СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Корей мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл — бастапқы, 3 жыл — орта, 3 жыл — толық орта мектепте. Бұл жүйе Корея тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан басталып, «6-3-3» деп белгіленеді. Корея мектептік білімінің аталмыш үш сатысы бір-бірінен өзгеше және де осы үш саты әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені ондағы оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты.
Кореяда әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ. Мектеп бағдарламасы барлық елге бірдей. Пәндерді таңдау мәселесі тіпті жоғары сыныптарда шектеулі.
Корея оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған. Осы себепті бүгінде бұл ел мектептерді компьютермен жабдықтап, интернетпен байланыс орнату жөнінен Сингапурдан кейін екінші орында тұр.
Жалпы елдегі мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған. Қазіргі Корея оқушылардың жоғары оқу орындарына қабылдануы жағынан және сол арқылы Батыс Еуропа елдерін басып озғандығымен әлемде бесінші орынды иемденеді.
Кореяда балалар 12-17 жасынан тынбай еңбек етеді, білім алады. Сондықтан болар корей көшелерінде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын. Олардың барлығы өз уақыттарын қажетті курстар және факультативтермен өткізеді.

А. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер не себепті жоқ?
_______________
В. Кореяның мектептік жүйесі неге бағытталған?
_______________

Корея мен Қазақстандағы білім беру жүйесін салыстырыңыз.

Решение:

А) Кореяда әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ. Мектеп бағдарламасы барлық елге бірдей. Пәндерді таңдау мәселесі тіпті жоғары сыныптарда шектеулі.

В) Жалпы елдегі мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған

Мектепте білім алу мерзімі:

Корея:12

Қазақстан:11

Пәндерді тереңдетіп оқу:

Корея: пәндерді тереңдетеліп оқымайды

Қазақстан: пәндерді тереңдетіп оқымайды

Ақпараттық технологияларды еңгізу:

Корея: жақсы дамыған

Қазақстан: қарқынды даму үстінде