Әй, көк төбет, көк төбет! Білетіні көп төбет. Әділдігі мол төбет, Айтыңызшы шындықты. Ардақтымыз қайсымыз, Сілекейі шұбырып, Сөйлейді ит былай деп: Көзіме сен көрінбей, Ей, бәтіңке былай кет! Күшік емен ойнайтын, Бәтеңке, өзің, қаттысың. Қанша жесе тоймайсың, Шіркін, шұжық тәттісің… Сонда ғана төбеттің Арам ойын сезіпті…
Келе жатып үшеуі, Мысыққа енді кезікті. -Ала мысық, әй мысық, …Пайдалымыз қайсымыз. Кім қадірлі, кім мықты? Сонда мысық, қу қырсық, …Сөйлеп кетті білгірсіп: Шұжық досым, сор, қайнап, Жақпай қапсың ішіме. Соңғы күндер, Балқаймақ, Еніп қапсың түсіме, Сен боласың ойымда, Күндіз, ерте, кеште де… Ал Бәтеңке жайында Айтпай қойды ештеме. Сонда олар мысықтың, Арам ойын сезіпті… Келе жатып үшеуі, Тышқанға енді кезікті. Тышқан, тышқан, сұр тышқан, …Пайдалымыз қайсымыз, Кім қадірлі, кім мықты? -Рас, мұндай тартыста Керек ара түсуім. Кеміргенде тісімнің Қандырасың қышуын,- Деді-дағы сұр тышқан Бәтеңкеге таянды. Ашылғандай араны, Ежірейе қарады. Сонда олар тышқанның, Арам ойын сезіпті.

2. Мәтіндегі 2 негізгі, 2 қосымша ақпаратты тауып, кестеге өз сөзіңізбен жазыңыз.

 

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Мәтінді түсініп оқып, күнделіктің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.

20 тамыз Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.
4 қыргүйек Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
10 қыргүйек Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Сіз отбасыңызбен қалада тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде атаңыз бен әжеңіздің ауылына бардыңыз. Ауылда көрген қызықтарыңыз бен атқарған жұмыстарыңыз туралы 3 күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз.

1-мәтін 20 тамыз Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.
4 қыргүйек Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
10 қыргүйек Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.

2-мәтін Біздің ауыл тамаша! Көз тоймайды қараса… Ағып жатыр өзені, Жағасына өскен көп қамыстар аласа. Әйтеке би атамыздың, Есімімен аталған. Қаздай болып тізіліп, Әдемі үйлер салынған. Мешіт те бар ауылда, Саябақ бар тағы да, Өзге ауылға бара қалсам, Тез қайтамын ауылымды сағына.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Берілген суреттер бойынша ауыл мен қала айырмашылығы туралы жазбаша мәтін құраңыз. Мәтінде тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Өлеңдегі сын есімдерді тауып, кестеге мағынасына қарай жіктеп жазыңыз.

Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ, Жатыр әлі айғайлап… Бірін-бірі мінеді, Керкілдесті, керісті. Табалық деп, келісті. Дауларын кім шешеді? Олар ұзақ жол кешті, Келе жатып үшеуі, Көк төбетке кездесті. — Әй, көк төбет, көк төбет! Білетіні көп төбет. Әділдігі мол төбет, Арамдығы жоқ деп ед, Ақыл-ойға байсыңыз, Айтыңызшы шындықты. Ардақтымыз қайсымыз, Сілекейі шұбырып, Сөйлейді ит былай деп: Көзіме сен көрінбей, Ей, бәтеңке былай кет! Күшік емен ойнайтын, Ботинка, өзің, қаттысың. Қанша жесе тоймайсың, Шіркін, шұжық тәттісің… Сонда ғана төбеттің Арам ойын сезіпті… Келе жатып үшеуі, Мысыққа енді кезікті. -Ала мысық, әй мысық, …Пайдалымыз қайсымыз. Кім қадірлі, кім мықты? Сонда мысық, қу қырсық, …Сөйлеп кетті білгірсіп: Шұжық досым, сор, қайнап,Жақпай қапсың ішіме.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

1. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сөздердің қарсы мағынасын мәтінде тауып жазыңыз.

Қазақстанның биік таулы өлкелеріне: Алтай, Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай, Жоңғар таулы өлкесі, Тянь-Шань таулы өлкесі жатады. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар (Жетісу) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.

2. Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Мәтінді мұқият тыңдап, тауларға қатысты жаңа сөздерді сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз.

Сарыарқа — Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі — 500-600 метрдей. Солтүстігінде БатысСібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр. Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Өлеңді мұқият тыңдап, берілген үзінділер арқылы тау баласына мінездеме беріңіз.

Мен таулықпын Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін еміп ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан Мен таулықпын Таудан мен жаратылғам. Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам Күн алғашқы сәулесін маған шашып Маған келіп түнейді қара тұман. Тау ұлымын Тау — менің дәу бесігім Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді Бір орамын ағытып сәлдесінің.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Жаз мезгілінде сынып жетекшілеріңізбен бірге тауға саяхатқа шықтыңыздар. Берілген сурет пен тірек сөздердің көмегімен таудағы саяхат кезіндегі оқиғалар мен қызықтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.

Тірек сөздер: тауға көтерілу, жолқапшық, шатыр құру, соқпақ жол, алау, от жағу, күн ұясына бату, қызыл арай, таудағы тыныштық

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Берілген жұптардың бірін таңдаңыз. Алдыңғы сабақта алған мәліметтерді жинақтап, бір-біріңізбен жұпта диалог құрыңыз.
1) География пәнінің мұғалімі мен оқушы арасындағы диалог

2) Тауға саяхатқа шыққан екі оқушының арасындағы диалог

3) Туристік компанияның қызметкері мен саяхатшы арасындағы диалог

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Мәтінді түсініп оқып, 3 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.

