СОЧ № История Казахстана 8 класс
Назад
Задание:
Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуына қатысты терминдер мен цифрларға анықтама беріңіз. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.
Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз. 1. 2. 3.
Решение:
1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.
Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз. 1. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. 2. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді. 3. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.