СОЧ № Химия 8 класс

Назад
Химия - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Судың ластануы — бұл күрделі экологиялық мәселе.
(а) Судың ластанудың екі себебін және оның қоршаған ортаға келтіретін салдарын сипаттаңыз.
(b) Кермек суды қолдану барысында қыздыратын құралдардың ішінде ақ түсті қақ пайда болады.
(і) Қақтың түзілу себебін түсіндіріңіз.
(іі) Судың тұрақсыз кермектілігін жою әдісін атаңыз.
(с) Тұрақты кермектіліктің уақытша кермектіліктен айырмашылығы қандай? Тұрақты кермектілікті жою әдісін жазыңыз.

Решение:

(а) Судың ластану себебі:
Қалдық сулар: Лас және улы сұйықтықтар өзен-көлдерге құйылады, сонымен қатар тұрмыстық қалдық сулардың құрамында химиялық заттар болады.
Өндіріс қалдықтары: олардың құрамында химиялық заттар болады, олар өзен-көлдерге құйылып, балықтар мен өсімдіктердің өлуіне әкеледі.
Ауылшаруашылық қалдықтары: егін егу кезінде тыңайтқыштардың артық мөлшерде қөлдануы көл-өзендерге кедергі келтіреді, “Судың гүлденуі” басталады.
Мұнайдың төгілуі: мұнай өнімдері тірі ағзаларға көптеген кері әсерлерін тигізеді.
Қатты қалдықтар: қоқыстар күні сәулесінің түсуіне кедергі жасайтын болғандықтан көптеген үдерістердің бұзылуына алып келеді
Атмосфералық ластану: ең зардабы мол күл, күйе, қышқыл жаңбыр туындататын т.б. газдармен ластану
(b) (i) Ca(HCO3)2 = CaCO3 + CO2 + H2O / кермек суды қайнатқанда гидрокарбонаттар кальций немесе магний карбонаттары түрінде тұнба болы су түбіне шөгеді.
(b) (iі) Қайнату
(с) Хлорид және сульфат иондарының болуы
Тұрақты кермектілікті сода қосу немесе кейде натрий фосфатын қосу арқылы жояды.