Қарқаралы таулары — елімізге туристерді тартуға қолайлы ең көрікті жерлердің бірі. Кербез де, сұлу бұл тау Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Парк өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның дәл ортасында орналасқан тау тізбегіне жыл сайын 20 мыңға жуық турист саяхаттап келеді. Жалпы аумағы 12 гектардан асатын ол паркте таулар тізбегінен бөлек, ағаштың сан түрі өсетін орманды алқап, өзен-көлдер мен үңгірлер де бар. Онда қосмекендінің 2 түрі, рептилияның 6, сүтқоректілердің 40 және құстардың 114 түрі мекендейді. Қарқаралы таулары айналасы ұсақ шоқылы, төбелі, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылардан тұрады. Ондағы ең биік шыңы бар болғаны 1360 метрге әрең жететіндіктен, жазды күндері тау басында қар жатпайды. Ғалымдардың пікірінше, Қарқаралының көк сеңгір таулары бұдан 250-500 млн. жыл бұрын палеозой заманында пайда болған.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде кездесетін мәселелер жазылған бұлтшаларды бояңыз.

Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.

Анықталған 1 мәселенің шешілу жолын мәтіннен тауып жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 1 четверть

Таулар сыры

Сіз — туристік компанияның қызметкерісіз. Туристерді жазғы демалыста Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақырып, жарнама мәтінін жазыңыз. Жарнама мәтінінде берілген көркем сөз оралымдарын қолданыңыз.
Көркем тіркестер: аспанмен таласқан таулар, көз жетпес шың, тұнық көл, қарағайлы ну орман, биік жартас, тарих сыр шертеді, аңызға толы өлке, жоғары деңгейдегі қызмет, жағдайлар жасалған, балалар алаңы, жоғары қызметті қонақ үй, ұлттық тағамдар, шипалы су

 

Смотреть ответ

7 класс

Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Сыныптастарыңызға «Қоршаған ортаны қорғау үшін не істер едіңіз?» деген сұрақ қойып, жауабын тыңдаңыз. Тыңдалған пікірлерді салыстырыңыз, өз ойыңызды ұсыныңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғаламдық жылынуды болдырмау үшін не істеуге болатыны туралы сыныптасыңызға кеңес беріңіз.
Ғаламдық климаттық өзгерістер
1. Ғаламдық жылыну — биосфераның ластануы. Ауадағы көмір қышқыл газдың (С02 ) көбеюі климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі.

2. Ормандардың азаюы. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі. Сондықтан ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп атайды. Соңғы 50 жылда адамдар Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігін, ал соңғы 100 жылда 40%-ын жойған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалық ормандар жойылуда. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының егіншілік үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу.

3. Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері 0,004% болса, стратосферадағы оның қалыңдығы 2-4 мм. Озон қабаты — биосфераның жоғарғы шекарасы. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік жоқ. Озон жердегі тіршілікке қауіпті Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіреді, сондықтан оны «қорғаныш қабаты» деп атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы радиацияны 10 есеге көбейтеді. Озоносфераның бұзылуы тері ісік ауруының көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Ормандардың жойылып кетпеуін сұрап, орман шаруашылығы қызметкерлеріне өтініш айтыңыз. Өтініш білдіру формасын анықтаңыз. Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Озон қабатының бұзылуына жол бермеу үшін не істеуге болатыны туралы ұсыныс жасаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

«Сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын таңдап, төмендегі сұрақтар бойынша сөйлесіңіз/тыңдаңыз. Әр сұрақ сайын позицияны ауыстырып отырыңыз.
Робинзон Крузоның ақиқаты
Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романымен-ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл роман ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын-соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі туралы. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла-шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі. Романды оқыған болсаңыз «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса оның аралы қайда екен?» деген ойлар пайда болады. Ендеше, шындықты бірге іздейік.

Робинзон – қиялдан туған кейіпкер емес. Даниель Дефоның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы мен аралдың аты ғана өзгертілген. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған. Шындығында, Чили төңірегіндегі Мас-аТьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын») аралы – Робинзонның өмір сүрген құпия мекені болып табылады.
• Робинзон елсіз аралға қалай тап болады?

• Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы қалай суреттеледі?

• Робинзон өз уақытын қалай жоспарлады?

• Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?

• Аралда бірнеше жыл тұрған Робинзон қандай кәсіппен айналысты?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

«Автор орындығы» әдісі. Робинзон бейнесіндегі оқушыға сұрақтар қойып, жауабын тыңдаңыз.
• Елсіз аралға тап болғанда қандай сезімде болдыңыз?

• Өзіңіздің қорқынышыңызды қалай жеңе білдіңіз?

• Сіздің сол ортаға бейімделуіңізге қай қасиетіңіз көмектесті?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғалымдардың атқарған қызметі туралы мәліметті жинақтап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат түрлерін, антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты географиялық жағынан зерттеу XIX ғасырда басталған. Климатология ғылымының дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс зерттеушісі, географ А. Гумбольдт және орыс климатологы Ф.И. Кеппен зерттеулері негіз болды.

XX ғасырда климатты аудандастыруға Ф.И. Keппен мен орыс географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. Ф.И.Кеппен Жер шарын ондағы температура мен ылғалға қарай 5 климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттерін қарастырды. Б.П.Аписов жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Ал өтпелі климаттық белдеулерде 1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады. Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады, сондайақ бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттар қыс пен жазда ең шеткі орнын алады. Б.П.Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де тексерілген.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Климат түрлері мен олардың ерекшеліктерін шартты белгілер арқылы сәйкестендіріңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Өтініш құрылымымен танысыңыз. Мәтінді оқып, тақырыбын сыныптастарыңызбен талдаңыз. Қаладағы ауаны тазартудың ең негiзгi әдiстерi саяжай, саябақ, шалғындар жасап, газондарды көгалдандыруды сұрап, қала әкіміне өтініш жазыңыз.
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.

