СОЧ № История Казахстана 8 класс

Назад
История Казахстана - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Ақынның өлең жолдарын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
…Батырдың қала шапқаны
Ноябрьдің алтысы.
Дүйсенбінің күні еді.
Ызасына шыдамай,
Қашаннан батыр жүр еді.
Соңынан еріп көп әскер,
Ақсұңқар құстай түледі.
…Жалтақтап тұрған хандарға,
Ақырып батыр айқайлап,
Қалаға жалғыз кіреді.
Солдатына патшаның
Аш бөрідей тиеді.
Омар Шипин

Ақын, Омар Шипиннің негізгі идеясы
1._________________________

2._________________________
1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің қызметі туралы жазыңыз.
Амангелді Иманов ___________________________
Бекбдолат Әшекеев_______________________
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызына екі дәлел келтіріңіз._________________

Решение:

Бұл өлең жыраулар поэзиясы үлгісінде, батырлық рухта жазылған. 1916 жылғы көтеріліс барысындағы батырлардың ерлігін көрсетуге бағытталған.

Амангелді батырдың екпінін ақын «ақсұңқар құсқа», «ашбөріге» теңейді. Халықтың мұң – мұқтажын басты мақсат еткен батыр болды.
Бекболат Әшекеев қазақ халқының тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты, дәстүрлі ел басқару жүйесін қалыпына келтіруге қадам жасады

1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс басылып тасталды. Бірақ ол тарихта ізсіз кеткен жоқ: халық бұқарасының ұлттық санасын оятты, отаршылдыққақарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрескер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті