СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Задание:

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут).

Диалог тақырыптары:
1. Жабайы жануарлар
2. Хайуанаттар бағында
3. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар
4. Үй жануарлары
5. Адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер
6. Жануарлар туралы ертегілер

Решение:

— Достым, бір сұрақ қойсам, жауап бере алады ма екенсің?

— Білмеймін, қане сұрап көр. Тексерейік.

— Қызыл кітап не үшін керек?

— Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды енгізіп, оларды қорғауға алу үшін бе?

— Дұрыс айтасың. Ал елімізде «Қазал кітапқа» енген өсімдіктерден бір–екеуін атай аласың ба?

— Қиын сұрақ екен. Жауап бере алмаймын. Ал сен ше білесің бе?

— Мен де бұрын біле қоймайтынмын. Ал қазір биология пәнінен өтетін республикалық жарысқа дайындалып жүргендіктен, оқып жаттап жүрмін.

— Сонда қандай өсімдіктер енгізілген екен?

— Жалпы «Қызыл кітапта»140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген екен. Әрине, мен әлі бәрін оқып үлгерген жоқпын.

— Сонда «Қызыл кітапқа» өсімдіктерге не үшін енгізеді екен?

— Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.

— Сонда мен дұрыс түсінсем, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады ма?

— Дұрыс айтасың. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарғалдақ, қызғалдақ, кілегей т.б секілді өсімдіктерді жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

— Мен ол жағын білмеппін, енді біліп жүретін болдым