Өтініштің деректемесі:

— адресат;

— құжаттың аты;

— өтініш мәтіні;

— күннің жады;

— өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Ауаны ластанудан қорғау Қазiргi уақытта атмосфераны завод құбырларынан, жылу электростанцияларынан, жарылғыш құбырлардан, автомобильдерден шығатын түтiннен, қаракүйеден, газ тәрiздi заттардан және шаңнан қорғау туралы мәселесi тұр. Бұл заттың барлығы ауаны бұзады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Күйе, шаң өсiмдiктiң жапырағына жабысып, олардың фотосинтез, тыныс алу, булану процесiн бұзады. Мысалы, шегiршiн ағашы орманда өссе, 300 жыл жасайды, ал қалада орташа 45 жыл тiршiлiк етедi. Орманда жасы 400 жыл болған жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде ол 50-80 жыл ғана өседi. Күйе — бұл бу тәрiздi судың және түтiннiң қоспасы. Күйе ауаны тыныс алуға қажетсiз етiп, қан құрамының бұзылуына, тұншығуға әкеп соқтырады, организмнiң аураларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi. Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газынан тазартады, оттегiн бөледi. Ауа ластанған жерлерде, яғни қалаларда, түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Мұндай өсiмдiктерге терек, үйеңкi, жөке, бузина, емен, сары акация, түймедақ, жауқазын жатады. Жер атмосферасына көмек қажет.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Төмендегі салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратып, кестені толтырыңыз.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі, адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Халқымыздың табиғатқа деген ыстық махаббаты сондай, олар ормантоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғат – адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы, бірақ кейде біз оны ұмытып кетеміз. Табиғат – мол қазынаның кайнар көзі, табиғат — адам денсаулығының сенімді кепілі. Қазіргі таңда табиғаттың нашарлауы сонша, адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Қоршаған орта таза болуы шарт, дегенмен адамдар әлі де мұны ескермеуде.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Төмендегі мәтінді оқып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Жердегі климаттық өзгерістер» тақырыбында сөйлесіңіз.
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол — одан да алапат қауiп. Бiрақ осы өзгерiстердiң салдары қалай болатынын тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес. Осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.

Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастады. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауы мұздықтарының жартысы ерiп кеткен. Сондай-ақ, жылдам еруге Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда мұздық қалмайды. Бұл деректер «20102020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Өзіңді-өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Жиырма төрт сағат берілді
Балаға, кемпір-шалға да.

Уақытты жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде де,
Жиырма төрт сағат ─ байда да…

Уақытың, ақшаң, табысың,
Жұмсалар бәрі тән үшін.
Ішесің, жейсің, кетеді,
Барлығы қарын қамы үшін.

Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.

Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да,
Уақытың – ақшаң қолдағы,
Ақшаңды босқа жұмсама.
Минутты әрбір бағала,
Секундты әрбір сарала.
Уақытты қайда жұмсадың,
Есептеп, үйрет балаңа.

Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.

Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар…

Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз.

1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
a) өмір құндылықтары
b) уақыттың қадірі
c) ұлы адамдарға еліктеу
d) мәңгілік өмір
2. Автордың ойын қорытындылаңыз: Уақыт …
a) пайдалы
b) жай
c) жылдам
d) мәңгілік
3. Берілген өлең жолдарынан оның идеялық мазмұнын ашатын жолдарды белгілеңіз.
a) Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
b) Жиырма төрт сағат берілді
Балаға, кемпір-шалға да.
c) Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
d) Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да.
4. Автор қандай екі құндылықты қадірлеуге шақырады? Берілген нұсқалардан 2 жауапты көрсетіңіз.
a) Ақша
b) Байлық
c) Денсаулық
d) Тарих
e) Уақыт
f) Қазына

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская
(186 сөз)
1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.
a) жаһандық_____________________
b) көлемі________________________
2. Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
1) Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.
__________________

2) «Болашақта экстремалды табиғи құбылыстар көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
___________________

3) Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?
_________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, келісу, келіспеу эссесін жазыңыз.

1) «Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу — міндет» деген пікірмен келісесіз бе?
2) «Уақыт – ең қымбат байлық» деген оймен келісесіз бе?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут). Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

1) Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
2) Қазіргі жастар бос уақытын қалай өткізеді?
3) Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріңіз.
«Ана тілі — бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» Н.Ә.Назарбаев

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл — ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы.
Амал не, туған тілімізде дұрыс сөйлемейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі қазақтар да таза сөйлемейді. Бүгін де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, оны дамытуға кедергі келтіреді. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қалай қадірлесек, өз ана тілімізді де солай қадірлейік, қастерлейік. Себебі, ана тілінде сөйлемеу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

http://www.adilet.gov.kz/kk/node/17715

Сұрақтар

— Мәтінде не туралы айтылады?

— М. Жұмабаевтың тіл туралы айтқан ойын өз сөзіңізбен қорытындылаңыз.

— «Ана тілінде сөйлемеу – анаңды ұмытумен бірдей» деген пікірмен келісесіз бе?

Келісу/келіспеу себептерін айтыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. Мәліметтерді топтастырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен өлеңнің тақырыбы, автордың көзқарасы туралы сөйлесіңіз. Өлең мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.
М.Жұмабаев «Қазақ тілі»

Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың… Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Төмендегі сөз тіркестері арқылы автордың не туралы айтқысы келгенін жазыңыз. Негізгі ойды жалғастырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Берілген мәтін бөліктерін ретімен орналастырыңыз. Мәтіннің не туралы екенін талқылаңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтіндегі оқиғаны әрі қарай дамытыңыз. Ойды жалғастыруда төмендегі мақалмәтелдерді қолданыңыз.

1. Тілден қымбат қазына жоқ.

