СОР № 1 Казахский язык 5 класс Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Задание:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтап, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз.

Хабарландыру
2016 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін 7-11-сынып оқушылары арасында «Тілдарын» мектепішілік байқау өткізіледі.
Сайыстың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқау төмендегідей кезеңнен тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру «Тұсаукесерін» өткiзу;
2. «Үштұғырлы тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Өтетін орны: Шымкент қаласы, физика-математика бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәжіліс залы.
Басталуы: сағат 15:30-да

Келемін деушілерге есік ашық!

Решение:

Кіріспе: Тілдарын мектепшілік байқауы өткізілуі

Негізі бөлім: Байқаудың 4 кезеңі

Қорытынды: Өтетін орны және уақыты

Сайыстың мақсаты: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және басқа қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту.

Өтетін орны: Шымкент қ. Физика- математика бағыты Назарбаев зияткерлік мектебінің мәжіліс залы

Уақыты:  15:30