СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту

Задание:

Берілген суреттер бойынша мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын және үндестік заңын дұрыс қолданыңыз.

Решение:

1) Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді

2) Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады

3) Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған

4) Тамақ пісіруімен байланысты адамның әрекет аумағы. Жабдықтар, рецепттер және технологиялар кешенінен тұрады. Тамақ пісіру әдісі әр елдерде өз халқының дәстүрі мен діліне байланысты түрліше іске асады