2. Тіл – халықтың мұрасы.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтінді оқып, терминдер мен неологизмдерді анықтап, мағынасын түсіндіріңіз. Төмендегі мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырыңыз. Себебін айтыңыз. Полиглот қыз

Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Тіл үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» — дейді полиглот қыз. Мүмкін, қазақша білетін Соня Қазақстанға саяхаттап келуді армандап жүрген шығар? Келсе, келсін. Қуана қарсы алармыз. Тек… «Қазақша білмейтін қазақтарды көргенде, қайтер екен?» деп ойлайсың. «Ұлан» газеті»

Мақал-мәтелдер

1. Тіл — достықтың алтын көпірі.

2. Өз тілің — бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз, жұпта талқылаңыз. Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырыңыз.
Тірек сөздер: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, қарым-қатынас құралы, тілге деген құрмет, тіл үйрену, тілді дамыту, таза сөйлеу, заман талабы, үштілділік, т.б.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Тірек сөздерді пайдаланып, «Тіл білу де — өнер» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Берілген сан есімдер мен мәліметтерді сәйкестендіріңіз. Кестедегі сандық ақпаратты сөйлеммен ашып жазыңыз.
Дүниежүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатындар саны 50 миллионнан асатын тілдер – 13. Ең көп тараған қытай тілінде 844 миллион адам сөйлейді екен. Егер бұл тілдерді қолданатындар санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Әлемде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниежүзіндегі барлық аударма шығармалардың 33% — ағылшын тілінен аударылса, 15 % — француз тілінен, ал 1% — неміс тілінен аударылады екен. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына кірген. Қазақ тілін еркін меңгерген кісіге туыстас түркі тілдерін, әсіресе, қарақалпақ, ноғай, татар және т.б. түркі халықтарының тілін меңгерген қиынға соқпайды. Сол сияқты орыс тілін жақсы білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін игеру жеңілдеу. Ал лингвистердің айтуынша орыс тілін, жапон тілін және қытай тілі секілді «оқшау тілдер» деп аталатын тілдерді меңгеру өте қиын.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтін бойынша берілген диаграммадағы ойды ашып айтыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінді оқи отырып, сөйлемдерді төмендегі шартты белгілермен белгілеңіз.
Тілді қалай үйрену керек

Егер де шет тілді тез және сапалы меңгеру керек болса, оқу үрдісінде бірнеше пайдалы кеңеске назар аудару керек.

Қайталау

Жаңа жаттаған сөздер мен ұғымдарды есте сақтап қалудың негізгі кепілі — қайталау. Белгілі бір уақыт өткен сайын сөздерді еске алып тұру керек. Оларды пайдаланбаса, ұмытылады. Мысалы, бүгін оқыған сөзді ертең қайталау керек. Кейін екі күн өткеннен кейін, сөйтіп қайталау аралығын ұзарта беру қажет. Ұйқы алдында оқыңыз

Жаңа тілді үйрену көп көлемде жаңа ақпаратты есте сақтау мен түсінуден тұрады. Мысалы, грамматикалық ережелерді мысалдармен түсініп, оларды пайдалана алу керек. Жаңа сөздер сабақ кезіндегіге қарағанда ұйқы алдында тез жатталады. Тек тілді ғана емес, контентті оқыңыз

Тілді оқу барысында сол тілден пайдалы ақпараттарды оқу керек. Қызықты материалдар тілге деген қызығушылықты арттыра түседі. Зерттеу нәтижелері де осыны дәлелдейді. Бір топ студенттерге тек француз тілін оқуға берген, келесі топқа француз тілінде бірнеше пәндерді оқуға берген. Екінші топ қатысушылары мәтінде түсіну мен оқуда қаттырақ алға ілгеріліген. Жұмыс істегендіктен тілді оқуға керекті арнайы уақытта бөлу өте қиын. Егер де тілмен күнделікті айналысса, оның пайдасы жақсырақ болады. Біздің ми бір уақытта көп ақпаратты қабылдай алмайды. Сол себепті оны бөліп-бөліп берген дұрыс. Бос уақыттарда подкасттар тыңдау тілдің құрылымы мен сөйлеуді түсінуге жақсы құрал.

Ескі мен жаңаны араластырыңыз

Оқу керек материал көлемі өте көп. Сол себепті тілді тез оқуға тырысамыз. Осындай асығыстық кезінде ескі ақпарат ұмытылып қалып жатады. Мұны болдырмау үшін ескі өткен ақпаратты жаңа алынған біліммен араластырып отыру керек. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді.

«Түртіп алу» тәсілі

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

«Төрт сөйлем» тәсілі

1.Пікір. Мәтіндегі деректерді қолданып, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)

2.Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)

3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)

4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
«Қазақстан бүкіл әлемге халқы 3 тілді еркін пайдалана алатын, мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс» Н.Ә Назарбаев.
Қазіргі уақытта қазақ тілін дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тілін үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу — парыз. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор.

Өткен жылы әлем бойынша ағылшын тілінде 500 мың кітап жарық көрсе, қазақ тілінде 2 000 кітап қана шыққан. Сол 500 мың кітаптың ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 мақала ғана басылған. Ал енді осыншама дүниелермен танысу, оқу, игеру үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз? Сондықтан тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, түсініп, жарық көріп жатқан жаңа идеялар мен технологияларды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал. Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Ақылды» экономиканың авторы атанған елдер күллі әлемге танылып, қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы табыстарға қол жеткізу үшін біздің ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйренуіміз қажет.
Төмендегі пікірлермен келісу/келіспеу себебіңізді айтыңыз.
• Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сондықтан оны дамытамыз,

• Орыс тілі – қарым-қатынас тілі, сондықтан оны қолдаймыз,

• Ағылшын тілі – жаһандық тіл, сондықтан оны үйренеміз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.
• 4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;

• барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;

• мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек;

• презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Кестедегі көмекші есімдерге жатыс септік жалғауын жалғап, сөз тіркестерін құрастырыңыз. Үлгі: үстелдің үстінде

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер

Берілген мақал-мәтелдерді оқып, қалып қойған сөзді табыңыз. Орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасына назар аударыңыз. Мақалдарды көшіріп жазып, көмекші есімдердің астын сызыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Мәтін үзіндісін тыңдаңыз. Тыңдалым тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.

• үзіндіде не туралы айтылады?

• оқиғаны дамытып, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.

• дана құмыраны не үшін толтырды деп ойлайсыз?

• ол шәкірттеріне не туралы айтуы мүмкін?

Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап:

— Құмыра толды ма? — деп сұрақ қояды. Шәкірттері:

— Иә, — деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда дана:

— Енді толды ма? — деп сұрайды. Шәкірттері тағы да: «иә», — дейді. Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады.

Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алады. Сосын дана бір кесе су алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі. Сонда дана былай дейді….

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Өзіңіз болжаған оқиғаны мәтін қорытындысымен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.
… Сонда дана былай дейді: — Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын, бірақ ең маңызды емес нәрселер, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, тас түгілі бұршаққа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

«Ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді» деген дана сөзімен келісесіз бе? Пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Өлеңді мұқият тыңдаңыз, не туралы екенін айтыңыз. «Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған» деген өлең жолдарын қалай түсінесіз?
Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек»
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр. Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл, Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Өлең үзінділері мен автордың ойын сәйкестендіріңіз. Себебін айтыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Мәтінді оқып, мазмұнымен танысыңыз. Негізгі кейіпкерге автор берген мінездемені түсіндіріңіз. Бала қандай? Мінездеме беріңіз.

Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық тумайтын.

Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді. Баланың достары оған қиындықтарын айтып, көмек сұрайтын. Ал бұл қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажет ететін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, басқа адамдар үшін көп уақытын жоятын. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер деген уақытты алатын нәрселер тағы бар.

Есейген шақта бала Уақытпен мүлдем қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:

— Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді. Ол:

— Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады. Баласына есейген соң хабарласып:

— Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп сұрайды. Сонда баласы:

— Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Автор қолданған сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз. Баламасын (синонимін) жазыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Мәтінді оқыңыз. Эйнштейн және Гетенің уақыт туралы ойларымен келісесіз бе? Неге? Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстарды толықтырыңыз.
Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», — деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» деген екен. Сол сияқты «Ұрланған заттың орнын басқа затпен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы ақыны Гете.

Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстар

1. Істелуге тиісті маңызды істердің тізімін жасаңыз.

2. Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болыңыз.

3. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

4. Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.

5. Сіз айналысуға тиіс емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.

6. Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алуына жол бермеңіз.

7. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдері мен антонимдерін тауып жазыңыз. Берілген сөздерге лексикалық және морфологиялық талдау жасаңыз.
Қызметші, ешқашан, мейірімді, әңгімені

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Төмендегі «Пікірлер картасын» толтырыңыз. (+) Себебін айтыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Құрылымын сақтай отырып, «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» деген пікір бойынша эссе жазыңыз. Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Уақыт туралы афоризмдерді түсініп оқыңыз. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз. Шырай түрлерін ажыратыңыз.

Уақыт неге зымырайды?
• Уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Вальтер Скотт

• Уақыт біреуге өте ұзақ, біреуге тым қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак

• Уақыт біздің ойымыздан да жүйріктеу. Анжелика Миропольцева

• Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде

• Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараңдау болыңыз. Томас Манн Уақыт – нағыз ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз

• Адам өмір сүру үшін уақытының өте көп бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешеді. Иоганн Вольфганг Гете

• Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көріпті. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріпті. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. «Яғни, уақыттың ақырын немесе тым тез өтуі тек өзіңізге байланысты», — дейді ғалым.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Шырай түрлерін қолданып, уақыт туралы мәтін құрастырыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Кестені толтырыңыз (топтық жұмыс).

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Мәтінді түсініп оқыңыз. Одағайларды теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыз.
Уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының босқа өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. «Осы күнге дейін не бітірдім?», «Қандай мақсаттарға жеттім?» деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран, алтын уақытым-ай!», «Шіркін, жастық шағым қайта айналып келсе ғой!» деп армандап не өкініп жатады. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек.
ЕЙ, УАҚЫТ!
Уақыт-ай, шіркін, халің қалай?  Қоя тұршы арындамай!   Онсыз да алшақ баспай,  Жүресің дамылдамай.
Ұ. Сағадиев

УАҚЫТ — ҚЫЛЫШ!

Бос өткізбей сағатты бағалай біл,   Жас шақты уақытында жағалай біл.   Кеш болғанда қалмасқа «әттең-ай!» деп,    Есеп беріп минутты саралай жүр.                                 Б. Басықара

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарды салыстырыңыз.
Климат
Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.

Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.

Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.
1. Мәтінде климаттың қандай ерекшеліктері туралы айтылған?

2. Климаттық өзгерістер жайлы тағы не білесіз?

3. Сізге қай климат түрі ұнайды? Неліктен?

4. Әлемдік жылыну жайлы естігеніңіз бар ма?

Смотреть ответ

8 класс

Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Қазір көп мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды алаңдатады.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын баламалы энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.
Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Менің ойымша, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. (158 сөз)

Қазақстанда қандай энегия көзін пайдаланудың мүмкіндігі жоғары?
a) табиғи газды
b) күн энергиясын
c) көгілдір отынды
d) уран мен көмірді

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл «ақылды бесік» көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

— Серікбол, бұл идея қалай пайда болды?

— Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым.

— «SmartBesikтің» басты ерекшелігі қандай?

— Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.

— Рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Қазір көп мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды алаңдатады.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын баламалы энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.
Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Менің ойымша, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. (158 сөз)

Мәтінге сәйкес келетін 2 дұрыс тұжырымды белгілеңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтіндегі ең маңызды тірек сөздерді жазыңыз.

Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл «ақылды бесік» көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

— Серікбол, бұл идея қалай пайда болды?

— Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым.

— «SmartBesikтің» басты ерекшелігі қандай?

— Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.

— Рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Сөйлемдердің мағынасына қарай бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.
Таусылуға/зиян/арзан/
А) Көмір мен көгілдір отыннан өндірілген энергия ……………, бірақ олардың қоры …………………………… жақын.
В) Күн энергиясы қоршаған ортаға…………………… келтірмейді, тасымалдау құралдары қажет емес.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Берілген тұжырымдардың ішінен автордың пікірін тауып, идеясын 2-3 сөйлеммен түсіндіріңіз

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапқан. Бала жылай бастаған сәтте өздігінен тербетіле бастайтын «ақылды бесік» көпшілік қызығушылығын тудырған еді.
— Серікбол, бұл идея қалай туды?
-Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәбиде өмірге келмес бұрын ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екінші, сәби бесікке жатқанда миы дамиды екен. Мен осы сияқты ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, осы жобамды жасадым.
— SmartBesikтің басты ерекшелігі қандай?
— Бұл бесіктің негізі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс жасайды. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.
— Сұқбатыңызға рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Интервью жанрына тән басты ерекшелікті көрсетіңіз.
a) Мазмұнының қызықты сюжетке құрылуы
b) Қоғамдағы маңызды мәселе туралы ой салуы
c) Автордың өзіндік ұстанымының, пікірінің байқалмауы
d) Сұхбат алушы мен сұхбат берушінің арасындағы сұрақ-жауап

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Ұсынылған тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды пайдаланып, сурет пен тақырыпты байланыстырып ауызша мәтін құраңыз.

Көмекші робот – туған күн сыйлығы Менің өнертабысым — ұшатын автокөлік
Тұрақты тіркестер: көзді ашып-жұмғанша, бесаспап, төбесі көкке жету, көзі шарасынан шығу, дәмі тіл үйірер Көркемдегіш құралдар: жұлдыздай ағу, баладай шаттану, жауынгердей тік жүру, қарауылдай қырағы, ұшақтай зулау

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапқан. Бала жылай бастаған сәтте өздігінен тербетіле бастайтын «ақылды бесік» көпшілік қызығушылығын тудырған еді.
— Серікбол, бұл идея қалай туды?
-Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәбиде өмірге келмес бұрын ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екінші, сәби бесікке жатқанда миы дамиды екен. Мен осы сияқты ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, осы жобамды жасадым.
— SmartBesikтің басты ерекшелігі қандай?
— Бұл бесіктің негізі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс жасайды. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.
— Сұқбатыңызға рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Интервьюдің қорытынды бөліміне тән ақпаратты белгілеңіз.
a) Сәби бесікке жатқанда миы дамиды екен.
b) Сұқбатыңызға рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
c) Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапқан.
d) Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтінді оқыңыз.

Дүниежүзіндегі жеңіл автокөліктер жылына 1 триллион литрдей жанармай жағады. Қазіргі таңда шамамен 806 миллион көлік құралы бар екен. Көліктің саны да, ауаға шығарылатын зиянды газдың көлемі де қарқынды өсіп келеді. Ал оларға қажетті табиғи отынның қоры азайып бара жатыр. Жердегі қуат көздерін тиімді пайдалануға шындап кіріскен болсақ, әуелі адамзат үшін аса маңызды көлік мәселесін тиімді шешу керек. Ал оның қандай жолдары бар? Көлікте пайдаланылатын биоотынның екі түрі бар: биодизель және этанол. Биодизельмен жүретін көліктер дизельді отын мен өсімдік майының қоспасымен жүреді. Этанолды көлік қант құрағы, жүгері немесе арпа сияқты дақылдардан жасалатын отынмен жүреді. Биоотын да парниктік газдар шығарады, бірақ оның мөлшері табиғи отынға қарағанда аз. Электр көліктері тек электр энергиясымен қозғалады. Олардың үнемі зарядталатын үлкен аккумуляторлары бар. Олар атмосфераны ластамайды, бірақ қуаты біткен аккумулятор 10 сағатқа дейін күш жинайды және оларды электрмен қамтамасыз ету парниктік газдар шығаратын электр станциялары арқылы ғана жүзеге асады. Сутегімен жүретін көліктер ең тиімді эко-көлік технологиясына жатады. Сутегімен жүретін көлік шығаратын жалғыз ғана қалдық – су, сондықтан да бұл ең таза экокөлік технологиясы деп танылған. Бірақ, мұндай көліктерді жасау өте қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Табиғи отынға қарағанда биоотынның ерекшелігі неде?

Қуаты азайған аккумуляторлар қайтадан қалай қуаттандырылады?

Көліктердің қай түрі зиянсыз?

Сумен жүретін көліктерді шығаруда қандай мәселелер бар?

_____________________________________________________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапқан. Бала жылай бастаған сәтте өздігінен тербетіле бастайтын «ақылды бесік» көпшілік қызығушылығын тудырған еді.
— Серікбол, бұл идея қалай туды?
-Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәбиде өмірге келмес бұрын ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екінші, сәби бесікке жатқанда миы дамиды екен. Мен осы сияқты ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, осы жобамды жасадым.
— SmartBesikтің басты ерекшелігі қандай?
— Бұл бесіктің негізі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс жасайды. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.
— Сұқбатыңызға рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
А) Жапон ғалымдары іштегі баланың ерекшелігі туралы қандай қорытынды жасады? ___________________________________________________________ [1]
В) Бесік қандай жағдайда өздігінен тербеле бастайды?
___________________________________________________________ [1]

С) Ақылды бесіктің аналар үшін қандай пайдасы бар?
___________________________________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

  1. Мәтінді мұқият оқып, маңызды деп санайтын ақпараттардың астын сызыңыз.
    Қазақстандық өнертабыстар Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен таратып отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, қапшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.
  2.  Мәтіндегі ақпараттарды аргумент ретінде пайдаланып, жаңа өнертабыс туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз.. Сөз саны-130-140
1. Баламалы энергия көздеріне көшудің себептері мен салдарын талдап, эссе жазыңыз.

