СОЧ № История Казахстана 8 класс

Назад
История Казахстана - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне дәлел келтіріңіз.

Решение:

Әміре Қашаубаев:
1. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.
2. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
3. Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.
Қажымұқан Мұңайтпасов:
1. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. 2. 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.
3. 1914 жылы Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Қорытынды
Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлыны ХХ ғасырдың ең биік тұлғаларының бірі. Сол заманда қазақ халқын әлемге танытқан ең ірі тұлғалар болды