СОР № 1 Казахский язык 5 класс Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

«Тілдарын» мектепішілік байқауы
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiлдарын» байқауы өткiзілді. Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын.
Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау:
1. Өзін-өзі таныстыру. «Тұсаукесерін» өткiзу;
2. «Үш тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ.

 

Решение:

Көтеріліп отырған мәселе халықтың патриоттығын нығайту және өзге ұлттардың тілін меңгеру мақсатында өткізіп жатқан тілдарын байқауы. Байқау 3 тілде өткізіледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде.Көп тіл білу өте пайдалы. Тіл білсең өзіңде барлық жерде еркін жүресің.