2. «Ғаламтор дүкендерінде сауда жасау тиімді ме?» деген тақырыпта өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, болжалдық және бөлшектік сан есімдерді пайдаланып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар

ЭКСПО — 2017

Жаңа өнертабыстар көрмесі

Болашақтағы кітапхана

Медицина саласындағы жетістіктер

Өмірді жеңілдететін өзгерістер

Адамзаттың ұлы өнертабыстары

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз.
1. Сіздің болашақтағы өнертабысыңыз және оның маңызы қандай ?
2. Сарқылатын энергия көздерін пайдалану немесе баламалы энергия көздерін пайдалану
3. Онлайн сауданың артықшылығы мен кемшіліктері

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Өлеңді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Базарға қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу атақ алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар. Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң, жерде қалмас бірдей жағар. Біреуден-біреу алып, елге тарар. Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. «Келісемін, келіспеймін» ұстанымының бірін таңдап, пікіріңізді білдіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсіндіріңіз

Базарға қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу атақ алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар. Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң, жерде қалмас бірдей жағар. Біреуден-біреу алып, елге тарар. Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. «Келісемін, келіспеймін» ұстанымының бірін таңдап, пікіріңізді білдіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Жұбыңызбен берілген сурет бойынша сатушы және тұтынушы болып диалогке түсіңіз.

Диалогте сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.

Ойыншық дүкенінде Киім дүкенінде Автокөлік сауда үйінде Жеміс-жидек базарында

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып, сауда жасап жатқанында мейрамхананың иесі Қожанасырға: — Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісін пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек! — дейді. — Тамақтың иісіне де ақша төлене ме? — Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз. Екеуі бірге қазыға барады. Қазы: — Ал Қожеке, бұған не айтасыз? — дейді. — Дұрыс, — депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық…

Оқиға композициясын сәйкестендіріңіз.

Басталуы                        Қазыға жүгіну

Дамуы                             Мейрамхана иесінің талабы

Шиеленісуі                    Жабылған есеп

Шарықтау шегі            Қожаның мейрамхана алдындағы саудасы

Шешімі                           Қожаның қазыға айтқан жауабы

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Әңгімедегі екі кейіпкерге мінездеме беріп, шығармадан дәлел келтіріңіз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

«Ғаламтор дүкендерінде сауда жасау тиімді ме?» деген тақырыпта өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Диаграммада 1 жылдық азықты тұтыну көрсеткіші берілген. Кестені сипаттап, жазбаша мәтін құраңыз. Бөлшектік сан есімдерді жазбаша жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері күн санап артуда. Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылу үшін альтернативті энергия көздеріне қол жеткізе бастады. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіруде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады. Атом энергетикасының келешегіне қауіп төнгендіктен, көптеген елдер баламалы қуат көздерін пайдалануда. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін станцияларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел станцияларының қымбат болуына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ. Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.

«Дастарқан» әдісі. Мәтін мазмұны негізінде бір уақытта әрқайсыңыз өз бұрыштарыңызға сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көрші оқушының сұрағына жауап беріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтіннен Күн сәулесін энергия көзі ретінде пайдаланудың артықшылығына қатысты 3 ақпаратты анықтаңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

«Бұрыш» стратегиясы. Берілген пікір бойынша өз ұстанымыңызға қатысты бұрышты таңдаңыз. Өз ұстанымыңызды дәлелдейтін бірнеше аргумент ұсыныңыз. Өзге бұрыштағы оқушылардың пікірі мен аргументтеріне қатысты сұрақ қойыңыз. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

1-бұрыш. «Қазақстанда энергия тапшылығына қатысты мәселе бар»

2-бұрыш. «Қазақстанда энергия тапшылығына қатысты мәселе жоқ»

3-бұрыш. «Екі ойлымын»

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Мәтінді оқыңыз. Жанрына сай 3 ерекшелікті анықтаңыз.

Энергия үнемдеу — көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі. Әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, өзіне: «шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандардың пікірінше, пәтерді жарықтандыруға электр энергиясының бестен бір бөлігі кетеді. Сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға және А және В кластағы энергия тиімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді. Статистика бойынша үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетіне елеулі үнем әкеледі. Энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, ол айына тек 1,8 кВТ энергияны тұтынады. Ал қыздыру шамын қолданса, электр энергиясын тұтыну айына 9 кВт құрайды. Энергия үнемдейтін шамдардың ұзақ мерзімге қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Энергия үнемдейтін шамдар 5-10 жыл, ал қыздыру шамдары 1 жыл қолданылады. Энергия үнемдейтін шамның жоғары жарық беруі ол тұтынатын ең жоғарғы электр энергиясы жарыққа айналатынын болжамдайды, ал қыздыру шамдарындағы электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді. Энергия үнемдейтін шамдардағы жарық сапасы қыздыру шамдарының жарық сапасынан кем түспейді.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 1 четверть

Білім. Ғылым. Инновация

Алдыңғы сабақтарда алған біліміңізді пайдалана отырып, баламалы энергия көздеріне көшудің себептері мен салдары туралы мақала жазыңыз.

Смотреть ответ

9 класс

Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-11 сөйлем). Диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар:
1. Қазақ жазуының қалыптасуы және даму тарихы туралы сөйлесіңіз.
2. Көшпенділер мәдениетін көз алдыңызға елестетіп, әңгімелеңіз.
3. Бұрынғы кездегі жолаушы мен қазіргі кездегі жолаушының айырмашылығы қандай?
4. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан ұнаған эпизод қандай?
5. Латын графикасына көшудің қандай басым тұстары бар?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұпта талқылаңыз.

2. Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжап көріңіз.

3. Мәтінді тыңдаңыз. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 19401992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
4. Сұраққа жауап беріңіз. — Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

Тілдер мерекесі қарсаңында мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамында «Латын графикасы – ел болашағының кепілі» деген тақырыпта ауызша үндеу жариялаңыз. Үндеуіңізде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: жаһандық әлемге жол, мемлекеттік тілдің позициясын нығайту, ұлттың сақталуы, әліпби реформасы, қоғамның қолдауы, «Көш жүре түзеледі», қанатын кеңге жайған ағылшын тілі, елу жылда ел жаңа, қолданыс аясын кеңейту, т.б.

