СОЧ № География 8 класс

Назад
География - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді қолдана отырып, сұрақтарға жауап жазыңыз. Зерттеудің картографиялық әдісі-бұл оларда бейнеленген құбылыстарды ғылыми және практикалық білуге арналған карталар арқылы қажетті ақпаратты алуға негізделген зерттеу әдісі. Картографиялық әдіс Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде ерекше маңызға ие болды. Бастапқыда карталар тек әртүрлі географиялық объектілерді ӛзара орналастыру және біріктіру, олардың ӛлшемдерін салыстыру, бағдарлау, қашықтықты бағалау үшін пайдаланылды. Ғылыми зерттеулерге арналған тақырыптық карталар тек XIX ғасырда пайда болды. А. Гумбольдт дерексіз ұғымдарды бейнелейтін алғашқы карта жасаушылардың бірі болды. Атап айтқанда, ол ғылымға «изотерма» деген жаңа терминді енгізді — картада жылудың таралуын (жерде кӛрінбейтін) бейнелеуге мүмкіндік беретін сызықтар. В.В. Докучаев топырақ картографиясында топырақтың кеңістіктік орналасуын бейнелеп қана қоймай, генетикалық принцип пен топырақ түзілу факторларын ескере отырып, карталардың шартты белгілерін жасады.

a. Картографиялық әдістің негізгі артықшылығын анықтаңыз. [1] b. Картографиялық әдістің дамуына әсер еткен 2 оқиғаны атаңыз

Решение:

a. Картадан нақты ақпараттар алу мүмкіндігі / картадан әртүрлі ӛлшемдер жүргізу мүмкіндігі
b. Ұлы географиялық ашылулар
Ғылымның дамуы