________________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз.

Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
Дереккөзі:

1. Дирингер Д., Алфавит, М., 1963.

2. Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

1. Мәтінді оқып, негізгі мәселені анықтаңыз.
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА: – Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет. Себебі латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек, біріншіден, латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Екіншіден, кейбіреулер компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын айтады. Менің ойымша, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет, өйткені кезінде араб әрпінде жазылған небір әдебиеттер әлі күнге дейін шаң басып жатыр. Себебі біз оларды оқи алмай, қиналдық. Ал латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі буын трагедияға ұшырамайды. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән берген жөн. Яғни бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Өйткені латын графикасында жазғанның жөні осы деп әркім өз білгенімен әртүрлі таңбаны қоя берсе, мұның соңы сауатсыздыққа әкеліп соғады. Осының алдын алу қажет. Төртіншіден, балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу процесінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Мұны тез арада қолға алған жөн. Сондай-ақ латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.

2. Басты мәселемен байланысты ғаламдық проблемаларды жазып, көзқарасыңызды білдіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

Бүгінгі таңда қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыға түсуде. Қабылданған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын талқылай отырып, «Латын әліпбиіне көшу керек пе, жоқ па?» тақырыбында эссе жазыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Стюардесса қызметіне әуе команиялары қандай талаптар қояды? Кем дегенде 5 талапты көрсетіңіз.

2) Стюардесса мамандығының қандай мүмкіндіктері бар? Кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.

3) Стюардесса мамадығы бойынша мансапта өсу үшін қызметкер қандай сынақтардан өтеді? 1-2 мысал келтіріңіз.
«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға жетелейді. Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.
2. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.

 

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

1. Өлеңді оқып, идеясын анықтаңыз. М.Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз» Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс, Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар. Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз. Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда. He бетімізді айтамыз Болашаққа? Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар, Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес, Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! …Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады, Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар

2. Өлең шумақтары негізінде қарапайым жоспар құрыңыз.

1)

2)

3)

3. Идея мен жоспар бойынша автор ойына қатысты өз пікіріңізді «ПТМС формуласы» негізінде түсіндіріңіз. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …»; Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»; Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: …».

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

Жағдаятқа байланысты жұбыңызбен диалог құрыңыз. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз, сөйлеу этикетін ескеріңіз. Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: қош келдіңіз, өтінемін, жолыңыз болсын, көмектесіп жіберіңіз, көмегіңізге рақмет, алғысым шексіз, оқасы жоқ, т.б.
Жағдаят: Сіз отбасыңызбен Түркияға жолға аттандыңыз. Ұшақта жаныңызда отырған шетелдік жолаушының өзге тілде айтқан сөзін түсінбедіңіз. Сіз стюардессаны шақырып, көмек сұрадыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

Жанрлық ерекшелігін сақтап, стюардессаның лауазымдық қызметі туралы нұсқаулық жазыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.

Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар. _____________________________________________________________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.

Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған. Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді. Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.

2. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді мағынасы жақын балама сөздермен аусытырып жазыңыз. Үлгі: Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. Әйелдердің көнеден келе жатқан сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
1) Қыздардың бас киімі кестемен тігілген. ___________________________________________________

2) Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. ___________________________________

3) Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген. ________________________________

4) Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген. _______________________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

1. Мәтінді екі рет тыңдап, көзделген аудиториясын анықтаңыз.
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған. Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді. Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген. Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың жыл басы Наурыз мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес. Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды. Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді. Мұның басқа жолын іздестірген абзал. Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру. Еліктегіш жастардың бір-екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе, бұл үрдіс сәнге айналып кетуі әбден мүмкін. Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде тігу, кеңсе киімдерін қазақы ою өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі мақсатымыз.
Мәтіннің көзделген аудиториясы

2. Автордың ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

Кеста-сызбадағы ақпараттармен танысыңыз. Ондағы ақпраттарды бір-бірімен салыстыра отырып, жағдайға баға беріңіз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

Еліміздің киноиндустрия саласында көшпелілер тарихы туралы сапалы фильмдер аз екені белгілі. Осы мәселеге қатысты ойыңызды жергілікті газет бетіне шағын мақала түрінде жариялаңыз. Мақалада берілген тіркестерді қолданыңыз.
Көрерменнің жүрегіне жол табу, ерекше әсер, сынға ұшырау, «көш жүре түзеледі», мәдени мұра, рухани жаңғыру,көрерменге жол тарту, жауһар эпостарымыз

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Транскрипт
«Күлтегін» жыры жер мен көктің, адам баласының жаралуы туралы философиялық толғаудан басталады. Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген.
Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді», – дейді. Солай жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

1. Осы жыр қандай философиялық толғаудан бастау алады?
A. батырлар өмірін көпке жария етуінен
B. атақты адамдардың өмірін дәріптеуінен
C. аспан мен жердің, адамзаттың жаралуынан
D. түркі халықтарының өмірін насихаттауынан

2. Қуатты мемлекет орнатып, түгел түркінің басын қосқан кім?
A. Білге
B. Бумын
C. Күлтегін
D. Темір

3. Күлтегінді жоқтауға кімдер келген?
A. хандар, уәзірлер
B. сұлтандар, хандар
C. елшілер, батырлар
D. билеушілер, тайпалар

4-5. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай 2 ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1-2. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.______________

3. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған?______________

4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?______________
5. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз._________________

Смотреть ответ
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 1 четверть

Берілген екі сұрақтың қайсысына жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (+) қойыңыз.

1                     2
A. Қазақ жазуының даму жолы
Қалалық байқауға қатысқалы жатырсыз делік. «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз.

B. Көшпенділер мәдениеті
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.
__________________

Смотреть ответ